Жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшерлерін, аудандық коэффициенттерді белгілеу, бұрын 1992 жылға дейін, 1992-1994 жылдары, 1994 жыл - 1996 жылғы шілде кезеңінде тағайындалған зейнетақыларды қайта есептеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияны құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 7 наурыз N 282. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.25. N 1176 қаулысымен.

     Қазақстан Республикасы Парламентінің 2001 жылғы 10 желтоқсандағы N 106-ІІ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшерлерін, аудандық коэффициенттерді белгілеу, бұрын 1992 жылға дейін, 1992-1994 жылдары, 1994 жыл - 1996 жылғы шілде кезеңінде тағайындалған зейнетақыларды қайта есептеу мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін мына құрамда комиссия құрылсын:    

Қарағұсова            - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлжан Жанпейісқызы     халықты әлеуметтік қорғау министрі,
                        комиссияның төрайымы;

Бахмутова             - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Елена Леонидовна        халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі,
                        комиссия төрайымының орынбасары;

Комиссия мүшелері:

Әбдіқалықова          - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы       халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
                        Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік
                        көмек департаментінің директоры;

Әбілхан               - Қазақстан Республикасының Парламенті
Машани                  Сенатының депутаты (келісім бойынша);    

Қайсаров              - Қазақстан Республикасының Парламенті
Уәлихан Әбішұлы         Сенатының депутаты (келісім бойынша);

Кесікбаев             - Қазақстан Республикасының Қаржы
Сұлтанғали Қабденұлы    министрлігі Мемлекеттік органдарды
                        қаржыландыру департаментінің директоры;

Кожевников            - Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар
Валерий Владимирович    федерациясы департаментінің директоры
                        (келісім бойынша);

Котович               - Қазақстан Республикасының Парламенті
Валерий Николаевич      Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);

Макалкин              - Қазақстан Республикасының Парламенті
Валентин Иванович       Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);

Мүсенова              - Қазақстан Республикасының Экономика
Галина Ақайқызы         және сауда министрлігі Аймақтық және
                        әлеуметтік саясат департаментінің директоры

Калюжный              - Қазақстан Республикасы Әділет
Вячеслав Афанасьевич    министрлігінің Заңнама департаментінің
                        директоры;

Оразалинов            - Қазақстан Республикасының Парламенті
Шаймерден               Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);
Әбілмәжінұлы    

Хамзин                - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Рүстем Назымбекұлы      халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
                        Әлеуметтік саясат департаментінің
                        директоры.
     2. Комиссия 2002 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшерлерін, аудандық коэффициенттерді белгілеу, бұрын 1992 жылға дейін, 1992-1994 жылдары, 1994 жыл - 1996 жылғы шілде кезеңінде тағайындалған зейнетақыларды қайта есептеу мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметінеұсынсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады