Жоқ болған заңды тұлғалар мен жоқ болған борышкерді, сонымен қатар өздерінің қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларды таратудағы сот практикасы туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 5 Нормативтік қаулысы.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "талапкер", "Талапкер", "талабы", "талаптан" деген сөздер тиісінше "талап қоюшы", "Талап қоюшы", "талап қоюы", "талап қоюдан" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      Өздерінің қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларды (бұдан әрі - жоқ заңды тұлғалар мен жоқ борышкерлерді) тарату туралы заңнаманы сот тәжірибесінде біркелкі түсіндіру және қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

      1. Заңды тұлғаны тарату Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 49-бабының 2-тармағында және өзге де заңнамалық актілерде көзделген негіздер бойынша соттың шешіміне сәйкес жүзеге асырылатынына соттардың назары аударылсын.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тоқтату ерекшеліктері АК-нің 21-бабында, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 39, 53-баптарында, "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V Заңының (бұдан әрі - Заң) 7, 8 және 9-тарауларында қарастырылған.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 23, 2011.12.30 № 5; 29.11.2018 № 18 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      2. Жоқ заңды тұлғалар мен жоқ борышкерлер үшін заңнамамен таратудың арнайы негіздемелері мен жеңілдетілген тәртібі қарастырылған.

      Заңның 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес жоқ борышкер – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әрекетсіз деп танылған, оның, сондай-ақ құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының жоқтығы Заңда айқындалған тәртіппен белгіленген борышкер.

      Салық органдары жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей Салық кодексінде белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін салық кезеңі үшін салық декларациялары мен Салық кодексінің 91-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген мәліметтерді ұсынбаған салық төлеушілерді әрекет етпейтін салық төлеушілер деп тану туралы бұйрық шығарады.

      Заңды тұлға, егер ол орналасқан жері бойынша немесе нақты мекенжайы бойынша болмаса, егер оның заңды тұлға бір жыл бойы оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылары (қатысушылары) және лауазымды адамдары болмаса, егер ол заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметті жиі жүзеге асырудан, қызметін тиісті лицензиясыз не заңнамалық актілермен тыйым салынған қызметті жүзеге асырудан көрінетін заңнаманы өрескел бұза отырып, қызметті жүзеге асырса, АК-нің 49-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес таратылуы мүмкін.

      Жоқ заңды тұлғаны және жоқ борышкерді тарату тек сот тәртібімен жүзеге асырылады.

      Жоқ заңды тұлғаны және жоқ борышкерді тарату тәртібі оның несиелік берешегінің (несие берушілерінің) болуына не болмауына байланысты анықталады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 23, 2011.12.30 № 5; 29.11.2018 № 18 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      3. Мұның өзі АК-нің 49-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес заңнаманы өрескел бұзу болып табылады. Егер тиісті заңды тұлғаның құрылтайшысы не оны басқару жөніндегі функцияларды орындайтын жеке тұлға (тұлғалар) ашқан заңды тұлғаны құруды, қайта құруды, таратуды, сондай-ақ оның қызметін регламенттейтін және (немесе) реттейтін ұлттық заңнаманың, ратификацияланған халықаралық шарттардың нормаларын қасақана немесе абайсызда көрінеу және елеулі бұзушылық шын мәнісінде теріс немесе заңды салдарды тудырса не тудыру үшін нақты қауіп төндірсе, ондай заң бұзушылықты заңды тұлғалардың қызметін жүзеге асыру кезінде заңнаманы өрескел бұзушылық деп есептеген жөн.

      АК-нің 49-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында аталған жоқ заңды тұлғаның кез келген белгілері жекелеп алғанда, сондай-ақ заңды тұлғаның несие берушілерінің болмауы заңды тұлғаны тарату үшін өз алдына бөлек негіздеме болып табылмайды.

      Тұрған орнында немесе нақтылы мекен-жайында жоқ, сондай-ақ құрылтайшылары (қатысушылары) мен лауазымды адамдары жоқ заңды тұлға, егер осы заңды тұлға өз қызметін уақытша тоқтатса, бірақ салықтық есебін уақытында, белгіленген мерзімде ұсынып отырса АК-нің 49-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес таратылуға тиіс емес.

      Лауазымды тұлғалары жоқ, бірақ заңды тұлғаның қызметі үшін жауапкершілік көтеретін және лауазымды тұлғаларды тағайындауға (сайлауға) құқылы құрылтайшылары (қатысушылары) бар заңды тұлға көрсетілген тәртіппен таратылуға тиіс емес.

      Жоқ заңды тұлғаның салықтық есебін ұсынбауын жұмыс істейтін заңды тұлғаның есепті ұсыну мерзімдерін бұзуынан ажырата білу керек. Тіркеу орны бойынша орналасқан (демек бар) және өз қызметін жүзеге асыратын, бірақ салықтық есебін белгіленген мерзімде ұсынбайтын заңды тұлғалар, құрылтайшылар (қатысушылар) не лауазымды тұлғалар осы заң бұзушылықтары үшін қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте жауапкершілік көтереді.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.12.30 № 5; 29.11.2018 № 18 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      4. АК-нің 49-бабының 3-тармағына сәйкес, жоқ заңды тұлғаны тарату туралы талапты сотқа заң актілерімен мұндай талаптарды қою құқығы берілген мемлекеттік орган, ал банкрот болған жағдайларда - сондай-ақ несие берушілер қоюы мүмкін. Мұндай құқық, атап айтқанда, Салық кодексінің 19-бабымен салық органдарына берілген.

      Салық органдары АК-нің 49-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша соттарға заңды тұлғаны тарату туралы талаптар қоюға құқылы.

      Тиісті лицензиясыз қызметін жүзеге асыруына байланысты заңды тұлғаны тарату туралы талапты қою құқығына лицензиар ие болады.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңның 133-бабының 1-тармағына сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорынды Қазақстан Республикасының Үкіметі, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынды жергілікті атқарушы органдар немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және жергілікті қоғамдастық жиналыстың келісімі бойынша – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты құрады.

      Салық органдары мәжбүрлі түрде таратуға (есептік тіркеуден шығаруға, қызметін тоқтатуға) жататын субъектілердің тізбесіне енгізілген субъектілерге қатысты мәжбүрлі түрде тарату (есептік тіркеуден шығару, қызметін тоқтату) туралы талап қоюларын күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей сотқа жолдайды.

      Республикалық заңды тұлғаны, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімімен тиісті саланың уәкілетті органы таратады. Коммуналдық заңды тұлғаны жергілікті атқарушы орган немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімімен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауыл округі әкімінің аппараты таратады.

      Мемлекеттік мекеменің өзі құрылтайшы болған жұмыс істемейтін басқа мемлекеттік мекемені тарату туралы талап қоюы қанағаттандырылуға жатпайды, өйткені осындай заңды тұлғаны тарату рәсімін АК-нің 50-бабына сәйкес сот емес, тарату туралы шешім қабылдаған орган жүзеге асырады.

      Несиелік берешегі бар жоқ заңды тұлға (жоқ борышкер) Заңның 118-бабында белгіленген оңайлатылған рәсімдеу бойынша банкрот болуына (дәрменсіздікке) байланысты АК-нің 49-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сот тәртібімен таратылуға жатады.

      Жоқ борышкерді банкроттық негізде тарату туралы талапты мәлімдеу құқығы Заңның 44, 47-баптарымен несие берушілерге, сондай-ақ прокурорға берілген.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      5. Несие берушілері болмаған жоқ заңды тұлғаны тарату туралы немесе несиелік берешегі бар жоқ борышкерге қатысты банкроттық жөнінде іс қозғау туралы сотқа талап қою кезінде өтініш берушілер заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттарда көрсетілген жерде немесе нақтылы мекен-жайында жоқтығына дәлелдемелерді, сондай-ақ оларсыз заңды тұлға өзінің қызметін жүзеге асыра алмайтын құрылтайшылардың, қатысушылардың және лауазымды адамдардың жоқтығына дәлелдемелерді ұсынуға міндетті. Осы орайда заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттарында көрсетілген жерде немесе нақтылы мекен-жайда жоқтығының заңмен белгіленген мерзімінің өткені борышкерлер үшін - алты ай ішінде, жұмыс істемейтін заңды тұлғалар үшін - өтініш беруші сотқа жүгінгенге дейін бір жыл ішінде расталуға тиіс.

      Мұндай дәлелдемелер жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, тиісті ауданның (қаланың) аумағында кәсіпкерлік қызметке бақылауды жүзеге асыратын өзге органдардың, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсететін органдардың актілері, анықтамалары немесе өзге де құжаттары болуы мүмкін. Заңды тұлғаның жоқтығына сондай-ақ байланыс органдарының соттың заңды тұлғаның атына жіберген жоқ заңды тұлғаны тарату туралы өтініштің және іс бойынша іс қозғау туралы сот ұйғарымының көшірмелерін адресаттың жоқтығы немесе оның шығып кеткені туралы белгі соғып, кері қайтаруы, сонымен қатар корпорациялық табыс салығы туралы (жиынтық жылдық табыс пен жасалған шегерімдер туралы) декларацияны немесе оңайлатылған декларацияны заңда белгіленген табыс ету мерзімінен кейін бір жыл өткен соң табыс етпеуі дәлелдеме болып табылады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      6. Заңды тұлға оларсыз өз қызметін жүзеге асыра алмайтын (жұмыс істей алмайтын) адамдардың шеңберін әрбір нақтылы жағдайда жарғылық құжаттар негізінде сот анықтайды. Жоқ заңды тұлғаны (борышкерді) тарату туралы өтінішпен сотқа жүгіну кезінде өтініш берушілер құрылтайшылық құжаттарды не құрылтайшылық құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін, сондай-ақ осы заңды тұлғаны заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәландыратын құжаттарды ұсынуға міндетті.

      Оларсыз заңды тұлғаның қызметін жүзеге асыру (жұмыс істеу) мүмкін болмайтын, жарғылық құжаттарда көрсетілген лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ құрылтайшылар мен қатысушылардың - жеке тұлғалардың жоқтығы олардың кетіп қалғаны туралы құжаттармен, тұрмайтыны жөнінде куәгерлердің айғағымен, басқа да дәлелдемелермен расталуы мүмкін.

      Заңды тұлға белгіленген тәртіппен қызметтен босатқан тұлғалар, тіпті оның тұрғылықты орны белгілі болса да және олар сот отырысына келсе де жұмыс істемейтін заңды тұлғаның (жоқ борышкердің) тиісті өкілдері болып танылмайды.

      Егер басқа тұлғалар жоқ заңды тұлғаның, оның ішінде борышкердің дара құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылса және олар заңмен белгіленген тәртіппен таратылса, онда осы мән-жай да заңды тұлғаның құрылтайшысының (қатысушысының) болмағанына дәлелдеме болып табылады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      7. Заңды тұлғаның қызметін оларсыз жүзеге асыру мүмкін болмайтын лауазымды тұлғалардың өлгені туралы, әрекет қабілеттілігін тану, бас бостандығынан айыруға соттау не қызметтің белгілі бір түрімен айналысу құқығынан айыру, хабарсыз кетті деп тану туралы немесе дара құрылтайшылардың (қатысушылардың) - жеке тұлғалардың (құқығын иеленуші болмаған кезде) өлгені туралы құжаттарды соттар дәлелдемелер ретінде қабылдауы мүмкін.

      Мұндай жағдайда заңды тұлғаны тарату туралы талап аталған оқиғалар орын алған күннен бастап алты ай (бір жыл) өткенге дейін де қойылуы мүмкін.

      8. Жоқ борышкерлердің несиелік берешегінің бары немесе жоқ заңды тұлғаның несие берушілерінің болмауы олардың салық органдарына соңғы тапсырған салықтық есебіне, баланстарына, анықтамаларына, өзге құжаттарына түсіндірмелер беру арқылы расталуы мүмкін.

      Жоқ заңды тұлғаның (жоқ борышкердің) несие берушілерінің немесе несиелік берешегінің болуы немесе болмауы туралы өтінішпен бірге ұсынылған дәлелдемелерге байланысты сотқа жүгінген талап қоюшы АК-нің немесе Заңның тиісті баптарына сілтеме жасай отырып, жоқ заңды тұлғаны (жоқ борышкерді) тарату туралы талапты мәлімдеу үшін заңмен көзделген негіздемелерді көрсетуге міндетті.

      9. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 31-тарауында және Заңның 44, 45, 46, 47-баптарында көзделген жоқ борышкерді тарату туралы арыздарды, олардың банкроттығы туралы сотқа берілген арыздарды ресімдеуге қойылған талаптарды соттар осы санаттағы істердің ерекшеліктерін ескере отырып қолданғандары жөн.

      Несие берушілердің борышкерге қояр талап сомасы жөнінде Заңның 5-1-бабының 1), 2) тармақшаларында белгіленген шектеулер жоқ борышкерге қатысты қолданылмайды және жоқ борышкердің банкроттығы туралы өтінішті соттар борышкердің қолында қалған берешектің сомасының мөлшеріне қарамастан қабылдайды.

      Салық органдары және прокурор жоқ заңды тұлғаны, сондай-ақ жоқ борышкерді тарату туралы сотқа өтініш беру кезінде мемлекеттік баж төленбейді. Басқа несие берушілер борышкердің банкроттығы туралы өтінішпен сотқа жүгінген жағдайда мемлекеттік баж жалпы тәртіппен төленеді.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 23; 29.11.2018 № 18 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      10. Жоқ заңды тұлғаның (жоқ борышкердің) ұйымдық-құқықтық нысанының қолданыстағы АК-нің 34-бабының талаптарына сәйкес келмеуі, өтініш берушінің сотқа жүгінуі кезінде жоқ заңды тұлғаның (жоқ борышкердің) мүліктерінің барлығы туралы мәліметті ұсынбауы соттың заңды тұлғаны тарату туралы өтінішті қарауға қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

      Заңды тұлғаның заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінде болмауы да, егер осы заңды тұлға қолданыстағы АК-нің қабылданғанға дейін құрылса және оның құрылуын осындай тіркеуді жүргізуге уәкілетті орган тіркеген жағдайда, соттың өтінішті қарауға қабылдаудан бас тартуына негіз бола алмайды.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      11. Жоқ заңды тұлғаны тарату туралы өтініш талап қою ісін жүргізу тәртібімен, жоқ борышкердің банкроттығы туралы өтініш - ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      12. Егер сот жоқ заңды тұлғаны тарату туралы істі қарау кезінде өтініш беруші жоқ деп жариялаған заңды тұлғаның уәкілетті лауазымды адамдары немесе оның құрылтайшылары (қатысушылары) сотқа келсе немесе заңды тұлғаның қызметін жалғастырып жатқанын не таратумен келісетіндіктерін жазбаша мәлімдесе, онда сот осы заңды тұлғаны жоқ заңды тұлға ретінде тарату туралы талап қоюдан бас тартады.

      Несие берушілер (немесе несиелік берешек) тікелей сот отырысы кезінде анықталған жағдайда, сот егер заңды тұлғаны тарату туралы талап тек оның несие берушілерінің жоқтығына байланысты мәлімделсе, онда заңды тұлғаны тарату туралы талап қоюдан бас тартады.

      АК-нің 49-бабы 2-тармағының 3) тармақшасымен несие берушілері болмаған жоқ заңды тұлға үшін белгіленген негіз бойынша заңды тұлғаны таратудан бас тарту несие берушілердің, уәкілетті органның немесе прокурордың сол заңды тұлғаны азаматтық заңнамада көзделген басқа негіздер бойынша тарату туралы қайтадан талап қоюына кедергі келтірмейді.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.12.30 № 5 Нормативтік қаулысымен.

      13. Несие берушінің, прокурордың немесе уәкілетті органның сотқа берген жазбаша өтініші бойынша сот жоқ заңды тұлғаны тарату туралы мәлімделген талаптың негіздерін өзгерту жөніндегі мәселені қарауға құқылы.

      Талап қоюшы өтінішпен сотқа жүгіну кезінде жоқ деп көрсеткен уәкілетті лауазымды адамдардың, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтайшыларының (қатысушыларының) сотқа келіп, өздерінің оларды тарату туралы талаппен, оның ішінде оңайлатылған рәсім бойынша тарату туралы талаппен келісуі өтінішті қанағаттандыру үшін сөзсіз негіз болып табылмайды. Сот талап қоюдан бас тарта отырып, құрылтайшылық құжаттармен өкілеттік алған адамдарға олардың заңды тұлғаны өз еркімен тарату туралы мәселені өз ықтиярлары бойынша шешуге не қолданыстағы заңнамамен көзделген өзге де негіздемелер бойынша мәжбүрлеп тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы екенін түсіндіруге міндетті.

      14. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      15. Жоқ заңды тұлғаны және жоқ борышкерді тарату туралы талаптарды қарау кезінде сот оның құрылтайшылық құжаттарының негізінде оларсыз заңды тұлғаның қызмет етуі мүмкін емес тұлғалардың шеңберін, оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) құрамын анықтауы және заңды тұлғаның болмағандығын және болмаған уақытын растап ұсынылған дәлелдердің жеткілікті екеніне баға беруі қажет.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      16. Уәкілетті орган жоқ болған борышкерді таратуды банкроттық рәсімді қозғамастан Заңның 118-1-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      17. АК-нің 49-бабының 3-тармағына сәйкес заңды тұлғаны таратуды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттер оның мүлкiнің меншiк иесіне, меншік иесі уәкілеттік берген органға, заңды тұлғаны таратуға оның құрылтай құжаттарында уәкiлеттiк берiлген органға, заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату рәсіміне бастамашылық жасаған органға (тұлғаға) не өзге органға (тұлғаға), егер осы органның (тұлғаның) заңды тұлғаны тарату жөнiндегi функцияларды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, жүктелуi мүмкiн.

      Жоқ заңды тұлғаларды тарату және банкроттау рәсімін жүргізу республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатындықтан сот жоқ заңды тұлғаны тарату жөніндегі міндеттерді жоқ борышкерді тарату кезіндегі сияқты уәкілетті органға жүктеуі мүмкін.

      Жұмыс істемейтін заңды тұлғаны тарату АК-нің 50-бабымен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      18. Соттың жоқ заңды тұлғаны тарату туралы шешімі не соттың жоқ борышкердің дәрменсіздігі (банкроттығы) туралы шешімі заңды тұлғаны тарату рәсімдері аяқталғанға дейін заңды тұлғаны заңды тұлғалардың мемлекеттік тізімдемесінен шығарып тастау үшін негіз болып табылмайды.

      Жоқ заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы немесе жоқ борышкерді банкрот деп тану туралы күшіне енген сот шешімінің көшірмесі заңды тұлғаны тіркеуді жүзеге асыратын тіркеуші органға және статистика жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне мәлімет үшін жіберіледі.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      19. Жоқ заңды тұлғаны тарату кезінде табылған мүлік таратуға байланысты шығындардың орнын толтыру үшін жұмсалады, қалған мүлік АК-нің 50-бабының 8-тармағына сәйкес құрылтайшылық құжаттарда көрсетілген мақсаттарға жұмсалады.

      20. Сот тарату рәсімдерін жүргізу жөніндегі міндеттерді жүктеген тұлға сотқа өзінің қызметі туралы қорытынды есепті және тарату балансын ұсынады.

      Сот ұсынылған құжаттарды әрі кеткенде 15 күн мерзім ішінде қарайды және есепті бекіту жөнінде немесе конкурстық іс жүргізуді (таратуды) аяқтау немесе есепті бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

      Егер есепте жоқ заңды тұлғаны немесе жоқ борышкерді тарату кезінде қажетті рәсімдерді жүзеге асыру туралы жеткілікті мәліметтер мен дәлелдемелер болмаған жағдайда сот есепті бекітуден бас тарта алады.

      Егер жоқ борышкердің несие берушілері тарату жүктелген адамның шешіміне, әрекетіне сотқа шағым берсе, онда сот есепті тек дауды қарау бойынша шығарылған сот актісі күшіне енгеннен кейін қарайды.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      21. Уәкілетті органға тарату рәсімін жүргізу міндеті жүктелген кезде оған Заңда көзделген әкімшінің құқықтары мен міндеттері ауысады. Банкротта активтер, сонымен қатар Заңның 7-бабында көзделген негіздер бойынша жарамсыз деп тануға жататын мәмілелер болмаған жағдайда, уәкілетті орган кредит берушілер жиналысына келісу үшін қорытынды есепті және тарату балансын бір ай мерзімде ұсынуға міндетті. Уәкілетті орган кредит берушілер жиналысымен келіскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде қорытынды есеп пен тарату балансын бекіту үшін сотқа ұсынуға міндетті, сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде банкроттың банктік шоттарын жабуға және мемлекеттік кіріс органына салық төлеуші куәлігін және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті (егер ол бар болса) тапсыруға міндетті.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      22. Сот ұйғарымының қарар бөлімінде уәкілетті органға заңды тұлғаны тарату туралы шешімнің және тарату рәсімдерінің аяқталғаны туралы ұйғарымның көшірмесін әділет басқармасының тіркеу органына жіберу жөнінде тапсырма жүктелуге тиіс.

      Өтініш иесі сотқа жүгінген кезде ұсынған жоқ заңды тұлға мен жоқ борышкердің құрылтайшылық құжаттарының түпнұсқалары, егер заңды тұлға Әділет министрлігінің органдарында тіркеуден өтпесе, сот актілерінің көшірмелерімен бірге әділет тіркеу органына тапсырылады.

      Тіркеуші орган заңды тұлғаны тарату туралы бұйрықтың көшірмесін іс материалдарына қосу үшін он күн мерзімнің ішінде сотқа жібереді.

      Тіркеуші орган заңды тұлғаны тарату туралы бұйрық шығарғаннан кейін және бұл туралы Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне тиісті жазба енгізілгеннен кейін ғана заңды тұлғаның таратылуы аяқталды, ал заңды тұлға жұмыс істеуін тоқтатты деп есептеледі.

      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      23. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы

О судебной практике ликвидации отсутствующих юридических лиц и отсутствующего должника, а также юридических лиц, осуществляющих свою деятельность с грубым нарушением законодательства

Нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 18 июня 2004 года N 5.

      Сноска. Заголовок в редакции нормативного постановления Верховного Суда РК от 29.11.2018 № 18 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      Сноска. По всему тексту внесены изменения на казахском языке, текст на русском языке не меняется в соответствии с нормативным постановлением Верховного Суда РК от 07.12.2023 № 4 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В целях единообразного толкования и применения в судебной практике законодательства о ликвидации юридических лиц, осуществляющих свою деятельность с грубым нарушением законодательства (далее - отсутствующих юридических лиц и отсутствующих должников), пленарное заседание Верховного Суда Республики Казахстан постановляет:

      1. Обратить внимание судов на то, что ликвидация юридического лица по решению суда производится по основаниям, предусмотренным пунктом 2 статьи 49 Гражданского кодекса Республики Казахстан (далее - ГК) и иными законодательными актами.

      Особенности прекращения деятельности субъектов частного предпринимательства предусмотрены статьей 21 ГК, статьями 39, 53 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан, главами 7, 8 и 9 Закона Республики Казахстан от 7 марта 2014 года № 176-V "О реабилитации и банкротстве" (далее - Закон).

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 22.12.2008 № 23 (порядок введения в действие см. п. 2 ); от 30.12.2011 № 5(вводится в действие со дня официального опубликования); от 29.11.2018 № 18 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      2. Для отсутствующих юридических лиц и отсутствующих должников законодательством предусмотрены специальные основания и упрощенный порядок ликвидации.

      В соответствии с подпунктом 13) статьи 1 Закона, отсутствующий должник - должник, признанный бездействующим в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), отсутствие которого, а также его учредителя (участника), должностного лица установлено в порядке, определенном Законом.

      Налоговые органы ежегодно, не позднее 30 апреля выносят приказ о признании бездействующими налогоплательщиков, не представивших за налоговый период по истечении после установленного Налоговым кодексом срока налоговых деклараций и сведений, установленных пунктами 2 и 3 статьи 91 Налогового кодекса.

      Согласно подпунктам 3) и 4) пункта 2 статьи 49 ГК юридическое лицо может быть ликвидировано, если оно отсутствует по месту нахождения или по фактическому адресу, если у него отсутствуют учредители (участники) и должностные лица, без которых юридическое лицо не может функционировать в течение одного года, если оно осуществляет деятельность с грубым нарушением законодательства, которое выражается в систематическом осуществлении деятельности, противоречащей уставным целям юридического лица, осуществлении деятельности без надлежащей лицензии либо деятельности, запрещенной законодательными актами.

      Ликвидация отсутствующего юридического лица и отсутствующего должника может быть произведена только в судебном порядке.

      Порядок ликвидации отсутствующего юридического лица и отсутствующего должника определяется в зависимости от наличия либо отсутствия у него кредиторской задолженности (кредиторов).

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 22.12.2008 № 23 (порядок введения в действие см. п. 2 ); от 30.12.2011 № 5 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 29.11.2018 № 18 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 07.12.2023 № 4 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      3. Грубым нарушением законодательства при осуществлении деятельности юридических лиц следует считать умышленное или неосторожное явное и существенное нарушения норм национального законодательства, ратифицированных международных договоров, регламентирующих и (или) регулирующих образование, реорганизацию, ликвидацию, а также деятельность соответствующего юридического лица, совершенное учредителем либо физическим лицом (лицами), выполняющим функции по управлению данным юридическим лицом, если такое нарушение повлекло либо создало реальную возможность наступления негативных фактических или юридических последствий.

      Перечисленные в подпункте 3) пункта 2 статьи 49 ГК признаки отсутствующего юридического лица в отдельности, а также отсутствие кредиторов у юридического лица не являются самостоятельными основаниями для ликвидации юридического лица.

      Не может быть ликвидировано в соответствии с подпунктом 3) пункта 2 статьи 49 ГК юридическое лицо, которое отсутствует по месту нахождения или по фактическому адресу, а также при отсутствии его учредителей (участников) и должностных лиц, если это юридическое лицо временно приостановило свою деятельность, однако своевременно, в установленные сроки, представляет соответствующую налоговую отчетность.

      Не может быть ликвидировано в указанном порядке юридическое лицо, у которого отсутствуют должностные лица, но имеются учредители (участники), которые несут ответственность за организацию деятельности юридического лица и вправе назначать (избирать) должностных лиц.

      Следует различать непредставление налоговой отчетности отсутствующим юридическим лицом от нарушения сроков представления отчетности действующим юридическим лицом. Юридические лица, учредители (участники) либо должностные лица, осуществляющие свою деятельность и находящиеся по месту регистрации (т.е. не отсутствующие), но не представляющие в установленные сроки налоговую отчетность, несут ответственность за такое нарушение в порядке, установленном законодательством.

      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 30.12.2011 № 5(вводится в действие со дня официального опубликования); от 29.11.2018 № 18 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      4. Требования о ликвидации отсутствующего юридического лица, согласно пункту 3 статьи 49 ГК, могут быть предъявлены в суд государственным органом, которому право на предъявление требования предоставлено законодательными актами, а в случаях банкротства - также кредитором. Согласно статье 19 Кодекса Республики Казахстан "Налогового кодекса" (Налоговый кодекс) такое право предоставлено, в частности, налоговым органам.

      Налоговые органы вправе предъявлять в суды иски о ликвидации юридического лица по основаниям, предусмотренным подпунктами 1), 2), 3), 4) пункта 2 статьи 49 ГК.

      Правом предъявления иска о ликвидации юридического лица в связи с осуществлением деятельности без надлежащей лицензии обладает лицензиар.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 133 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года № 413-IV "О государственном имуществе" республиканское государственное предприятие создается Правительством Республики Казахстан, а коммунальное государственное предприятие - местными исполнительными органами или по согласованию с акимом района (города областного значения) и собранием местного сообщества – аппаратом акима города районного значения, села, поселка, сельского округа.

      Налоговые органы не позднее 1 сентября календарного года направляют в суд иски для принудительной ликвидации (снятия с учетной регистрации, прекращения деятельности) в отношении субъектов, включенных в перечень субъектов, подлежащих принудительной ликвидации (снятию с учетной регистрации, прекращению деятельности).

      Ликвидацию республиканского юридического лица осуществляет уполномоченный орган соответствующей отрасли по согласованию с уполномоченным органом по государственному имуществу, если иное не установлено законами. Ликвидацию коммунального юридического лица осуществляет местный исполнительный орган или по согласованию с акимом района (города областного значения) и собранием местного сообщества – аппарат акима города районного значения, села, поселка, сельского округа.

      Иск государственного учреждения, являющегося учредителем другого бездействующего государственного учреждения, о ликвидации не подлежит удовлетворению, поскольку процедура ликвидации такого юридического лица осуществляется в соответствии со статьей 50 ГК органом, принявшим решение о ликвидации, а не судом.

      Отсутствующее юридическое лицо, имеющее кредиторскую задолженность (отсутствующий должник), подлежит ликвидации в судебном порядке согласно подпункту 1) пункта 2 статьи 49 ГК ввиду банкротства (несостоятельности) по упрощенным процедурам, установленным статьей 118 Закона.

      Право заявления требований о ликвидации по основанию банкротства отсутствующего должника статьями 44, 47 Закона предоставлено кредиторам, а также прокурору.

      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 29.11.2018 № 18 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 07.12.2023 № 4 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      5. При обращении в суд с требованиями о ликвидации отсутствующего юридического лица, не имеющего кредиторов, или о возбуждении дела о банкротстве в отношении отсутствующего должника, имеющего кредиторскую задолженность, заявители обязаны представить доказательства отсутствия юридических лиц по месту нахождения, указанному в учредительных документах или по фактическому адресу, а также доказательства отсутствия учредителей, участников и должностных лиц, без которых это юридическое лицо не может осуществлять свою деятельность, при этом необходимо подтвердить истечение установленного законодательством срока отсутствия для отсутствующих должников - в течение шести месяцев, для отсутствующих юридических лиц - в течение одного года до момента обращения заявителя в суд.

      Такими доказательствами могут быть акты, справки или иные документы органов местного государственного управления, территориальных органов, осуществляющих контроль за предпринимательской деятельностью, а также организаций, оказывающих жилищно-коммунальные услуги. Доказательством отсутствия юридического лица является также возвращение органами связи копий заявлений о ликвидации отсутствующего юридического лица и определений суда о возбуждении производства по делу, направленных в адрес юридического лица, с отметкой об отсутствии адресата либо о его выбытии, а также непредставление декларации о корпоративном подоходном налоге (о совокупном годовом доходе и произведенных вычетах) или упрощенной декларации по истечении одного года, после установленного законом срока представления.

      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 29.11.2018 № 18 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      6. Круг лиц, без которых юридическое лицо не может осуществлять свою деятельность (не может функционировать), определяется судом в каждом конкретном случае на основании учредительных документов. Заявители при обращении в суд о ликвидации отсутствующего юридического лица (должника), обязаны представить учредительные документы либо нотариально удостоверенные копии учредительных документов, а также документы, свидетельствующие о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица этого юридического лица.

      Отсутствие указанных в учредительных документах должностных лиц, без которых деятельность юридического лица невозможна (не может функционировать), а также учредителей и участников - физических лиц, может подтверждаться документами о выезде, непроживании, показаниями свидетелей, другими доказательствами.

      Лица, освобожденные юридическим лицом от должности в установленном порядке, не признаются надлежащими представителями отсутствующего юридического лица (отсутствующего должника), даже если известно их местонахождение или они явятся в заседание суда.

      Если единственными учредителями (участниками) отсутствующего юридического лица, в том числе должника, являлись другие юридические лица, и они ликвидированы в установленном законом порядке, то это обстоятельство также является доказательством отсутствия учредителя (участника) юридического лица.

      Сноска. Пункт 6 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 29.11.2018 № 18 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      7. В качестве доказательств судом могут быть приняты документы о смерти, признании недееспособным, об осуждении к лишению свободы либо лишению права заниматься определенными видами деятельности, признании безвестно отсутствующими должностных лиц, или смерти единственных учредителей (участников) - физических лиц (при отсутствии правопреемства), без которых деятельность юридического лица невозможна.

      В этом случае требование о ликвидации юридического лица может быть заявлено и до истечения шести месяцев (одного года) со дня наступления указанных событий.

      8. Наличие кредиторской задолженности у отсутствующих должников, либо отсутствие кредиторов у отсутствующего юридического лица может подтверждаться расшифровками к последней представленной ими налоговой отчетности, балансами, справками налоговых органов, другими документами.

      В зависимости от представленных доказательств о наличии либо отсутствии кредиторов или кредиторской задолженности у отсутствующего юридического лица (отсутствующего должника), заявитель обязан указать предусмотренные законом основания для требования о ликвидации отсутствующего юридического лица, отсутствующего должника со ссылками на соответствующие статьи ГК, Закона .

      9. Предусмотренные главой 31 ГПК, статьями 44, 45, 46, 47 Закона требования к оформлению заявлений в суд о ликвидации отсутствующих должников, к составлению заявлений об их банкротстве судам следует применять с учетом особенностей этой категории дел.

      Установленные подпунктами 1), 2) статьи 5-1 Закона ограничения по сумме требований кредиторов к должнику в отношении отсутствующего должника не применяются, а заявления о банкротстве отсутствующего должника принимаются судами к рассмотрению независимо от размера имеющейся у него задолженности.

      Заявления налоговых органов и прокурора о ликвидации, как отсутствующих юридических лиц, так и отсутствующих должников, государственной пошлиной не облагаются. В случае обращения с заявлениями о банкротстве должника других кредиторов государственная пошлина уплачивается в общем порядке.

      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 22.12.2008 № 23 (порядок введения в действие см. п. 2 ); от 29.11.2018 № 18 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 07.12.2023 № 4 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      10. Несоответствие организационно-правовой формы отсутствующего юридического лица (отсутствующего должника) требованиям статьи 34 ГК, непредставление заявителем при обращении в суд сведений о наличии имущества у отсутствующего юридического лица (отсутствующего должника) не является основанием для отказа в принятии к рассмотрению заявления о ликвидации юридического лица.

      Отсутствие регистрации юридического лица в едином государственном регистре юридических лиц также не является основанием для отказа в принятии заявления к рассмотрению в случае, если это юридическое лицо было создано до принятия ГК и зарегистрировано в установленном порядке.

      Сноска. В пункт 10 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется нормативным постановлением Верховного Суда РК от 29.11.2018 № 18 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      11. Заявления о ликвидации отсутствующего юридического лица рассматриваются в порядке искового производства, о банкротстве отсутствующего должника - в порядке особого производства.

      Сноска. Пункт 11 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 07.12.2023 № 4 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      12. Если при рассмотрении дела о ликвидации отсутствующего юридического лица его уполномоченные должностные лица или учредители (участники), указанные заявителем отсутствующими, явятся в заседание суда или письменно заявят о продолжении деятельности юридического лица, либо о согласии с ликвидацией, суд отказывает в иске о ликвидации этого юридического лица как отсутствующего.

      В случае выявления кредиторов (кредиторской задолженности) непосредственно в судебном заседании, суд выносит решение об отказе в требовании о ликвидации юридического лица, если оно было заявлено лишь по основанию отсутствия у него кредиторов.

      Отказ в ликвидации юридического лица по основаниям, предусмотренным подпунктом 3) пункта 2 статьи 49 ГК для отсутствующего юридического лица, не имеющего кредиторов, не препятствует повторному обращению кредиторов, уполномоченного органа или прокурора с требованиями ликвидации того же юридического лица по другим предусмотренным гражданским законодательством основаниям.

      Сноска. Пункт 12 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 30.12.2011 № 5(вводится в действие со дня официального опубликования).

      13. По письменному заявлению обратившегося в суд кредитора, прокурора или уполномоченного органа суд вправе рассмотреть вопрос об изменении оснований заявленного требования о ликвидации отсутствующего юридического лица.

      Согласие явившихся в суд уполномоченных должностных лиц, а также учредителей (участников) юридического лица, на отсутствие которых указано истцом при обращении в суд, с требованиями о ликвидации, в том числе по упрощенным процедурам, не является безусловным основанием для удовлетворения заявления. Отказывая в иске, суд обязан разъяснить уполномоченным учредительными документами лицам, что они вправе решить вопрос о добровольной ликвидации юридического лица, либо обратиться в суд с заявлением о принудительной ликвидации по иным основаниям, установленным законодательством.

      14. Исключен нормативным постановлением Верховного Суда РК от 29.11.2018 № 18 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      15. При рассмотрении требования о ликвидации отсутствующего юридического лица и отсутствующего должника суду необходимо на основании учредительных документов установить круг лиц, без которых деятельность юридического лица невозможна, состав его учредителей (участников) и дать оценку достаточности представленных доказательств, подтверждающих отсутствие юридического лица и времени отсутствия.

      Сноска. Пункт 15 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 29.11.2018 № 18 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      16. Ликвидация отсутствующего должника без возбуждения процедуры банкротства производится уполномоченным органом в порядке, установленном статьей 118-1 Закона.

      Сноска. Пункт 16 в редакции нормативного постановления Верховного Суда РК от 29.11.2018 № 18 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 07.12.2023 № 4 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      17. В соответствии с пунктом 3 статьи 49 ГК обязанность по ликвидации отсутствующего юридического лица может быть возложена судом на собственника его имущества, уполномоченный собственником орган, орган, уполномоченный на ликвидацию юридического лица его учредительными документами, орган (лицо), инициировавший процедуру принудительной ликвидации юридического лица, либо иной орган (лицо), если осуществление функций по ликвидации юридического лица этим органом (лицом) не противоречит законодательству Республики Казахстан.

      Ввиду того, что проведение процедур ликвидации и банкротства отсутствующих юридических лиц финансируется за счет средств республиканского бюджета, обязанность по организации и обеспечению ликвидации отсутствующего юридического лица, как и отсутствующего должника, возлагается судом на уполномоченный орган.

      Ликвидация отсутствующего юридического лица производится в порядке, установленном статьей 50 ГК.

      Сноска. Пункт 17 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 07.12.2023 № 4 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      18. Решение суда о принудительной ликвидации отсутствующего юридического лица, либо о несостоятельности (банкротстве) отсутствующего должника не является основанием для исключения юридического лица из государственного регистра юридических лиц до завершения ликвидационных процедур.

      Копия вступившего в силу решения суда о принудительной ликвидации отсутствующего юридического лица или о признании отсутствующего должника банкротом направляется для сведения соответствующему регистрирующему органу и территориальному подразделению уполномоченного государственного органа по статистике.

      Сноска. Пункт 18 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 07.12.2023 № 4 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      19. Имущество, обнаруженное при ликвидации отсутствующего юридического лица, направляется на возмещение расходов по ликвидации, оставшееся имущество согласно пункту 8 статьи 50 ГК направляется на цели, указанные в учредительных документах.

      20. Лицо, на которое судом были возложены обязанности по проведению ликвидационных процедур, представляет суду заключительный отчет о своей деятельности и ликвидационный баланс.

      Суд, в срок не позднее 15 дней, рассматривает представленные документы и выносит определение об утверждении отчета и о завершении конкурсного производства (ликвидации), или об отказе в утверждении отчета.

      Суд может отказать в утверждении отчета в случае, если отчет не содержит достаточных сведений и доказательств о проведении необходимых процедур при ликвидации отсутствующего юридического лица или отсутствующего должника.

      Если кредиторами отсутствующего должника обжалованы действия, решения лица, на которое была возложена ликвидация, отчет рассматривается судом только после вступления в силу принятого по жалобе судебного акта.

      Сноска. Пункт 20 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 29.11.2018 № 18 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      21. При возложении обязанностей по проведению процедуры ликвидации на уполномоченный орган к нему переходят права и обязанности администратора, предусмотренные Законом. В случае отсутствия активов у банкрота, а также сделок, подлежащих признанию недействительными, по основаниям, предусмотренным статьей 7 Закона, уполномоченный орган обязан в месячный срок представить собранию кредиторов для согласования заключительный отчет и ликвидационный баланс. Уполномоченный орган обязан в течение двух рабочих дней с момента согласования с собранием кредиторов представить в суд для утверждения заключительный отчет и ликвидационный баланс, после утверждения судом заключительного отчета в течение трех рабочих дней закрыть банковские счета банкрота и сдать в орган государственных доходов свидетельство налогоплательщика и свидетельство о постановке на учет по налогу на добавленную стоимость (при их наличии).

      Сноска. Пункт 21 в редакции нормативного постановления Верховного Суда РК от 29.11.2018 № 18 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      22. В резолютивной части определения суда должно содержаться поручение уполномоченному органу направить регистрирующему органу копию решения о ликвидации юридического лица и определения о завершении ликвидационных процедур для регистрации ликвидации юридического лица.

      Подлинные учредительные документы отсутствующего юридического лица и отсутствующего должника, представленные заявителем при обращении в суд, передаются регистрирующему органу одновременно с копиями судебных актов, если юридическое лицо не прошло государственную регистрацию.

      Копия приказа о регистрации ликвидации юридического лица в десятидневный срок направляется регистрирующим органом в суд для приобщения к материалам дела.

      Ликвидация юридического лица считается завершенной, а юридическое лицо прекратившим существование, только после издания регистрирующим органом приказа о ликвидации юридического лица и внесения об этом сведений в Национальный реестр бизнес-идентификационных номеров.

      23. Согласно статье 4 Конституции Республики Казахстан настоящее нормативное постановление включается в состав действующего права, является общеобязательным и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Сноска. Пункт 23 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 07.12.2023 № 4 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

Председатель Верховного Суда


Республики Казахстан




Судья Верховного Суда


Республики Казахстан,


секретарь пленарного заседания