Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары үшiн автомобильдер сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 тамыздағы N 861 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк органдардың тiзбесiнде және 2003 жылға арналған республикалық бюджеттe 203 "Мемлекеттiк органдар үшiн автомашиналар паркiн жаңарту" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сатып алынатын техниканың санында:
"Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы" деген 2-тармақта:
"Фольксваген Пассат" деген жолдағы "36" деген сандар "39" деген сандармен ауыстырылсын;
"Жиыны" деген жолдағы "56" деген сандар "59" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі