Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 тамыздағы N 861 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1200 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары үшiн автомобильдер сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 тамыздағы N 861 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк органдардың тiзбесiнде және 2003 жылға арналған республикалық бюджеттe 203 "Мемлекеттiк органдар үшiн автомашиналар паркiн жаңарту" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сатып алынатын техниканың санында:
      "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы" деген 2-тармақта:
      "Фольксваген Пассат" деген жолдағы "36" деген сандар "39" деген сандармен ауыстырылсын;
       "Жиыны" деген жолдағы "56" деген сандар "59" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады