1. Оңтүстік Қазақстан облысында жәрдемақыларды төлеумен байланысты жағдайды зерделеу, олардың тағайындалуының және азаматтар өтініштерінің кері қайтарылуының негізділігін қарау мақсатында мынадай құрамда комиссия құрылсын:
Бәйменов Әлихан - Қазақстан Республикасының Еңбек
Мұхамедияұлы және халықты әлеуметтік қорғау
министрі, төраға
Өмірбаев Әділхан - Қазақстан Республикасының Еңбек
Әбдірахманұлы және халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрі, төрағаның
орынбасары
Комиссия мүшелері:
Төлеметов Қуанышбек - Қазақстан Республикасының
Парламенті Мәжілісінің депутаты
(келісім бойынша)
Сәбден Оразалы - Қазақстан Республикасының
Парламенті Мәжілісінің депутаты
(келісім бойынша)
Толқаншынов Әнуар - Қазақстан Республикасының Әділет
Құрманбайұлы вице-министрі
Сәрсеков Бексұлтан - Қазақстан Республикасының
Сәрсекұлы Ішкі істер вице-министрі
Мусина Лилия - Қазақстан Республикасының Ауыл
Сәкенқызы шаруашылығы вице-министрі
Слажнева Татьяна - Қазақстан Республикасының
Ивановна Денсаулық сақтау ісі жөніндегі
агенттігі төрағасының орынбасары
Нәубетова Рашида - Қазақстан Республикасының
Аронқызы министрі - Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы Отбасы
және әйелдер істері жөніндегі
ұлттық комиссия төрайымының
кеңесшісі
Мұқанова Сәуле - Қазақстан Республикасының Қаржы
Шаймұханқызы министрлігі Бюджет
департаментінің Денсаулық сақтау
және әлеуметтік қорғау басқармасы
бастығының орынбасары
Ысқақова Саида - "Шағын несие" Ғылыми-өндірістік
Қуанқызы бірлестігі республикалық қоғамдық
қорының директоры (келісім
бойынша)
2. Комиссия белгіленген тәртіппен:
1) Ағымдағы жылдың 24 сәуірі - 6 мамыры аралығындағы мерзімде жәрдемақылар тағайындау және оларды тағайындауға өтініштерді қанағаттандырудан мемлекеттік органдардың бас тартуының негізділігі мәселелері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы азаматтарының шағымдарын туындатқан барлық мән-жайды жергілікті жерге барып зерделесін;
2) жұмыс қорытындылары бойынша облыстың әкіміне туындаған проблемаларды шешу жөнінде қажетті ұсынымдарды дайындасын;
3) 2001 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасының Үкіметіне іссапардың нәтижелері туралы есепті тапсырсын және қажет болған жағдайда тиісті ұсыныс енгізсін.
3. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының басшылары Комиссияның тиісті мүшелерінің Оңтүстік Қазақстан облысына 2001 жылғы 21 сәуірде шығуын және олардың ағымдағы жылдың 6 мамырына дейін жергілікті жерде жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
4. Комиссияға белгіленген тәртіппен оның жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдерін тартуға рұқсат берілсін.
5. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.М.Сапарбаев Комиссияның жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі