Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары үшiн автомобильдер сатып алу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 тамыздағы N 861 қаулысы

      "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған мемлекеттiк органдардың тiзбесi және 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 203 "Мемлекеттiк органдар үшiн автомашиналар паркiн жаңарту" республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сатып алынатын техниканың саны бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша) белгiленген тәртіппен жоғарыда көрсетiлген тiзбеге сәйкес автомобильдер сатып алсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасымен бiрлесiп (келiсiм бойынша) белгiленген тәртiппен сатып алынған автомобильдердi тиiстi мемлекеттiк органдардың теңгерiмiне берсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2003 жылғы 26 тамыздағы 
N 861 қаулысымен     
бекiтiлген        

Мемлекеттiк органдардың тiзбесi және 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 203 "Мемлекеттiк органдар үшiн автомашиналар паркiн жаңарту" республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сатып алынатын техниканың саны

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.11.28. N 1200 қаулысымен .
 

  ___________________________________________________________________
р/с|   Мемлекеттiк      |                            |  Саны,
N | органның атауы     |    Автомобильдiң атауы     | бiрлiк
___________________________________________________________________
1   Қазақстан               Мерседес-Бенц, S класы      10
     Республикасының         "Хундай Каунти"              2
     Президентi Іс           автобусы, 45 орындық
     басқармасының
     Шаруашылық
     басқармасы

2   Қазақстан               Мерседес-Бенц, S класы       1
     Республикасы            Мерседес-Бенц, E класы       2
     Парламентiнiң           Фольксваген Пассат          39
     Шаруашылық              Жолсызбен жүретiн            2
     басқармасы              автомобиль
                             Aвтoбус, 18-24 орындық       2
                             "ГАЗ-ель" шағын автобусы     1
     Жиыны                                               59
___________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады