Жалақы төлеу жөніндегі берешекке талдау жасау үшін жұмыс тобын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ӨКІМІ 1998 жылғы 1 қазан N 189. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.25. N 1176 қаулысымен.

     1. Жалақы төлеу жөніндегі берешекке талдау жасау және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың оны өтеу жөніндегі мәселелерді жедел шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жанынан мына құрамда жедел жұмыс тобы құрылсын:    

Радостовец Николай            Қазақстан Республикасының Еңбек
Владимирович                  және халықты әлеуметтiк қорғау
                              министрi, жетекшi<*>    

               Жұмыс тобының мүшелері:

          Қайырбеков Қайрат             Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Құзайырұлы                    кiрiс министрлiгiнiң Салық полициясы
                              комитетi төрағасының бiрiншi
                              орынбасары<*>

Константинов                  Қазақстан Республикасы Бас
Анатолий Васильевич           Прокурорының орынбасары
                              (келiсiм бойынша)<*>

Қынатов Марат                 Қазақстан Республикасының
Полатұлы                      Энергетика, индустрия және сауда
                              министрлiгi Инвестициялық саясат
                              және мониторинг департаментiнiң
                              директоры<*>

Смайылов Әлихан               Қазақстан Республикасы Статистика
Асханұлы                      жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы<*>

Нұрпейiсов Қайрат             Қазақстан Республикасының
Айтмұхамбетұлы                Мемлекеттiк кiрiс вице-министрi<*>

Коржова Наталья               Қазақстан Республикасының Қаржы
Артемовна                     вице-министрi<*>   

Абдулина Н.К.                 Қазақстан Республикасы Ұлттық
                              Банкі төрағасының орынбасары
                              (келісім бойынша)    

Уәйісов М.К.                  Қазақстан Республикасы Әділет
                              министрінің орынбасары   

Молдажанов Р.К.               Қазақстан Кәсіподақтары
                              федерациясы төрағасының
                              орынбасары (келісім бойынша)    

Соломин Л.З.                  Қазақстан Ерікті кәсіподақтары
                              конфедерациясының президенті
                              (келісім бойынша)    

     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.01.22. N 13 өкімімен
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осыған ұқсас мәселелерді шешу мақсатында ұсыныстар әзірлеуі үшін аумақтық жұмыс топтарын құрсын және заңдарда белгіленген тәртіппен барлық меншік нысанындағы ұйымдардың жалақы төлеу жөніндегі берешектерін жою бойынша шаралар қабылдасын.
      3. Жұмыс тобының жетекшісі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ай сайын, әр айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне атқарылған жұмыс туралы хабарлап отырсын.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады