"Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу кодекстерiне және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне қылмыстық iстердi тергеу рәсiмдерiн жеңiлдету және қылмыстардың кейбiр құрамдарын қылмыстық сипаттан арылту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 70 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу кодекстерiне және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне қылмыстық iстердi тергеу рәсiмдерiн жеңiлдету және қылмыстардың кейбiр құрамдарын қылмыстық сипаттан арылту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық
iс жүргiзу кодекстерiне және Қазақстан Республикасының
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне қылмыстық iстердi тергеу рәсiмдерiн жеңiлдету және қылмыстардың кейбiр құрамдарын қылмыстық сипаттан арылту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"

      1. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық  кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат):
      1) 48-баптың үшiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бiрiншi рет қылмыс жасаған адамдарға, жеке адамға қарсы ауыр қылмыстар мен аса ауыр қылмыстарды қоспағанда, үкiм шығарған сәтте алпыс жасқа толса, бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.";
      2) мынадай мазмұндағы 60-1-баппен толықтырылсын:
      "60-1-бап. Тағылған айып көлемiмен келiсу туралы акт жасалған жағдайда жаза тағайындау.
      Айыпталушының тағылған айып көлемiмен келiсуi туралы прокурор мен екеуiнiң арасында акт жасалған жағдайда, соттың прокурор ұсынған жазадан қатаң жаза тағайындауға құқы жоқ. Жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған кезде тағылған айып көлемiмен келiсу туралы келiсiм жасалмайды.";
      3) 62-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлiкпен толықтырылсын:
      "3-1. Үкiм заңды күшiне енгенге дейiн үйiнде қамап ұстау бас бостандығынан айыру, қамау түрiндегi жаза мерзiмiнiң бiр күнiне екi күн, бас бостандығын шектеу түрiнде ұстауға - бiр күнiне бiр күн, түзеу жұмыстары мен әскери қызмет бойынша шектеуге - екi күнiне бiр күн, ал қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазалау мерзiмiне - қоғамдық жұмыстардың екi сағаты үйден шығуға тыйым салуда ұсталған бiр күн есебiмен есептеледi.";
      4) 79-баптағы бiрiншi бөлiктiң д) тармақшасы алынып тасталсын;
      алтыншы бөлiгi алынып тасталсын;
      5) 81-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "81-бап. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату.
      1. Бiрiншi рет кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған кәмелетке толмаған адам, егер оны түзеу қылмыстық жауаптылыққа тартусыз мүмкiн деп белгiленсе сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. Бұл ретте оған осы Кодекстiң 82-бабында көзделген тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн.
      2. Бiрiншi рет кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшiн сотталған кәмелетке толмаған адам, егер оны түзеуге осы Кодекстiң 82-бабында көзделген тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткiзуге болады деп танылса, сот оны жазадан босатуы мүмкін.";
      6) 84-бапта:
      а) тармағында "үштен" деген сөз "төрттен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      б) тармағында "жартысын" деген сөз "үштен бiрiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      в) тармағында:
      "үштен екiсiн" деген сөздер "жартысын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "аса ауыр қылмысы" деген сөздердiң алдында "адам өмiрiне қол сұғумен ұштаспаған" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы г) тармағымен толықтырылсын:
      "г) адам өмiрiне қол сұғумен ұштасқан аса ауыр қылмысы үшiн сот тағайындаған жазаның кем дегенде үштен екiсiн";
      7) 104-бапта:
      бiрiншi бөлiктегі екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе алты айға дейiн қамауға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады";
      екiншi бөлiктегi екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "бec жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады";
      8) 106-бап алынып тасталсын;
      9) 108-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "108-бап. Денсаулыққа жан күйзелiсi (аффект) жағдайында зиян келтiру
      Денсаулыққа кенеттен пайда болған жан күйзелiсi (аффект) жағдайында жасалған, жәбiрленушiнiң тарапынан зорлық жасауға, қорлауға немесе ауыр тiл тигiзуге, не жәбiрленушiнi өзге құқыққа қарсы немесе моральға жат әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) байланысты, сол сияқты жәбiрленушiнiң ұдайы құқыққа қарсы немесе моральға жат мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психикалық зақым келтiретiн жағдайда қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру, -
      екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      10) 111-баптың үшiншi бөлiмi алынып тасталсын;
      11) 115-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "115-бап. Жыныстық ауруды жұқтыру
      Өзiнде жыныстық ауруы бар екендiгiн бiлген адамның eкi немесе одан да көп адамға не көрiнеу кәмелетке толмаған адамға жұқтыруы,-
      бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      12) 154-бап алынып тасталсын;
      13) 168-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "168-бап. Өкіметтi күшпен басып алу немесе өкiметті күшпен ұстап тұру не шетел мемлекетінiң, шетел ұйымның немесе олардың өкiлдерiнiң Қазақстан Республикасының уәкiлетті органдары мен лауазымды адамдарының құзырына енетін өкілеттіктерді жүзеге асыруы
      1. Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып өкiметтi күшпен басып алуға нeмece өкiметті күшпен ұстап тұруға бағытталған, сол сияқты Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған iс әрекеттер,-
      он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Шетел мемлекетiнiң, шетелдік ұйымның немесе олардың өкiлдерiнiң Қазақстан Республикасының, оның уәкiлеттi органдарының немесе лауазымды адамдарының құзыретiндегi өкiлеттiктердi жүзеге асыруы,-
      бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не жетi жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      14) 175-бапта:
      бiрiншi бөлiгi "екi жылға дейiнгi" деген сөздерден кейiн "немесе үш жылға дейiн бас бостандығынан шектеуге," деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiгiнде "eкі жылдан" деген сөздер алынып тасталсын;
      15) 177-баптың екiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер алынып тасталсын;
      16) 182-баптың үшiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер алынып тасталсын;
      17) 183-баптың үшiншi бөлігінде "үш жылдан" деген сөздер алынып тасталсын;
      18) 185-баптың екiншi бөлiгiнде екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "бec жылға дейiн бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      19) 186-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "186-бап. Жерге заттай құқықтарды бұзу
      1. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулi зиян келтіруге әкеп соққан, күш қолдану арқылы не күш қолданумен қорқыту арқылы немесе адамдар тобымен, немесе заңсыз тiнтумен ұласып жасалған бөтен жер учаскесiне заңсыз кiрiп кету, сол сияқты бөтеннiң жер учаскесiн заңсыз басып алу,-
      екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не екi айдан төрт айға дейiн қамауға алуға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгінде көзделген, адамның өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаған әрекеттерi,-
      бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға нe екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      20) 187-бапта:
      бiрiншi бөлiгi "бас бостандығынан айыруға" деген сөздерден кейiн "немесе сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiгi "қамауға," деген сөзден кейiн "не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге," деген сөздермен толықтырылсын;
      21) 193-баптың екiншi бөлiгiндегi "екi жылдан" деген сөздер алынып тасталсын;
      22) 196-баптың екiншi бөлiгiндегi "екi жылдан" деген сөздер алынып тасталсын;
      23) 208-баптың екiншi бөлiгі "Акциздiк алымның" деген сөздердiң алдында "Едәуiр залал келтiруге әкеп соққан" деген сөздермен толықтырылсын;
      24) 209-бапта:
      бiрiншi бөлiгінiң екiншi абзацы "айыппұл салуға" деген сөздерден кейiн "мүлкi тәркiленiп немесе онсыз" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiгінде "екi жылдан" және "немесе онсыз" деген сөздер алынып тасталсын;
      25) 242-баптың екiншi бөлiгi "түзеу жұмыстарына," деген сөздерден кейiн ", не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу," деген сөздермен толықтырылсын;
      26) 257-бапта:
      бiрiншi бөлiгi "түзеу жұмыстарына," деген сөздерден кейiн "не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiгiнде "бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер "бec жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      27) 275-баптың екiншi бөлiгiндегi екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "бec жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      28) 281-баптың үшiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер алынып тасталсын;
      29) 282-баптың үшiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер алынып тасталсын;
      30) 283-баптың үшiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер алынып тасталсын;
      31) 285-баптың үшiнші бөлiгiнде "екі жылдан" деген сөздер алынып тасталсын;
      32) 286-баптың екiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер алынып тасталсын;
      33) 299-баптың бiрiншi бөлiгi "айыппұл салуға," деген сөздерден кейiн "не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге," деген сөздермен толықтырылсын;
      34) 312-баптың ескертуi мынадай мазмұндағы 3-бөлiкпен толықтырылсын:
      "Осы бапта қолданылатын лауазымды адамдарға осы Кодекстiң 307-бабының ескертуiнде көрсетiлген лауазымды адамдар, сондай-ақ шет мемлекеттердiң лауазымды адамдары жатады";
      35) 370-баптың бiрiншi бөлiгi "жазаланады" деген сөзден кейiн "екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не" деген сөздермен толықтырылсын;
      36) 372-баптың бiрiншi бөлiгіндегi "екiден" деген сөз "бестен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      37) 375-баптың бiрiншi бөлiгiнде "бiр жылдан" деген сөздер алынып тасталсын;
      38) 380-баптың бiрiншi бөлiгi "әскери қызметшiлердiң (азаматтардың) немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соғуы" деген сөздермен толықтырылсын;
      39) 391-баптың екiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж. N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат):
      1) 7-бап мынадай мазмұндағы 44) және 45)-тармақтармен толықтырылсын:
      "44) сезiктiнi ұстау - қылмыс жасады деген сезiк бойынша анықтау органының, анықтаушының, тергеушiнiң немесе прокурордың адамды нақты ұстау сәтiнен кемiнде 72 сағат мерзiмге қолданатын процессуалдық мәжбiрлеу шарасы;
      45) нақты ұстау сәтi - қылмыстың жасалуына сезiктi адамды осы Кодекспен белгiленген тәртiпте жүргiзiлетiн жүрiп-тұру бостандығынан нақты айыру сәтi.";
      2) 33-баптың бiрiншi бөлiгiнде "112" деген сан алынып тасталсын;
      3) 37-баптың бiрiншi бөлiгiндегi 5-тармақта ", Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 67-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, жәбiрленушiнiң күдiктiмен немесе айыпталушымен татуласуы" деген сөздер алынып тасталсын;
      4) 38-баптың бiрiншi бөлiгiнде "жәбiрленушiнiң сезiктiмен немесе айыпталушымен ымыраласуына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 67-бабында көзделген жағдайларда адамды қылмыстық жауаптылықтан босата қылмыстық iстi қысқартуға" деген сөздер "қылмыстық iс қозғамауға, ал қозғалған қылмыстық iстi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 67-бабының 2-бөлiгiнде көзделген жағдайларда жәбiрленушiнiң сезiктiмен немесе айыпталушымен ымыраласуына байланысты адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, тоқтатуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 39-баптың бiрiншi бөлiгінде ", 5,7,8" деген сандар алынып тасталсын;
      6) 48-баптың төртiншi бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Бiрнеше қылмыстық iс бiрiктiрiлген жағдайда олар бойынша өндiрiс алдын ала тергеу мерзiмi неғұрлым ұзақ қылмыстық iс бойынша анықталады. Бұл ретте қалған қылмыстық iстер бойынша өндiрiс мерзiмi неғұрлым ұзақ мерзiммен ауыстырылады және қосымша ескерiлмейдi. Егер бiрiктiрiлген iстердiң бipeуi бойынша жолын кесу шарасы ретiнде қамауға алу немесе үйiнде қамауда ұстау қолданылса, тергеу мерзiмi аталған жолын кесу шаралары қолданылған iс қозғалған күннен бастап есептеледi.
      Бiрнеше қылмыстар бiр өндiрiске бiрiктiрiлген жағдайда олар бойынша алдын ала тыңдауды өткiзу мерзiмi сотқа соңғы iс түскен күннен бастап есептеледi.";
      7) 49-баптың алтыншы бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Бөлектелген iс бойынша iс жүргізудiң мерзiмi негiзгi қылмыстық iс қозғалған кезден бастап есептеледi.";
      8) 72-баптың үшiншi бөлiгiнде "ұзақ мерзiм (кемiнде бес тәулiк)" деген сөздер "қырық сегiз сағат" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 75-бапта:
      бесiншi бөлiктегi "қаралады" деген сөз "қаралуы мүмкiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
      алтыншы бөлiгi "өкiлi болуына" деген сөздерден кейiн "одан дәлелдеу құралы ретiнде қылмыстық қудалау органы алған немесе өзi берген мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған адамнан алынған оған тиiстi мүлiктi алуға, оған тиiстi құжаттардың түпнұсқауларын алуға; заңмен көзделген жағдайларда сезiктiмен, айыпталушымен ымыраласуға;" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) 109-баптың бесiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Осы баптың ережелерiне сәйкес шығарылған сот қаулысына оны жариялаған сәттен бастап үш тәулiк iшiнде осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдар шағым беруi, сондай-ақ анықтау немесе алдын ала тергеу кезiнде заңның бұзылғандығына шағымдарды қарау жағдайларын қоспағанда, прокурор қаулыны шығарған судья қызмет ететiн сот арқылы облыстық және оған теңестiрiлген сотқа наразылық бiлдiруi мүмкiн. Шағымдану мерзiмi өткеннен кейiн iс шағыммен, наразылықпен қоса бұл туралы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарға және прокурорға хабарлау арқылы облыстық және оған теңестiрiлген сотқа жiберiледі. Облыстық немесе оған теңестiрiлген соттың судьясы осы баптың үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген ережелер мен мерзiмдердi сақтай отырып, шағымды, наразылықты қарайды және мына шешiмдердiң бiрiн шығарады: шағымды, наразылықты қанағатсыз қалдыру және қалалық (аудандық) сот судьясының қаулысын өзгерiссiз қалдыру; шағымды, наразылықты қанағаттандыру және қалалық (аудандық) сот қаулысының күшiн жою.";
      11) 116-баптың үшiншi бөлiгі мынандай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Куә ретiнде алдын-ала жауап алу барысында сезiктiнiң, айыпталушының берген көрсетулерi дәлел ретiнде танылмайды және айыптау негiзiне алынбайды";
      12) 134-баптың бiрiншi бөлiгiнде "Ұсталған адамды анықтау органына немесе алдын ала тергеу органына әкелгеннен кейiн" деген сөздер "Нақты ұстау сәтiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 152-бап мынадай мазмұндағы бөлiммен толықтырылсын:
      "Бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылған сезiктiнi, айыпталушыны тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу үшiн бiр тергеу изоляторынан басқа тергеу изоляторына ауыстыру (этаптау) прокурордың қаулысы бойынша немесе прокурор санкцияландырған анықтаушының, тергеушiнiң қаулысы бойынша жүзеге асырылады.";
      14) 153-бап мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      "12-1. Шет мемлекет Қазақстан Республикасына iздестiрудегi адамды берген жағдайда қамауға алу мерзiмi оның Қазақстан Республикасының аумағына келген күнiнен бастап есептеледi. Бұл ретте адамды шет мемлекеттiң аумағында экстрадициялық қамау тәртiбiмен қамауда ұстау уақыты оны берген жағдайда жазаны тағайындау кезiнде жалпы қамауда ұстау мерзiмiне есептеледi.";
      15) 161-баптың бірінші бөлiгi мынадай мазмұндағы бөлiммен толықтырылсын:
      "Осы Кодекстiң 232-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда мүлiкке тыйым салу прокурордың санкциясынсыз, бiрақ, жиырма төрт сағаттың iшiнде оған мүлiкке тыйым салу жүргiзiлгенi туралы хабарлама жiберу арқылы жүзеге асырылады.";
      16) 162-баптың бiрiншi бөлiгi "мүлiктiк" деген сөзден кейiн "және моральдық" сөздермен толықтырылсын:
      "5. Қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған кезде тергеу алдындағы тексеру барысында табылған заттар мен құжаттар туралы мәселе осы Кодекстiң 121-бабындағы үшiншi бөлiмнiң ережелерi бойынша шешiледi.";
      17) 188-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "4. Қылмыс туралы хабарды немесе арызды тергелуiне немесе сотталуына қарай беру кезiнде оқиға болған жердi немесе үй-жайды қарау кезiнде табылған, не ұйымдар, лауазымды адамдар не азаматтар берген заттар мен құжаттар осы Кодекстiң 223-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген тәртiпте берiледi.";
      18) 192-бапта:
      екiншi бөлiгiнде:
      "142" деген сан "142 (екiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "145 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "145 (үшiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "186 (үшiншi бөлiгiнде) деген сөздер "186 (екiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "188 (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздер алынып тасталсын;
      "262 (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздер алынып тасталсын;
      "266 (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздер алынып тасталсын;
      "296 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)," деген сөздер алынып тасталсын;
      "319-322" деген сандар "319, 320 (екiншi бөлiгiнде), 321, 322" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "327 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)," деген сөздер "327 (үшiншi бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "176-баптың (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде) көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша" деген сөздерден кейiн "209 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "218" деген саннан кейiн "224" деген санмен толықтырылсын;
      "223 (екiншi бөлiгiнде)" деген сөздер алынып тасталсын;
      үшiншi бөлiгiнде:
      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң" деген сөздерден кейiн "176" (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде) деген сөздермен толықтырылсын;
      "191-205" деген сандар (191-197, 199-205)" деген сандармен ауыстырылсын;
      "207" деген саннан кейiн "209 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "222 (екiншi бөлігінде)" деген сөздерден кейiн "224" деген санмен толықтырылсын;
      "223 (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздер алынып тасталсын;
      төртiншi бөлiгiнде:
      "176 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер алынып тасталсын;
      "209 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер алынып тасталсын;
      "224" деген сан алынып тасталсын;
      "227" деген сан алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-2 бөлiкпен толықтырылсын:
      "4-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 227-бабында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi қылмыстық iстi қозғаған iшкi iстер, қаржы полициясы немесе ұлттық қауiпсiздiк органдары жүргiзедi.";
      19) 223-баптың төртiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Есiрткi құралдары немесе психотроптық заттар не прекурсорлар болып табылатын заттай дәлелдерге сот сараптамаларын жүргiзгеннен кейiн, егер оларды мақсаты бойынша пайдалану немесе өткiзу үшiн тиiстi ұйымдарға беру мүмкін болмаса, қайта және қосымша сараптамалық зерттеулер жүргiзу үшiн жеткiлiктi үлгiлерiнен басқасы фотосурет немесе бейнежазба құралдарымен түсiріп алынып, жойылуы тиiс.";
      20) 280-баптың екiншi бөлiгiнде "куәландыратын" деген сөз "растайтын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      21) 285-бапта:
      бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Көрiнеу қылмыстар туралы және осы баптың екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi және тоғызыншы бөлiктерiнде көрсетiлген қылмыстар туралы iстер бойынша алдын ала тергеу жүргізу мiндеттi емес және анықтау материалдары iстi сотта қарауға негiз болып табылады. Орындаушысы оны жасағаннан кейiн ұсталған немесе куәгерлер, оның iшiнде жәбiрленушi осы адамды қылмыс орындаушысы ретiнде көрсетсе, не сол адамда, оның киiмiнде, өзiмен бiрге немесе оның тұратын жерiнде қылмыстың орындаушысы (оған қатысушы) деп ойлауға негiз беретiн қылмыс iздерi табылса, қылмыс көрiнеу деп танылады. Жеке тұлғаларға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстары, сондай-ақ кәмелетке толмағандар, дене және психикалық кемiстiктерiне байланысты өзiнiң қорғану құқығын жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстар және бiр адам жасаған бiр немесе одан да көп қылмыстар жиынтығы көрiнеу қылмыс болып табылмайды, көрiнеу қылмыстар туралы iстердi тергеу осы баптың ережелерi бойынша және айыпталушы өз кiнәсiн толық; көлемде мойындағанда жүргiзiледi.";
      екiншi бөлiгiнде:
      "106" деген сан алынып тасталсын;
      "141 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздерден кейiн "(142 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "145 (бiрiншi бөлiгiнде), 175 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "145 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 175 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "185 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "185 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде) деген сөздермен ауыстырылсын;
      "186 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "186 (екiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "187 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздерден кейiн "188 (екiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "262 (бiрiншi бөлiгінде)" деген сөздер "262" деген санмен ауыстырылсын;
      "266 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "266" деген санмен ауыстырылсын;
      "296 (бiрiншi бөлiгінде)" деген сөздер" "296" деген санмен ауыстырылсын;
      "317," деген саннан кейiн "320 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "327 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "327 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiгiндегi "222 (бiрiншi бөлiгінде)" деген сөздерден кейiн "223" деген санымен толықтырылсын;
      8-1-бөлiгiндегi "223 (бiрiншi бөлiгi)" деген сөздер алынып тасталсын;
      22) 315-баптың екiншi бөлiгiндегi 1) тармақшада "ауырлығы шағын" деген сөздерден кейiн "және орташа" деген сөздермен толықтырылсын;
      23) 322-бапта:
      екiншi бөлiгiнде "алты" деген сөз "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiгiнде "он екi айға дейiн" деген сөздер "алты айға дейiн, ал аса ауыр қылмыстар туралы iстер бойынша он екi айға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      24) 363-баптың бiрiншi бөлiгiнде "Ауыр емес" деген сөздердiң алдында "Көрiнеу қылмыстар туралы және" деген сөздермен толықтырылсын;
      25) 448-баптың бесiншi бөлiгiнде "444" саны "423-1" санымен ауыстырылсын;
      26) 459-баптың екiншi бөлiгі 1) тармақшасындағы "446" деген сан "423-3" санмен ауыстырылсын;
      27) он екiншi бөлiм мынадай мазмұндағы 53-1-тараумен толықтырылсын:
      "53-1. Тағылған айып көлемiмен келiсу туралы акт жасалған қылмыстық iстер бойынша өндiрiс
      504-1-бап. Тағылған айып көлемiмен келiсу туралы акт
      1. Тағылған айып көлемiмен келiсу туралы акт прокурор мен айыпталушының арасындағы келiсiм болып табылады, ол бойынша айыпталушы тағылған айыппен келiсiп, жазаны жеңiлдету үшiн қылмыстық қудалау органдарымен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
      2. Тағылған айып көлемiмен келiсу туралы акт мiндеттi түрде айыпталушының қорғаушысының қатысуымен жазбаша түрде жасалады.
      3. Тағылған айып көлемiмен келiсу туралы актiнi қылмыстық қудалау органының не кiнәлi адамның немесе оның қорғаушысының бастамасымен кiнәлiден сезiктi ретiнде жауап алған кезден бастап он тәулiктен кешiктiрмей жасайды, прокурор бұл ретте актiнi жасай отырып, кiнәлi адамға (айыпталушыға) тиiстi айып (жаңа айып) тағады.
      4. Соттың тағылған айыптың көлемiмен келiсу туралы келiссөздi ұсынуға және қатысуға, сондай-ақ тағылған айыптың шегiнен шығуға және тағылған айып көлемiмен келiсу туралы актiде көзделген жазадан қатаң жаза тағайындауға құқы жоқ. Сот тағылған айыптың көлемiмен келiсу туралы акт заңға сәйкес, ерiктi түрде, қорғаушының қатысуымен жасалғандығын, айыбын растайтын дәлелдердiң жеткiлiктiлiгiн анықтауға мiндеттi. Осы жағдайларға байланысты сот тағылған айыптың көлемiмен келiсiм туралы актiнi қабылдауы мүмкiн немесе қабылдамайды.
      5. Тағылған айып көлемiмен келiсу туралы акт жасалған жағдайда қылмыстық iстi тергеу осы Кодекстiң 285-бабында көрсетiлген тәртiппен жүргiзiледi, бұл ретте тергеушi, анықтаушы қылмыстық iс қозғалғаннан кейiн қылмыстың жасалуын бекiткен iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамаларымен, криминалистiк зерттеу анықтамаларымен немесе сарапшының қорытындысымен, келтiрiлген залалдың немесе ұрланған мүлiктiң құны туралы анықтамамен, келтiрiлген залалды өтеу жөнiнде шаралар қабылдаумен; психоневрологиялық диспансердiң анықтамасымен, кiнәлi адамның бұрын сотталғандығы туралы сотқа ұсынылуы тиiс анықтама талап етумен; кiнәлiден, жәбiрленушiден, куәгерлерден көрсетулер алумен шектелуге құқылы. Куәгерлер көрген қылмыстарды тергеу кезiнде бұлтартпау шарасын таңдау тергеу амалдарының және өзге де iс-шараларының өндiрiсi осы Кодекстiң жалпы ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      504-2-бап. Тағылған айып көлемiмен келiсу туралы актiнi ұсыну мен оны жасасудың шарттары
      1. Тағылған айып көлемiмен келiсу туралы акт мына жағдайларда:
      а) айыпталушының тағылған айып көлемiмен келiсу туралы актiнi жасауға өз еркiмен тiлек бiлдiргенде;
      б) айыпталушының өз кiнәсiн толық көлемде, соның iшiнде талап ету шарттары бойынша мойындауы;
      в) айыпталушының соттың iстi қысқартылған тәртiпте қарауына дейiн немесе сотта өз еркiмен тiлек бiлдiргенде;
      г) топ болып қылмыс жасаған жағдайда - айыпталушының басқа қылмысқа қатысушыларға байланысты қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға көмек көрсетуге өз еркімен тiлек бiлдiргенде жасалады.
      2. Тағылған айып көлемiмен келiсу туралы акт жасалған жағдайда айыпталушы осы Кодекспен бекiтiлген барлық процессуалдық құқыққа ие, оның iшiнде:
      а) тағылған айып көлемiмен келiсу туралы актiден бас тартуға;
      б) оны қорғаудың барлық қажеттi кепiлдiктерiмен қамтамасыз ете отырып, заңды түрде оның кiнәсi дәлелденгенге дейiн кiнәсiздiк презумпциясын пайдалануға құқылы.
      3. Тағылған айып көлемiмен келiсу туралы келiсiмдi жасаған кезде прокурор қорғаушының қатысуымен айыпталушыға iс бойынша оны қызықтыратын барлық сұрақтарға, оның iшiнде мыналарға:
      а) тағылған айып көлемiмен келiсу туралы айыпталушымен актi жасалған жағдайда прокурордың соттан сұрайтын ең үлкен жазасы;
      б) тағылған айып көлемiмен келiсу туралы акт жасасқан жағдайда, өзiне тағылған қылмыс туралы тек шындық жауаптар беретiндiгi туралы және басқа адамдарға қатысты көрiнеу жалған ақпараты үшiн бұл жауаптар басқа процесте өзiне қарсы пайдаланылуы мүмкiн екендiгi туралы айыпкердiң мiндеттерi;
      в) егер шартты жаза тағайындалып, сотталушы тиiстi шарттарды бұзса, оның нақты жаза өтейтiнi;
      г) соттың жәбiрленушiге келтiрiлген залалды қайтару, сондай-ақ сот шығындарын төлеу туралы шешiм қабылдайтындығы;
      д) егер акт бекiтiлсе, сотталушы, сондай-ақ жәбiрленушi тағайындалған жаза мен рәсiмдеу нормаларының бұзылуына байланысты ғана үкiмге шағымдануына алатындығы;
      e) тағылған айып көлемiмен келiсу туралы акт жасаудың нәтижесiнде ол iстi толық рәсiм бойынша қарау құқығынан айрылатыны туралы түсiндiредi.
      4. Қорғаушы прокурор мен айыпталушының арасындағы айыпкердiң тағылған айып көлемiмен келiсуi туралы келiсiм өзiнiң қатысуымен жасалғаны туралы, осы баппен көзделген акт жасау тәртiбi сақталғаны және айыпталушының өзiнiң кiнәсiн мойындауы олардың алдын ала құпия келiсiмiнiң нәтижесi екенiн жазбаша куәландырады.
      5. Тағылған айып көлемiмен келiсу туралы актiмен бiрге iстi сотқа жiберер алдында осы Кодекстiң талаптарына сәйкес айыпталушы мен оның қорғаушысына танысу үшiн iс материалдары, сондай-ақ айыптау қорытындысы ұсынылады.
      504-3-бап. Соттың тағылған айып көлеммен келiсу туралы акт жасалған қылмыстық iстi қарауы
      1. Тағылған айып көлемiмен келiсу туралы акт бойынша iстi қарау iс материалдарын алған күннен бастап 10 күн iшiнде жүйеге асырылады және осы Кодекстiң 41-тарауының ережелерiн сақтай отырып басталады.
      2. Соттың тағылған айып көлемiмен келiсу туралы aктici бар iстердi қарауы осы Кодекстiң 363-бабының талаптарын сақтай отырып жүргiзiледi, бұл ретте хаттама толтырылады, онда мыналар көрсетiлуi тиiс:
      а) сотталушы тағылған айып көлемiмен келiсу туралы актiнi өз еркiмен жасады ма;
      б) қорғаушының актiнi айыпталушы өз еркiмен жасағандығы туралы куәлiгі бар ма;
      в) қорғаушының позициясы айыпталушының позициясымен сәйкес келе ме, бұл ретте айыпталушыдан мәселенiң мәнiсiн түсуi нақтыланады;
      г) келiсiмге қол қойғанға дейiн айыпталушының кiнәсiн мойындау туралы актiмен танысуға және оны өзiнiң қорғаушысымен талқылауға мүмкiндiгi болды ма;
      д) осы акт жәбiрленушiнiң, сотталушының және прокурордың арасындағы толық келiсiмдi бiлдiре ме;
      e) сотталушы өзiнiң кiнәсiн толық көлемде және өз еркiмен мойындай ма;
      ж) сотталушы iс бойынша материалдармен және жиналған дәлелдермен танысты ма;
      з) сотталушыға шын жауап беру қажет екендiгi және басқа адамдарға қатысты жалған ақпарат бергенi үшiн қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны туралы ескертiлдi ме;
      и) ол айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы мен айыптау қорытындысын алды ма және оны өзiнiң қорғаушысымен талқылады ма.
      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнiң талаптары сақталмаған жағдайда сот өзiнiң қаулысымен тағылған айып көлемiмен келiсу туралы актiден бас тартады. Осы баптың екiншi бөлiгінiң талаптары сақталған жағдайда coт сотталушыдан тағылған айып көлемiмен келiсу туралы актiге қатысты өзiнiң позициясын қолдайтындығын сұрайды. Егер сотталушы осы актiнi қолдаса, сот сот өндiрiсiне тағылған айып көлемiмен келiсу туралы актiнi қабылдайды, бұл ретте осы Кодекстiң 303-бабымен көзделген жағдайлар мен тәртiпте сот өз бастамасымен немесе тараптардың өтiнiшiмен iстi қосымша тергеуге жiберуге құқылы. Егер сотталушы кiнәсiн мойындау туралы актiнi қолдамаса, ол өзiн кiнәлап отырған қылмыс жөнiндегi жауабынан бас тартуға құқылы, бұл жағдайда сот iстi әдеттегi рәсiм бойынша қарау туралы шешiм шығарады.
      4. Сот тағылған айып көлемiмен келiсу туралы актiнi қабылдамаған жағдайда, ол келiсiмнен бас тарту туралы қаулы шығарады, ол туралы прокурор осы қаулының көшiрмесiн алғаннан кейiн 24 сағат iшiнде жоғары тұрған сотқа шағым бере алады. Тағылған айып көлемiмен келiсу туралы актiден бас тарту туралы соттың қаулысын прокурор қолдаған жағдайда сот істi дереу әдеттегi рәсiммен қарауға құқылы.
      5. Соттың шешiмi хаттамаға қаулы ретiнде енгiзiледi.
      504-4-бап. Тағылған айып көлемімен келiсу туралы акт жасаған жағдайдағы үкiм қаулысы
      1. Тағылған айып көлемiмен келiсу туралы iстер бойынша соттың шығарған үкiмi осы Кодекспен белгiленген тәртiпте, осы баптарға шегiнiс жасала отырып, қаулы етiледi.
      2. Үкiмнiң кiрiспе және сипаттау-дәлелдеу бөлiгi осы Кодекстiң 378-379-баптарында көзделген мәлiметтерден басқа, iстi тағылған айып көлемiмен келiсу және акт жасасу тәртiбiнде қарау туралы нұсқама болуы тиiс.
      3. Үкiмнiң резолюция бөлiгiнде осы Кодекстiң 380-бабындағы ережелермен көзделген мәлiметтер болуы тиiс.
      4. Yкiмдi қаулы ету кезiнде сот осы Кодекстiң 383 және 385-баптарында көзделген мәселелердi шешуге тиiс.
      5. Осы баппен белгiленген тәртiпте қаулы етiлген үкiмге апелляциялық тәртiппен тек рәсiмдiк қателер мен белгiленген жазалау шарасына қатысты шағымдануға болады.".
      3. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; 2003 ж., N 21-22, 160-құжат):
      1) 55-баптың бiрiншi бөлiгiндегi:
      "ал" шылауы "жеке адамға қарсы құқық бұзушылығы үшiн, сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2) 63-баптың екiншi бөлiгіндегi "отыз" және "қырық бec" сөздерi тиiсiнше "қырық бec" және "тоқсан" сөздерiмен ауыстырылсын;
      3) 69-баптың үшiншi бөлiгiндегi "әкiмшiлiк құқық бұзушылық" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүддесiне қол сұғатын қаржы және бюджет саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) мынадай мазмұндағы 9-1 тараумен толықтырылсын:
      "9-1-тарау. Жеке адамға қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
      79-1-бап. Ұрып-соғу
      Тән ауруын келтiрген, бiрақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 105-бабында көзделген зардаптарға әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерiн жасау, -
      жиырмадан жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулiкке дейiн қамауға жазаланады.
      79-2-бап. Денсаулыққа жан күйзелiсi (аффект) жағдайында зиян келтiру
      Денсаулыққа кенеттен болған жан күйзелiсi (аффект) жағдайында жасалған, жәбiрленушiнiң зорлық жасауға, қорлауға немесе ауыр тiл тигiзуге, не жәбiрленушiнi өзге құқыққа қарсы немесе моральға жат әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) байланысты, сол сияқты жәбiрленушiнiң ұдайы құқыққа қарсы немесе моральға жат мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психикалық зақым келтiретiн жағдайда қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру, -
      елуден екi жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе отыз тәулiкке қамауға жазаланады.
      79-3-бап. Денсаулыққа абайсызда орташа ауырлықтағы зиян келтiру
      Денсаулыққа абайсызда орташа ауырлықтағы зиян келтiру,-
      елуден жүз елуге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе отыз тәулiкке қамауға жазаланады.
      79-4. Жыныстық ауруды жұқтыру
      Өзiнде жыныстық ауру бар екендiгiн бiлген адамның оны басқа адамға жұқтыруы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын жаза белгiлерi болмаса,-
      елуден екi жүзеге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне айыппұл салынады немесе отыз тәулiкке қамауға жазаланады";
      5) 84-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi лауазымды адам жасаса, егер бұл әрекеттер азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiрсе,-
      жиырмадан екi жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады";
      6) 137-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      137-бап. Тиiстi тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлігінсiз) кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен не лицензиялау шарттарын бұзумен айналысу
      1. Тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлiгiнсiз), мұндай рұқсат, лицензия, бiлiктiлiк аттестаты (куәлiгi) мiндеттi болған жағдайларда кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен не лицензиялау шарттарын бұзумен айналысу, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса,-
      құқық бұзушылықтың тiкелей объектiлерi болып табылатын тауарларды және (немесе) оған қатысты лицензиялық тәртiп белгiленген iс-әрекеттi жүзеге асырудан алынған кiрiстердi тәркiлеп не онсыз және лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде қайталап жасалынған нақ сол iс-әрекеттер,- құқық бұзушылықтың тiкелей объектiлерi болып табылатын тауарларды және (немесе) оған қатысты лицензиялық тәртiп белгiленген iс-әрекеттi жүзеге асырудан алынған кiрiстерi тәркiленiп және лицензиядан айыра отырып, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерде, заңды тұлғаларға жетi жүзге дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады;
      7) 159-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "159-бап. Тұтынушыларды алдау
      1. Сауда қызметi мен қызмет көрсетудi жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлердiң немесе ұйымдардың кем өлшеуi, кем тартуы, кем санауы, тауардың (қызмет көрсетудiң) тұтынушылық қасиеттерi немесе сапасына қатысты шатастыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекеттердiң белгiлерi болмаса, азаматтарға - үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде, жеке кәсiпкерлер мен лауазымды адамдарға бестен жиырмаға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекеттер,-
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып және қызметiн тоқтата немесе тыйым сала отырып, азаматтарға - жиырмадан елуге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш, жеке кәсiпкерлер мен лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8) 356-бапта:
      баптың атауы "кедергi келтiру," деген сөздерден кейiн "қаулыларын" деген сөзбен толықтырылсын;
      үшiншi бөлiгiнде:
      "нұсқауларды" деген сөзден кейiн "қаулыларды" деген сөзбен толықтырылсын;
      "он беске дейiнгi" деген сөздер "оннан жиырма беске дейiнгi" сөздермен ауыстырылсын;
      9) 541-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
      "осы Кодекстiң" деген сөздерден кейiн "79-1, 79-2, 79-3, 79-4" деген сандармен толықтырылсын";
      "158" санынан кейiн "159 (екiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен толықтырылсын";
      10) 543-бапта:
      бiрiншi бөлiгiнде "159" саны "бiрiншi бөлiгi" деген сөздермен толықтырылсын";
      екiншi бөлiгiндегі 2) тармақта "159" санынан кейiн "бiрiншi бөлiгiнде" деген сөздермен толықтырылсын";
      11) 570-1-баптың бiрiншi бөлiгiнде "159" санынан кейiн "бiрiншi бөлiгінде" деген сөздермен толықтырылсын";
      12) 618-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8) тексеру;
      9) жеке адамның алкогольмен, есiрткiмен және уытқұмарлықпен масаю күйiн медициналық куәландыру.";
      13) 620-бапта:
      9) тармақшада "мен қаржы полициясы" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-1) басқару және мемлекеттiк билiк институттарының белгiленген тәртібiне қол сұғатын кәсiпкерлiк, сауда және қаржы, салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердiң ведомстволылығына сәйкес - қаржы полициясы органдарының лауазымды адамдары;";
      14) 625-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Алып келудi қаржы полициясы органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша тиiсiнше Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Қаржы полициясы агенттiгi белгiлеген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан соттың, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер және қаржы полициясы органдары жүргiзедi.";
      15) мынадай мазмұндағы 627-1 және 627-2-баптармен толықтырылсын:
      627-1-бап. Тексеру
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың iздерiн, өзге де материалдық объектiлердi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру кезiнде жағдайларды анықтау мақсатында уәкiлеттi лауазымды адам өз өкiлеттiгі шегiнде сол жердi, заттарды, құжаттарды, тiрi қалған адамдарды тeкcepугe құқылы.
      627-2-бап. Тексеру жүргiзудiң жалпы ережелерi
      1. Тексеру, әдетте, қажет болған кезде дереу жүргiзiледi. Тексеру жүргiзiлгенi туралы хаттама толтырылады.
      2. Тексеру куәгерлердiң қатысуымен жүргiзiледi. Ерекше жағдайларда ғана (бару қиындық тудыратын жерлерде, қажеттi байланыс құралдары болмаса немесе объективтi себептерге байланысты азаматтарды куәгер ретiнде тарту үшiн мүмкiндiк болмаған кезде) тексеру куәгердiң қатысуынсыз, бiрақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерiн техникалық бекiту құралдарын қолдана отырып, жүргiзiледi.
      3. Қажет болған жағдайда тексеру құқық бұзушының, жәбiрленушiнiң, куәгерлердiң, сондай-ақ маманның қатысуымен жүргiзiледi.
      4. Табылған iздер мен өзге де материалдық объектiлердi тексеру әкiмшiлiк құқық бұзушылық болған жерде жүргiзiледi. Егер тексеруге қосымша уақыт қажет болса немесе тексеру жүргiзiлетiн жерде елеулi қиындық туындайтын болса, объектiлер алынып, қатталады және мөр басылып, тексеруге қолайлы жерге бүлiнбей жеткiзiлуi мүмкiн.
      5. Тексеру кезiнде табылған және алынған заттар куәгерлерге, басқа да тексеруге қатысушыларға көрсетiлуi тиiс, бұл жөнiнде хаттамаға белгi қойылады.
      6. Алып қоюға тек қана iске қатысы бар объектiлер жатады. Алынған объектiлер қатталады, мөрленедi және уәкiлеттi лауазымды адам мен куәгерлердiң қолдарымен куәландырылады.
      7. Тексеруге қатысушы адамдар олардың пiкірiнше iстiң мән-жайын анықтауға ықпал етуi мүмкiн нәрсеге уәкiлеттi лауазымды адамның назарын аударуға құқылы.
      8. Қажет болған жағдайларда тексеру кезiнде тексерiлетiн объектiлер өлшенедi, жоспарлары мен сызбалары жасалады, сондай-ақ суретке түсiрiлiп, басқа да құралдармен жазылып алынады, бұл туралы хаттамаға белгi жасалады, оған аталған материалдар қоса тiркеледi.";
      16) 636-бапта:
      бiрiншi бөлiгiндегi 1-тармақта:
      екiншi абзацта:
      "iшкi iстер органдарының" деген сөздерден кейiн "79-1 - 79-4," деген сандармен толықтырылсын;
      "136," деген саннан кейiн "159 (екiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      жиырма екiншi абзацта:
      "172" деген саннан кейiн "177" деген санмен толықтырылсын;
      "188" деген саннан кейiн "356" деген санмен толықтырылсын;
      жиырма алтыншы абзац "158" санынан кейiн "159 (екiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы қырық бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Республикалық бюджеттiң орындалуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi мен мәслихаттардың ревизиялық комиссияларының (177, 356-баптар).";
      17) 638-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "3. Сараптама жүргiзу қажет болған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама сараптау қорытындысы алынған сәттен бастап бiр тәулiк iшiнде толтырылады.".

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады