ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы нормативтік қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстердi қараған кезде заңнаманы қолдануы туралы" 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 5 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 13; 2012 жылғы 31 мамырдағы № 2; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2; 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 1; 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) бүкіл мәтін бойынша:
"талап арызы", "талап арыз", "талап қою арызында", "талап арызды", "талап қою арызымен", "талап қою арызына", "талап қою арызын", "талап арыздарды" деген сөздер тиісінше "талап қоюы", "талап қою", "талап қоюда", "талап қоюды", "талап қоюмен", "талап қоюға", "талап қоюларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"талапкер", "мәжілісінде", "мәжілісі" деген сөздер тиісінше "талап қоюшы" "отырысында", "отырысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тіркеуші органдарда", "тіркеуші органда", "Тіркеуші органда", "тіркеуші органға", "тіркеуші органның", "Тіркеуші органдарда", "тіркеуші органдар", "Тіркеуші органдар" деген сөздерден кейін тиісінше ", Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде", ", Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінде", ", Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінде", ", Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне", ", Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің", ", Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 2-тармақта:
бірінші абзацта:
"Арызға неке (ерлі-зайыптылық) туралы куәлiктiң түпнұсқасы," деген сөздер "Талап қоюға неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлiк, егер ол қағаз жеткізгіште берілген болса," деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші және бесінші сөйлемдер алып тасталсын;
3) 3-тармақта:
екінші сөйлемдегі "арызды", "арызға" деген сөздер тиісінше "талап қоюды", "талап қоюға" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 4-тармақтағы "құқысы" деген сөз "құқығы" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу жағдайларының бірі ретінде Кодексте ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптарының болуы көзделген. Мүліктік талаптар деп ортақ мүлікті бөлу, еңбекке жарамсыз жұбайын, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуге қатысты даулар түсініледі.";
6) 6-тармақта:
сегізінші абзацтағы "және жауапкердің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімінің жоқтығы туралы жазбаша арызы" деген сөздер алып тасталсын;
тоғызыншы және оныншы абзацтардағы "қайта", "қайтадан" деген сөздер тиісінше алып тасталсын;
он бірінші абзац алып тасталсын;
7) 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылар арасындағы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, мүлікті бөлу (кәмелетке толмаған балалар болған кезде) туралы даулар бойынша азаматтық істерді жауапкердің тұрғылықты жері бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар қарайды және шешеді.
Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыс орталықтарының шегінде орналасқан аудандық (қалалық) соттардың соттылығына жататын істер бойынша талап қоюларды қоспағанда, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап қоюлар талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша онымен кәмелетке толмаған балалары бірге тұрған кезде берілуі мүмкін (АПК-нің 30-бабының жетінші бөлігі).
Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап қою оның жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша берілуі және қаралуы мүмкін (АПК-нің 30-бабының бірінші бөлігі).
Бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап қоюды, оған белгіленген жаза мерзіміне қарамастан, мүліктік талаптар болған кезде сот қарайды, кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылар арасындағы некені бұзуды сот АПК-нің 27-бабының үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес жүзеге асырады. Егер сот бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап қоюды АПК-нің 29-бабына сәйкес іс жүргізуге қабылдаса, онда көрсетiлген адамның сотталғанға дейiн соңғы тұрғылықты жерін негізге алу қажет.";
8) 12-тармақтағы екінші және үшінші сөйлемдер алып тасталсын;
9) 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Кодекстің 22-бабының 2-тармағына сәйкес соттар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзатын ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау шараларын қабылдауы қажет. Сот істі қарау барысында ерлі-зайыптылардың неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалары олардың қайсысымен тұратыны туралы келісімге келген-келмегенін, ата-ананың баламен қарым-қатынас тәртібі және балаларды күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу тәртібі және оның мөлшері айқындалған-айқындалмағанын анықтауға міндетті. Бұл ретте алимент төлеу туралы келісім Кодекстің 22-тарауының талаптарын сақтай отырып жасалуы тиіс.
Егер ерлі-зайыптылардың арасында жоғарыда аталған мәселелер бойынша келісім болмаса, сондай-ақ сотқа ұсынылған келісім балалардың мүдделерін бұзса, сот неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалардың қай ата-анамен тұратынын, ата-ананың баламен қарым-қатынас тәртібін, қай ата-анадан және қандай мөлшерде балаларды күтіп-бағуға алимент өндіріліп алынатындығын анықтауға міндетті.
Соттар некені бұзу туралы істерді қараған кезде неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалардың қай ата-анамен бірге тұратынын және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас тәртібін анықтау мәселелерін шешу үшін "Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезiнде заңнаманы қолдануы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 15 нормативтік қаулысындағы көрсетілген түсініктемелерді басшылыққа алуы керек.
Соттар алимент өндіру туралы талапты шешу кезінде Кодекстің 164-бабының 2-тармағына сәйкес алимент сотқа жүгінген кезден бастап тағайындалатынын ескеруі қажет. Егер сот талап қоюшының тарапынан талап қоюдан бұрын күтіп-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бірақ алиментті төлеуге міндетті адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын анықтаса, сотқа өтініш жасалған кезден бастап үш жыл мерзім шегінде өткен кезеңге алимент өндіріп алынуы мүмкін.
Мұндай шаралар туралы жауапкерге алимент төлеу туралы талаппен немесе алимент төлеу туралы келісім жасасу туралы ұсыныспен жүгіну, кәмелетке толмаған балаға алимент өндіру туралы сот бұйрығын беру туралы арызбен жүгіну (егер кейіннен сот бұйрығының күші жойылса) куәландыруы мүмкін. Жауапкер, өз кезегінде, алимент төлеуден жалтару туралы талап қоюшының дәлелдерін жоққа шығаратын және алиментті көрсетілген кезеңде өзінің төлегенін растайтын дәлелдемелерді ұсынуға міндетті.
Сот, сонымен қатар балаларынан бөлек тұратын ата-ананың балаларды тәрбиелеуге қатысуға міндетті және олармен қарым-қатынас жасауға құқығы бар екенін, ал екінші ата-ананың бұған кедергі келтіруге құқығы жоқ екенін түсіндіруі қажет, бұл туралы сот отырысының хаттамасында жазылады.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап қоюдан бас тартылған жағдайда, алимент өндіру туралы талап, егер талап қоюшы оны қарауды талап етсе, сот шешімінің қарар бөлігінде көрсете отырып, оны жеке іс жүргізуге бөліп шығарады.";
10) 17-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу Кодекстің 37, 38-баптарында және АК-нің 218-бабында белгіленген қағидалар бойынша жүргізіледі, бұл ретте тараптардың келісімі болмаған кезде бөлуге жататын мүліктің құнын сот сарапшының қорытындысы негізінде айқындайды.";
11) 21-тармақтағы орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
12) 22-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Шешiмде неке (ерлі-зайыптылық) тоқтатылған сәт – шешiм заңды күшiне енген күннен бастап көрсетіледі.";
13) 24-тармақта:
бірінші абзацтағы "ғана" деген сөз алып тасталсын;
екінші абзацтағы орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
үшінші абзацтағы "бiрiншi некенi (ерлі-зайыптылықты)" деген сөздер "бұрынғы некені (ерлі-зайыптылықты)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2. "Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 21 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2; 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5; 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6; 2016 жылғы 25 қарашадағы № 9; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 7; 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) кіріспедегі және бүкіл мәтін бойынша "процессуалдық" деген сөз "процестік" деген сөзбен ауыстырылсын;
бүкіл мәтін бойынша:
"сот өндірісіне", "өндірісте", "өндіріске", "өндірісіне" деген сөздер тиісінше "соттың іс жүргізуіне", "іс жүргізуде", "іс жүргізуге", "іс жүргізуіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"талапкердің", "талапкерлер", "Талапкердің", "талапкерге", "талапкер", "талап арыздардың", "талап арыз беру", "талап арыздың", "талап арыздан", "талап арызды", "талап арыз мәлімдеу" деген сөздер тиісінше "талап қоюшының", "талап қоюшылар", "Талап қоюшының", "талап қоюшыға", "талап қоюшы", "талаптардың", "талап қою", "талап қоюдың", "талап қоюдан", "талап қоюды", "талап қоюды мәлімдеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-тармақтағы "арыздарды", "арыздардың" деген сөз тиісінше "талап қоюларды", "талап қоюлардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 2-тармақта:
бірінші абзацтағы "147-бабының екінші бөлігіне" деген сөздер "267-4-бабының екінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацта:
"тиіс және пікірдің түпнұсқасы мен көшірмелері іске қатысатын адамдардың санына сәйкес етіліп," деген сөздер "және" деген сөзбен ауыстырылсын;
"талап қою арызының" деген сөздер "талап қоюдың" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. АПК-нің 14-бабына сәйкес сотқа талап қойылған тілді сот ісін жүргізу тілі деп есептеген жөн. Алайда, егер істі сот талқылауына дайындау кезінде талап қоюшыдан не екі тараптан сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы жазбаша өтінішхат келіп түссе, судья істі сот отырысында талқылау жүзеге асырылатын сот ісін жүргізу тілі туралы ұйғарым шығарады.";
5) 8-тармақта:
бірінші абзацтағы "арызынан" деген сөз "қоюынан" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "қарсы талап арызы", "онда оның арызын талапкердің арызымен", "бұл арыздың", "қарсы талап арызды" деген сөздер тиісінше "қарсы талап қоюы", "оны талап қоюшының қойған талабымен", "талап қоюдың", "қарсы талап қоюды" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 9-тармақтағы "арызда" деген сөз "талап қоюда" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 10-тармақтағы "талап қою арызына", "Талап қою арызына" деген сөздер тиісінше "талап қоюға", "Талап қоюға" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. АПК-нің 54-бабына сәйкес мемлекеттің мүдделерін қозғайтын істер бойынша, қоғамдық мүдделерді немесе өздерін өз бетінше қорғай алмайтын азаматтарды қорғау талап етілгенде, сондай-ақ істі сот талқылауына дайындау кезінде прокурордың қатысу қажеттігін сот танығанда, прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы міндетті болып табылады.
Заңға сәйкес прокурордың, мысалы:
заңға сәйкес келмейтін нормативтік құқықтық актіге прокурордың наразылығын қабылдамау туралы (АПК-нің 300-бабы);
адамды ата-ана құқықтарынан айыру туралы ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 76-бабының 2-тармағы, сонымен қатар АПК-нің 54-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда) істерді соттардың қарауы кезінде сот отырысына қатысуы міндетті.
Сот прокурордың сот отырысына қатысуын, мысалы:
басқа адамдардың мүддесі үшін прокурордың талап қоюы бойынша қозғалған;
тараптарының бірі кәмелетке толмағандар, мүгедектігі бар адамдар, әрекеттері шектеулі азаматтар болып табылатын;
тараптары мемлекет немесе әкімшілік-аумақтық бірлік болып табылатын істерді қарау кезінде міндетті деп тануы мүмкін.
Прокурордың сот отырысына міндетті түрде қатысуы жөнінде істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда көрсетіледі.";
9) 16-тармақтың екінші абзацындағы екінші сөйлем алып тасталсын;
10) 17-тармақта:
бірінші абзацтағы "тараптардың" деген сөз "іске қатысушы тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацта:
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.";
11) 19-тармақта:
бірінші абзацтағы "талап қою арызы" деген сөздер "талап қою" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац алып тасталсын;
12) 21-тармақтың үшінші абзацындағы "арызды" деген сөз "талап қоюды" деген сөздермен ауыстырылсын;
3. "Азаматтық істер бойынша сот шешімі туралы" 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2; 2009 жылғы 29 маусымдағы № 6; 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2; 2018 жылғы 16 наурыздағы № 3; 2018 жылғы 10 қыркүйектегі № 14; 2019 жылғы 31 мамырдағы № 5; 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 5 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) бүкіл мәтін бойынша:
"талап-арыз", "талап қою арызына", "талап-арызды", "талап-арыздың", "Талап-арыздың", "талап-арызының", "талап-арызын", "Талап-арыз", "талап-арыздар", "талап арыз" деген сөздер тиісінше "талап қою", "талап қоюға", "талап қоюды", "талап қоюдың", "Талап қоюдың", "талап қоюының", "талап қоюын", "Талап қою", "талап қоюлар", "талап қою" деген сөздермен ауыстырылсын;
"талапкер", "талапкердiң", "талапкерге", "қойылған талапты", "талаптан" деген сөздер тиісінше "талап қоюшы", "талап қоюшының", "талап қоюшыға", "талап қоюды", "талап қоюдан" деген сөздермен ауыстырылсын;
"дәлелдеу" деген сөз "уәждеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 1-2-тармақтың үшінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Конституциясының" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі – Конституция)" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 3-тармақтағы үшінші абзац алып тасталсын;
4) 5-тармақтың екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі – АК)" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 6-тармақтағы "арызды" деген сөз "талап қоюды" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 11-тармақта:
төртінші абзацтағы "апелляциялық немесе" деген сөздер алып тасталсын;
жетінші абзацтағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл жағдайда жиналған дәлелдемелер (хаттамалар және басқа материалдар) сот отырысында зерттелуге және шешім шығарылған кезде соттың бағалауына жатады.";
7) 12-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сарапшының сот отырысында берген ауызша айғақтары АПК-нің 92-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес оның бұрын берген қорытындысын түсіндіру, толықтыру не нақтылау бөлігіндегі ғана дәлелдемелер бола алады.";
8) 13-тармақтың екінші абзацындағы "шешімімен" деген сөзден кейін "немесе қаулысымен" деген сөздермен толықтырылсын;
9) 15-тармақтың бірінші абзацындағы "нақты деректер" деген сөздер "дәлелдемелер" деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 18-тармақта:
үшінші абзацта "109-бабына орай" деген сөздер "109-бабының бірінші бөлігіне сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Соттар процеске қатысушы және тараппен еңбек қатынастарында тұрмайтын өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар тараптың іс жүзінде шеккен шығындары мөлшерінде өндіріп алуға жататынын, бірақ ақшалай талаптар бойынша өндіріп алынатын соманың мөлшері талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің он пайызынан аспайтынын есте ұстағаны жөн (АПК-нің 113-бабы). Мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша шығыстар сомасы ақылға қонымды шектерде өндіріп алынады, бірақ үш жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.";
11) 20-тармақта:
бірінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің" деген сөздер "АК-нің" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта:
"кезінде" деген сөз "туралы талап қойылған жағдайда" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі – Ұлттық Банк") деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзацтағы "6-бабында" деген сөз "6-бабының 1-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 24-тармақ алып тасталсын;
13) 28-тармақтың үшінші абзацындағы екінші сөйлем алып тасталсын;
14) 30-тармақ алып тасталсын;
15) 31-тармақтың бірінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "Ұлттық Банктің" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 32-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қосымша шешімді сот АПК-нің 236-бабында көрсетілген жағдайларда ғана шығара алады.";
17) 33-тармақтың бірінші абзацындағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер шешім орындалса немесе шешімнің мәжбүрлi түрде орындалуы мүмкiн заңда көзделген мерзiм өтсе, шешiмді түсіндіруге жол берілмейді.";
18) 36-тармақта:
бірінші абзацтағы ", жаңа шешiм" деген сөздер "іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы немесе талап қоюды қараусыз қалдыру туралы талап қоюдан толық немесе оның бөлігінде бас тарту туралы жаңа шешімді" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "жеке" деген сөз алып тасталсын;
19) 38-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Конституциясының" деген сөздер "Конституцияның" деген сөзбен ауыстырылсын;
4. "Жоқ болған заңды тұлғалар мен жоқ болған борышкерді, сонымен қатар өздерінің қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларды таратудағы сот практикасы туралы" 2004 жылғы 18 маусымдағы № 5 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 23; 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5; 2018 жылғы 29 қарашадағы № 18 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) бүкіл мәтін бойынша "талапкер", "Талапкер", "талабы", "талаптан" деген сөздер тиісінше "талап қоюшы", "Талап қоюшы", "талап қоюы", "талап қоюдан" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңның 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес жоқ борышкер – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әрекетсіз деп танылған, оның, сондай-ақ құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының жоқтығы Заңда айқындалған тәртіппен белгіленген борышкер.";
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Салық органдары жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей Салық кодексінде белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін салық кезеңі үшін салық декларациялары мен Салық кодексінің 91-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген мәліметтерді ұсынбаған салық төлеушілерді әрекет етпейтін салық төлеушілер деп тану туралы бұйрық шығарады.";
3) 4-тармақта:
бірінші абзацтағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі)" деген сөздер "Салық кодексінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы "органдар" деген сөзден кейін "немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және жергілікті қоғамдастық жиналыстың келісімі бойынша – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Салық органдары мәжбүрлі түрде таратуға (есептік тіркеуден шығаруға, қызметін тоқтатуға) жататын субъектілердің тізбесіне енгізілген субъектілерге қатысты мәжбүрлі түрде тарату (есептік тіркеуден шығару, қызметін тоқтату) туралы талап қоюларын күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей сотқа жолдайды.";
бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтар тиісінше алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтар деп есептелсін;
жетінші абзацтағы "57, 118-баптарында" деген сөздер "118-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы "салық органына немесе салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша өзге уәкілетті мемлекеттік органға," деген сөздер алып тасталсын;
4) 9-тармақтың екінші абзацындағы "5-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында" деген сөздер "5-1-бабының 1), 2) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 11-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;
6) 16-тармақтағы "118" деген цифрлар "118-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;
7) 17-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"АК-нің 49-бабының 3-тармағына сәйкес заңды тұлғаны таратуды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттер оның мүлкiнің меншiк иесіне, меншік иесі уәкілеттік берген органға, заңды тұлғаны таратуға оның құрылтай құжаттарында уәкiлеттiк берiлген органға, заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату рәсіміне бастамашылық жасаған органға (тұлғаға) не өзге органға (тұлғаға), егер осы органның (тұлғаның) заңды тұлғаны тарату жөнiндегi функцияларды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, жүктелуi мүмкiн.";
8) 18-тармақтың екінші абзацындағы "әділет органына" деген сөздер "тіркеуші органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 22-тармақтың төртінші абзацындағы "заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба" деген сөздер "Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне тиісті жазба" деген сөздермен ауыстырылсын;
5. "Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 9 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5; 2014 жылғы 15 шілдедегі № 2; 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 14; 2022 жылғы 10 ақпандағы № 1; 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) бүкіл мәтін бойынша:
"талап арыз да", "талап арыз", "талап арыздан", "талап арыздардан", "талап арызды", "талап арыздар" деген сөздер тиісінше "арыз да", "талап қою", "талап қоюдан", "талап қоюлардан", "талап қоюды", "талап қоюлар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"талапкер", "талапкермен", "талапкерлермен", "талапкерді", "талапкерлер", "талапкерден", "Талапкердің", "талапкерге", "талапкердің" деген сөздер тиісінше "талап қоюшы", "талап қоюшымен", "талап қоюшылармен", "талап қоюшыны", "талап қоюшылар", "талап қоюшыдан", "Талап қоюшының", "талап қоюшыға", "талап қоюшының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-тармақтағы "қарсы арыз", "арыз" деген сөздер тиісінше "қарсы талап қою", "талап қою" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 5-тармақ:
екінші абзацтағы "арыздары" деген сөз "талап қоюлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:
"Салық кодексінің 610-бабының 2-тармағында сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттардан мемлекеттік баж өтініш беру субъектісі үшін Салық кодексінің 610-бабының 1-тармағында белгіленген мемлекеттік баждың тиісті мөлшерлемесінің 50 пайызы мөлшерінде алынатыны регламенттелген.
Соттар жеке тұлғалардың сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттарынан мемлекеттік баж жеке тұлғалар үшін Салық кодексінің 610-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мемлекеттік баждың тиісті мөлшерлемесінің 50 пайызы мөлшерінде алынуға жататынын назарда ұстағаны жөн.";
4) 6-тармақтағы орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
5) 10-тармақтың алтыншы абзацындағы "арызда" деген сөз "талап қоюда" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 11-тармақтың екінші абзацындағы орыс тіліндегі сөз өзгереді, мемлекеттік тілдегі сөз өзгеріссіз қалады;
7) 11-1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Істерді АПК-нің 12-тарауының тәртібімен қарау кезінде сот АПК-нің 8-тарауының талаптарына сәйкес тараптар арасында сот шығыстарын бөлу туралы мәселені шешуге міндетті.";
8) 12-тармақтың екінші абзацындағы "дәлелді" деген сөз "уәжді" деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. АПК-нің 226-бабының алтыншы бөлігіне және "Азаматтық істер жөніндегі сот шешімі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысының 17-тармағына сәйкес сот шешімінің қарар бөлігінде сот шығыстарын бөлуге нұсқау болуға тиіс.
Сот әрбір азаматтық іс бойынша шешім қабылдаған кезде:
сот шығыстары кімнен және қандай мөлшерде өндіріліп алынатынын міндетті түрде көрсете отырып, тараптар арасында сот шығыстарын бөлу туралы;
басқа адамдар мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы талап қойылған жағдайда тараптарға сот шығыстарын өтеу туралы;
заң консультациясының, адвокаттық кеңсенің, өз қызметін жеке түрде жүзеге асыратын адвокаттың ақысыз құқықтық көмек көрсеткен жағдайда шығыстарын өтеу туралы;
талап қоюшы сотқа жүгінген кезде сот шығыстарын төлеуден босатылған істер бойынша мемлекеттің оларды өтеуі туралы;
екі тарап мемлекеттік бажды төлеуден босатылған жағдайда оны республикалық бюджеттің есебіне жатқызу туралы;
талап қою берілген кезде артық төленген мемлекеттік бажды қайтару қажеттігі туралы мәселелерді шешуі тиіс.";
10) 16-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"талап қою берілген кезде мемлекеттік баждың мөлшерлемесі жеке не заңды тұлғаның қайсысы талап қоюшы болып табылатындығына байланысты айқындалады.";
11) 18-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Істі апелляциялық тәртіппен қарауға қатысқан кезде өкіл көрсеткен қызметтер, жол жүру және басқа да шығындар түріндегі сот шығындарын өтеу туралы мәселе алқа қаулысының уәждеу және қарар бөліктерінде шешілуге тиіс.";
12) 18-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18-1. Сот шығыстарын өндіріп алу немесе өндіріп алудан бас тарту бөлігінде сот шешімімен келіспеген іс бойынша тарап бұл шешімге белгіленген тәртіппен жоғары тұрған сотқа шағымдануға құқылы.";
6. "Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы" 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5; 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6, 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3, 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2, 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 7, 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) бүкіл мәтін бойынша:
"талапты", "талапкердің", "талапкер", "Талапкер", "талапкерден" деген сөздер тиісінше "талап қоюшының", "талап қоюшы", "Талап қоюшы", "талап қоюшыдан", "талап қоюды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"талап арызды", "талап арыз" деген сөздер тиісінше "талап қоюды" "талап қою" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарау кезінде сот қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы арыз берген тұлғаның талап қоюы бойынша төреліктің істі қозғаған-қозғамағанын, төрелік талқылауды қозғау туралы ұйғарымды талап ете отырып, тексеруге міндетті.";
3) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қамтамасыз ету шаралары:
мүліктік немесе мүліктік емес сипаттағы талап қоюларды;
соттардың шешімдерін орындауды;
бітімгершілік келісімдерді бекіту туралы соттардың ұйғарымдарын орындауды;
дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді;
атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуды қамтамасыз ету үшін қабылданады.
Сот қамтамасыз ету шараларын істің қандай жағдайында болмасын судья талап қоюды іс жүргізуге қабылдағаннан және азаматтық істі қозғағаннан кейін ғана, бірақ заңды күшіне енген сот актісін орындау туралы атқарушылық құжат берілгенге дейін қабылдайды.
Егер сот қамтамасыз ету шараларын қабылдамаса, заңда көзделген жағдайларда сот орындаушысы да атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуды қамтамасыз ету үшін атқарушылық іс жүргізуде қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.";
4) 5-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"АПК-нің 157-бабына сәйкес сот қамтамасыз ету шараларын іске қатысатын адамдардың, төрелік талқылау тараптарының немесе олардың өкілдерінің арызы негізінде қабылдайды.";
екінші абзац алып тасталсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"АПК-нің 155-бабына сәйкес іске қатысатын адамдар, төрелік талқылау тараптары немесе олардың өкілдері арызда қамтамасыз ету шараларын қабылдамау сот актісін мәжбүрлеп орындауды қиындататыны немесе мүмкін етпейтіндігі жөнінде дәлелдерді көрсетуі тиіс.";
5) 6-тармақта:
екінші абзацтағы "талап қою арызына", "талап қою арызында" деген сөздер тиісінше "талап қоюға", "талап қоюда" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер талап қоюды қамтамасыз ету туралы арыз сот отырысында берілсе, онда ол дереу зерттеледі, содан кейін судья оны қанағаттандыру немесе бас тарту туралы ұйғарым шығарады.";
6) 10-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"АПК-нің 429-бабына сәйкес талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ұйғарымға ол түпкілікті нысанда дайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде прокурор өтінішхат келтіруі, мүдделеріне қатысы бар адамдар жеке шағым беруі мүмкін.
Егер талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым шағым берген адамға хабарламай шығарылса, АПК-нің 161-бабының екінші бөлігіне сәйкес шағым беру үшін мерзім оған осы ұйғарым туралы белгілі болған күннен бастап есептеледі.";
7) 11-тармақ алып тасталсын;
8) 17-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;
9) 18-тармақ алып тасталсын;
10) 19-тармақта:
екінші абзац алып тасталсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша судьяның қаулысы атқарушылық құжат ретінде, егер ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамалық актіде көзделген қағидаларды бұза отырып, мәжбүрлеп орындатуға қолданылған болса, сот тәртібімен дау айтылуы мүмкін.";
алтыншы абзац алып тасталсын;
11) 20-тармақ алып тасталсын;
12) 21-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"АПК-нің 159-бабының екінші бөлігіне сәйкес сот талап қоюды қамтамасыз ету шараларын ауыстыру туралы арызды іске қатысатын адамдарды шақырмастан қарауға не сот отырысын тағайындауға құқылы. Бұл ретте сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған іске қатысатын адамдардың келмеуі арызды қарау үшін кедергі болып табылмайды.";
13) 22-тармақтағы "соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын;
14) 24-тармақта:
", талап (арыз)" деген сөздер "талап қою" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"АПК-нің 160-бабының екінші бөлігіне сәйкес талап қоюдан бас тартылған жағдайда талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар шешім заңды күшіне енгенге дейін сақталады. Сот шешімнің заңды күшіне енуімен бірге талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы ұйғарым шығарады. Талап қою қанағаттандырылған кезде оны қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған шаралар сот шешімі орындалғанға дейін өзінің қолданысын сақтайды. Қамтамасыз ету шараларының күшін жою туралы мәселе бойынша атқару парағы жазылмайды.
Сот қамтамасыз ету шараларының күшін жою туралы мәселені сот отырысының хаттамасын жасай отырып, іске қатысатын адамдарды хабардар ете отырып, сот отырысында қарайды.";
7. "Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) бүкіл мәтін бойынша:
"талап арыздарды қараған", "талап арыздарын", "қойылған талап арыз", "талап арызында қойған", "талапты қойған кезде", "арыздары", "арыз берген кезде" деген сөздер тиісінше "талап қоюларды қараған", "талап қоюларын", "талап қою", "талап қоюда мәлімдеген", "талап қою кезінде", "талап қоюлары", "талап қою кезінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Талапкер", "талапкер", "талапкердің" деген сөздер тиісінше "Талап қоюшы", "талап қоюшы", "талап қоюшының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-тармақтың үшінші абзацындағы "туыстарынан" деген сөзден кейін ", жұбайынан/зайыбынан" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 9-тармақтың үшінші абзацындағы "туыстарына" деген сөзден кейін ", жұбайының/зайыбының" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 15-тармақта:
екінші абзацтағы "талаптары" деген сөз "талап қоюлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "туыстардың" деген сөзден кейін ", жұбайының/зайыбының" деген сөздермен толықтырылсын;
8. "Соттардың бала асырап алу жөніндегі заңнаманы қолдану практикасы туралы" 2016 жылғы 31 наурыздағы № 2 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 7; 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) бүкіл мәтін бойынша "себептерге", "себебін, ", "себебін", "процессуалдық" деген сөздер тиісінше "уәждерге", "уәжін, себебін,", "уәжін", "процестік" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-тармақта:
"Қазақстан Республикасының Конституциясына" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі – Конституция)" деген сөздермен толықтырылсын;
"Конституциялық Кеңесі" деген сөздер "Конституциялық Соты" деген сөздермен ауыстырылсын;
", Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы" 2014 жылғы 10 шілдедегі № 787" деген сөздер алып тасталсын;
3) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бала асырап алу және оның күшін жою, бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы істерді баланың тұрғылықты (болатын) жеріндегі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар қарайды және шешеді (Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 27-бабының үшінші бөлігі – бұдан әрі – АПК).
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын даулар бойынша азаматтық істерді қарайды және шешеді.
Бала асырап алу туралы арыздар бойынша істер істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін мәлімделген кәмелетке толмаған адамның заңды өкілінің өтінішхаты бойынша республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыс орталықтарының шегінде орналасқан аудандық (қалалық) соттардың соттылығына жатқызылған істерді қоспағанда, баланың тұрғылықты (болатын) жеріндегі аудандық (қалалық) сотта қаралуы мүмкін немесе оған берілуі мүмкін. (АПК-нің 27-бабының үшінші бөлігі).
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетел азаматтары, оның ішінде олар Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрған жағдайларда да, бала асырап алу туралы арызды кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа береді.
Арыз беруші қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), патронат тәрбиеші немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын басқа да заңды өкілді алмастыратын адам болып табылатын жағдайларды қоспағанда, баланы асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана бала асырап алу туралы арыз берген адамның баланың заңды өкілі құқықтарына ие болатынын назарға алған жөн (Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 12) тармақшасы).";
4) 3-тармақта:
"мазмұны бойынша АПК-нің 148-бабы қоятын жалпы талаптарға, сондай-ақ АПК-нің 311-бабының талаптарына сәйкестігін" деген сөздер "мазмұнының талап қоюға АПК-нің 148-бабында қойылған жалпы талаптарға, сондай-ақ АПК-нің 311-бабының талаптарына сәйкес келетін-келмейтінін" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзац алып тасталсын;
5) 4-тармақтағы "арыздардан (шағымдардан)" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберіндегі әкімшілік талап қоюлардан" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 8-тармақ мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"Кодекстiң 95-бабына сәйкес он жасқа толған баланы асырап алу үшін оның келісімі қажет, оны ата-аналарының не баланың басқа да заңды өкілдерінің, прокурордың қатысуымен сот анықтайды.";
7) 15-тармақтың бірінші абзацындағы "асырап алудың заңмен қорғалатын құпиясын қамтамасыз ету мақсатында" деген сөздер алып тасталсын;
8) 20-тармақтағы "арызды" деген сөз "талап қоюды" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 21-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"Кодекстің 103-бабының 3-тармағына сәйкес бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы iстi қарау кезінде асырап алушылар, прокурор және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілі міндетті түрде қатысады.";
10) 22-тармақтың екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 24-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Конституциясының" деген сөздер "Конституцияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
9. "Сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот практикасы туралы" 2017 жылғы 6 қазандағы № 8 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 7; 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 1-тармақта "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-II" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң)" деген сөздермен толықтырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2.1. Сақтандыру қызметі туралы заңның 86-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес сақтандыру омбудсманы сақтандыру шарттарынан туындайтын сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) мен сақтандыру ұйымдары арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асырады.
Бұл ретте соттар сақтандыру шарттарынан туындайтын сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) мен сақтандыру ұйымдары арасындағы барлық келіспеушіліктер сақтандыру омбудсманының қарауына жатпайтынын есте ұстағандары жөн.
Заң өтініш субъектілерін сақтандыру түрлері бойынша ажыратады және олардың талаптарының сомасын шектейді.
Сақтанушы (сақтандырылған, пайда алушы) болып табылатын жеке тұлғалар және (немесе) шағын кәсіпкерлік субъектілері сақтандырудың барлық түрлері бойынша келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге құқылы. Өзге заңды тұлғалар сақтандыру омбудсманына көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша ғана жүгіне алады.
Осы тұлғалардың келіспеушіліктері бойынша талаптардың сомасы айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) он мың еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Заң шығарушы өтініш субъектілерін жеке тұлғаларға және (немесе) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бөлуді пайдаланатындықтан, ал өтініштің қалған субъектілерін өзге заңды тұлғалар ретінде айқындайтындықтан, жеке кәсіпкер жүгінген кезде, оның кәсіпкерлік субъектілерінің қай санаттарына жататындығына қарамастан сақтандырудың барлық түрлері бойынша сақтандыру омбудсманына жүгінуге болатын жеке тұлғалар санатына жатқызу керек.
Сақтандыру қызметі туралы заңның 86-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген, сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) болып табылатындар, сондай-ақ сақтандырушы, сақтандыру омбудсманының шешімін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы. Келтірілген норма жоғарыда аталған тұлғалардың дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтау қажеттігін куәландырады.";
3) мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
"2-2. Жұмыскерлердің жылдық орташа санына және жылдық орташа кіріске қарай кәсіпкерлік субъектілері мынадай санаттарға жатқызылады: шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері, орта кәсіпкерлік субъектілері, ірі кәсіпкерлік субъектілері.
Кәсіпкерлік кодекс кәсіпкерлік субъектілерін санаттар бойынша градациялау қолданылатын мақсаттарды да айқындайды.
Бұл ретте мемлекеттік статистика мақсаттары үшін жұмыскерлердің жылдық орташа санының өлшемшарттары ғана пайдаланылады, ал сақтандыру қызметі туралы заңды қолдануға жататын заңнаманың өзге де нормаларын қолдану үшін екі өлшемшарт: 1) жұмыскерлердің жылдық орташа саны және 2) жылдық орташа кіріс пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1091 қаулысымен Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілді.
Қағидалардың 3-тармағына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің санатын айқындау Кәсіпкерлік кодекстің 24-бабында көрсетілген өлшемшарттарға және олардың шекті мәндеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жұмыскерлердің жылдық орташа санын және кәсіпкерлік субъектілерінің жылдық орташа кірісін есептеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Тізілімді қалыптастыруды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Соттар Қағидалардың 16-тармағына сәйкес тізілім кез келген мүдделі тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар үшін де кәсіпкерлік субъектілерінің санаты туралы деректердің негізгі көзі болып табылатынын назарға алғаны жөн.";
4) 15-тармақтағы "Жол жүрісі Қағидаларымен және Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелермен (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген)" деген сөздер "Жол жүрісі қағидалары және көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайлы қызметтер тізбесі (Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген)" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 16-тармақтағы "жүз айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)" деген сөздер "бір жүз АЕК" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау тәртібі Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін сақтандыру туралы заңның 22-бабында және Зиянның мөлшерін айқындау қағидаларында белгіленген.
Көлік құралына зиян келтірілген жәбірленуші (пайда алушы) өзі немесе сақтанушы (сақтандырылушы) мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындау туралы өтініш берген күннен бастап, бүлінген мүлікті көлік оқиғасы нәтижесіндегі күйінде сақтайды және сақтандырушыға зиянның мөлшерін есептеуге мүмкіндік береді.
Егер сақтандырушы белгіленген мерзімде зиянның мөлшерін айқындамаған жағдайда ғана сақтанушы (сақтандырылған) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері бағалаушының қызметтерін пайдалана алады және мүлікті қалпына келтіруді (кәдеге жаратуды) бастайды.
Бұл жағдайда сақтандырушы жәбірленушіге (пайда алушыға) немесе оның өкіліне сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін бағалаушы жүргізген көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау нәтижесін қабылдайды.
Сақтанушы (сақтандырылған) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері шеккен бағалаушының қызметтеріне жұмсалған шығындарды сақтандыру төлеміне қарамастан сақтандырушы өтеуге тиіс.";
7) 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Зиян мөлшерін айқындау қағидаларының 3-тармағына сәйкес жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілі зиянның мөлшері туралы есепті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде алған есепте зиянның мөлшеріне жүргізілген есептің нәтижелерімен келісетіні не келіспейтіні туралы белгіні келіспеу себебін атай отырып көрсетеді.
Жәбірленушілерге (пайда алушыға) немесе олардың өкілдеріне зиян мөлшерін есептеу нәтижелеріне дау айту Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін сақтандыру туралы заңның 29-1-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.";
8) 19-тармақтың үшінші абзацындағы үшінші сөйлем алып тасталсын;
9) 25-тармақтағы "зейнетақымен қамсыздандыру" деген сөздер "әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 26-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте сақтандырушы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кіретін шығыстарды өтемейді.";
11) 35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Пайда алушы – бұл сақтандыру шартына немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға.
Ерікті сақтандыру түрлері бойынша пайда алушыны сақтанушы тағайындайды. Егер сақтанушы бұл ретте сақтандырылмаған болып табылса, онда пайда алушы сақтандырылушы болуға тиіс, не ол сақтандырылушының жазбаша келісімімен тағайындалады.
Қарыз қаражатына сатып алынған көлік құралын ерікті сақтандыру шарты бойынша пайда алушы, әдетте, көлік құралының кепіл шарты бойынша бір мезгілде кепіл ұстаушы болып табылатын банк тағайындалады. Қарыз алушы (кепіл беруші) сақтандырылған бола отырып және ерікті сақтандыру шартына қосылып, осылайша оның талаптарына келісімін білдіреді.
АК-нің 306-бабының 2-тармағына сәйкес сақтандыру жағдайы басталған кезде кепіл берушіде кепілге салынған мүлікті сақтандыру шарты бойынша талап ету құқығы одан кепіл ұстаушы бас тартқан жағдайда ғана туындайды.
Демек, сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қоя отырып, кепіл беруші (сақтандырылушы) банктің сақтандыру төлемін алу құқығынан бас тартқаны туралы дәлелдер ұсынуы тиіс.";
10. "Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезiнде заңнаманы қолдануы туралы" 2018 жылғы 29 қарашадағы № 15 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) бүкіл мәтін бойынша:
"талап қою арызын", "талап арызды" деген сөздер тиісінше "талап қоюды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қойған талапты", "қойылған талапты", "талаптың", "талап қойып" деген сөздер тиісінше "қойған талап қоюды", "қойылған талап қоюды", "талап қоюдың", "талап қоюмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-тармақтың төртінші абзацындағы "баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы, баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртібі туралы, ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы, ата-ана құқықтарын шектеу туралы, ата-ана құқықтарын шектеу салдарларының күшін жою туралы, заңға немесе сот шешіміне негізделмей ұстап отырған баланы ата-аналарына, қорғаншыларына (қамқоршыларына), патронаттық тәрбиешісіне қайтару" деген сөздер "баланың тұрғылықты жерін, оның ішінде ата-анасының біреуімен бірге баланың республикадан тыс жерге тұрақты тұру үшін кеткен кезінде айқындау туралы; өздерінен бөлек тұратын ата-анасының, жақын туыстарының баламен қарым-қатынас жасау тәртібін заң негізінсіз айқындау; ата-ана құқықтарынан айыру (шектеу) және қалпына келтіру (шектеулердің күшін жою)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 8-тармақтың бесінші абзацындағы "қиын тұрмыстық жағдайда жүрген" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 10-тармақтағы "өмірлік қиын жағдайда жүрген" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж" деген сөздермен ауыстырылсын;
11. "Баланың туу тегін анықтауға байланысты істерді қарау кезінде соттардың заңнаманы қолдануы туралы" 2018 жылғы 29 қарашадағы № 16:
1) бүкіл мәтін бойынша "талап қою арызы", "талап арызды", "қойылған талапты", "талапты толық" деген сөздер тиісінше "арыз", "талап қоюды", "талап қоюды толық" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-тармақта:
екінші абзацтағы "аудандық (қалалық) сот және оларға теңестірілген соттар (бұдан әрі – аудандық сот)" деген сөздер "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Баланы нақты осы әйел туған фактісін анықтау, әке болуды тану фактісін немесе әке болу фактісін анықтау туралы істерді АПК-нің 32-тарауында белгіленген қағидалар бойынша ерекше іс жүргізу тәртібімен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот шешеді.";
3) 3-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Әке болуды анықтау және алименттерді өндіріп алу туралы талап қоюлар кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыс орталықтарының шегінде орналасқан аудандық (қалалық) соттардың соттылығына жатқызылған істерді қоспағанда, баланың тұрғылықты (болатын) жеріндегі аудандық (қалалық) сотта қаралуы мүмкін немесе оған берілуі мүмкін.";
үшінші абзац алып тасталсын;
төртінші және бесінші абзацтар үшінші және төртінші абзацтар деп есептелсін;
4) 10-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;
5) 14-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер Кодекстің 51-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдардың тізбесіне жатпайтын адам туу туралы актілер жазбалары кітабындағы баланың әкесі (анасы) туралы жазбаға дау айту туралы талап қоюды берсе, судья талап қоюдан бас тартады.";
6) 18-тармақтағы "туралы қойылған талап", "туралы талапты", "талапты", "талапқа" деген сөздер тиісінше "жөніндегі талап қоюды", "талап қоюды", "қойылған талапқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 19-тармақта:
бірінші абзацтағы "әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу үшін" деген сөздер "әке болудың анықталуына байланысты баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Әке болуды анықтау кезінде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар соттың әке болуды анықтау, сондай-ақ әке болуды тану фактісін және әке болу фактісін анықтау туралы шешімі негізінде енгізіледі (Кодекстің 192-1-бабының 1-тармағының 3-тармақшасы).";
бесінші және алтыншы абзацтар алып тасталсын;
жетінші абзац бесінші абзац деп есептелсін;
жетінші абзацтағы "Аталған мәселе бойынша ата-аналардың" деген сөздер "Ата-аналардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 20-тармақтағы "және әке болуды анықтау туралы актідегі жазбаны жою" деген сөздер алып тасталсын;
12. "Соттардың алименттерді өндіріп алу жөніндегі істерді қараған кезде заңнаманы қолдануы туралы" 2019 жылғы 29 қарашадағы № 6 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 1; 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) бүкіл мәтін бойынша:
"талап қою арызын", "талап қою арызы", "талап қою арызымен", "талабын қанағаттандыру" деген сөздер тиісінше "талап қоюды", "талап қою", "талап қоюмен", "қойған талабын қанағаттандыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
"нотариат куәландырған", "нотариатта куәландырылған" деген сөздер алып тасталсын;
2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. АПК-нің 27-бабының үшінші бөлігіне сәйкес алименттер өндіріп алу туралы, алименттердің мөлшерін өзгерту туралы, кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент төлеуден, алименттер бойынша берешекті төлеуден босату туралы талап қоюлар, алименттерді өндірумен байланысты өзге де талап қоюлар, оның ішінде алименттерді төлеу туралы келісімді өзгерту, бұзу немесе жарамсыз деп тану туралы талап қоюлар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарда қаралуға және шешілуге жатады.
АПК-нің 30-бабының төртінші бөлігіне сәйкес талап қоюшы алименттерді өндіріп алу туралы талап қоюларды, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыс орталықтарының шегінде орналасқан аудандық (қалалық) соттардың соттылығына жататын істер бойынша талап қоюларды қоспағанда, өзінің тұрғылықты жері бойынша беруі мүмкін.
Алименттердің мөлшерін ұлғайту, алименттерді уақтылы төлемеумен байланысты тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап қоюлар өндіріп алушының алименттер алу құқықтарынан туындайтындықтан, ондай талап қоюлар АПК-нің 27-бабының үшінші бөлігінің талаптарын сақтай отырып, талап қоюшының таңдауымен өзінің тұрғылықты жері не жауапкердің тұрғылықты жері бойынша берілуі мүмкін.
Алименттер төлеуге міндетті адамдардың алименттер төлеуден немесе алименттер бойынша берешекті төлеуден босату туралы талап қоюлары, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыс орталықтарының шегінде орналасқан аудандық (қалалық) соттардың соттылығына жататын істер бойынша талап қоюларды қоспағанда, жауапкердің тұрғылықты жері бойынша қаралуға жатады.";
3) 4-тармақтың бірінші абзацындағы "нотариаттың куәландыруына жататын" деген сөздер алып тасталсын;
4) 5-тармақтың төртінші абзацындағы "ал егер бала некесіз" деген сөздерден кейін "2019 жылғы 25 қарашаға дейін" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 6-тармақтың бесінші абзацы алып тасталсын;
6) 9-тармақтың оныншы абзацы алып тасталсын;
7) 12-тармақтың бесінші абзацындағы "арызы" деген сөз "талап қою" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 15-тармақтың бірінші абзацындағы "мүгедектері" деген сөз "мүгедектігі бар адамдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Соттан тыс тәртіппен жасалған алимент төлеу туралы келісім жазбаша түрде:
нотариуспен - алимент төлеу туралы келісім;
медиатормен - дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім;
адвокаттармен, заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдармен – партисипативтік рәсім тәртібімен алимент төлеу туралы дауды реттеу туралы келісім (Кодекстің 158-бабы) нысанында жасалады.
Алимент төлеу туралы келісім міндетті түрде алимент төлеудің мөлшері, тәсілі мен тәртібін қамтуы тиіс.
Алимент төлеу туралы келісімге сәйкес алимент мынадай тәсілмен:
алимент төлеуге міндетті адамның табысына және (немесе) өзге де кірісіне үлестерде;
мерзімді түрде төленетін нақты ақшалай сомада;
біржолғы төленетін нақты ақшалай сомада;
мүлікті беру арқылы;
келісімге қол жеткізілген өзге де тәсілдермен (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету және т.б.) төленуі мүмкін.
Алимент төлеу туралы келісімде алимент төлеудің әртүрлі тәсілдерінің үйлесімі көзделуі мүмкін.
Кодекстің 159-бабы 1-тармағына сәйкес алимент төлеу туралы келісімді жасасуға, орындауға, өзгертуге, бұзуға және жарамсыз деп тануға АК-нің азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасасуды, орындауды, өзгертуді, бұзуды және жарамсыз деп тануды реттейтін нормалары қолданылады.
Алимент төлеу туралы келісімді өзгерту және бұзу туралы құқықтық қатынастарға АК-нің 401-бабы 2-тармағының нормалары қолданылуға жатады, оған сәйкес тараптардың бірінің талабы бойынша шарт:
1) екінші тарап шартты елеулі түрде бұзған кезде;
2) АК-де, басқа заңнамалық актілерде немесе шартта көзделген өзге де жағдайларда тек соттың шешімімен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.
Соттар заңнамада көзделген өзге де жағдайларға Кодекстің 159-бабы 3-тармағының ережелері жататынын назарға алған жөн.
Мәселен, тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайы айтарлықтай өзгерген жағдайда және алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу туралы келісімге қол жеткізілмеген кезде мүдделі тарап осы келісімді өзгерту немесе бұзу туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.";
10) 31-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кодекстің 139-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балалар үшін төленетін алимент бойынша берешектің мөлшерін сот орындаушысы алимент төлеуге міндетті адамның алимент өндіріп алынбаған кезеңдегі жалақысын және өзге де кірістерін негізге ала отырып айқындайды. Алимент төлеуге міндетті адам осы кезеңде жұмыс істемесе не оның жалақысын және өзге де кірісін растайтын құжаттар табыс етілмесе, ай сайынғы төлемдер және (немесе) алимент бойынша берешек Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 99-бабының 3-тармағына сәйкес берешекті өндіріп алу кезіндегі Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы мөлшерінен айқындалады. Мүгедектігі бар адамдар болып табылатын борышкерлер үшін ай сайынғы төлемдер немесе алимент бойынша берешек олардың ай сайынғы жалақысынан және өзге де кірістерінен, ал егер олар жұмыс істемесе - бюджет қаражатынан және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін ай сайынғы жәрдемақылардан және (немесе) әлеуметтік төлемдерден айқындалады.";
11) 32-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кодекстің 171-бабында белгіленген тұрақсыздық айыбы мұқтаж отбасы мүшелерінің күтіп-бағу құқығын жүзеге асыруға кепілдік беретін отбасылық-құқықтық жауапкершіліктің арнайы шарасы болып табылады және кешіктірілген әрбір күні үшін төленбеген алимент сомасының оннан бір пайызы мөлшерінде өндіріп алынады. АК-нің 297-бабының негізінде алименттерді уақтылы төлемегені үшін тұрақсыздық айыбының мөлшерін азайтуға жол берілмейді.";
12) 34-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кодекстің 144-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде ата-аналардың әрқайсысын сот айрықша мән-жайлардан туындаған қосымша шығыстарды көтеруге қатысуға тартуы мүмкін.";
13) 35-тармақтың үшінші абзацындағы ", сондай-ақ еселігі АЕК мөлшері негізге алына отырып" деген сөздер алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 9-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы |
А. Мерғалиев |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, жалпы отырыс хатшысы |
Г. Әлмағамбетова |