Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Соттардың денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Республика заңдарын қолданудың кейбір мәселелері туралы" 1999 жылғы 9 шілдедегі N 9 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 12 Нормативтік қаулысы.

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Соттардың денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Республика заңдарын қолданудың кейбір мәселелері туралы" 1999 жылғы 9 шілдедегі N 9 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) қаулының атауындағы "Соты Пленумының қаулысы" деген сөздер "Сотының нормативтік қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) кіріспе мына редакцияда жазылсын:

      "Шарттық және өзге де міндеттемелерді орындау кезінде өмірге және денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы заңнаманы біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:";

      3) 2-тармақ мына редакцияда жазылсын:

      "2. Шарттық және өзге де міндеттемелерді орындауы кезінде жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талап арыз нысаны мен мазмұны жағынан Азаматтық іс жүргізу кодексінің 150, 151-баптарына сәйкес болуға тиіс.

      Қойылған талаптардың сипатына қарай талап арызға мынадай дәлелдемелер: ұйым әкімшілігінің еңбек жарақатын алған қызметкерге келтірілген зиянды өтеу туралы шешімі (бұйрығы, өкімі); жазатайым жағдай немесе қызметкердің еңбек қызметіне байланысты денсаулығына келтірілген өзге де зақым туралы акт (Н-1 нысанындағы акт)"; жазатайым жағдайды арнайы тексеру туралы акт; Мемлекеттік еңбек инспекторының жазатайым жағдайдың себептері туралы қорытындысы; дәрігерлік-әлеуметтік сараптама комиссиясының (ДӘСК) еңбек міндеттерін атқаруына байланысты жарақат алған немесе денсаулығына өзгедей зиян келтірілген қызметкердің кәсіптік еңбек қабілетін жоғалту дәрежесін (пайызбен алғанда) анықтау туралы қорытындысы; сот-медицина сараптама комиссиясының денсаулыққа басқадай зақым келген жағдайда берген қорытындысы; жәбірленушінің басқа адамның күтімін және басқа қосымша шығындардың түрлерін қажетсінетіні туралы қорытынды; Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 938-бабына сәйкес есептелетін орташа айлық есептік көрсеткіштің (табыстың) мөлшері туралы мәліметтер, сондай-ақ басқа да қажетті құжаттар қоса тіркелуге тиіс.

      Арыздың дұрыс қаралуы үшін қажетті дәлелдемелерді ұсыну мүмкін болмаған жағдайда судья тараптардың өтініші бойынша ұйымнан немесе мүдделі адамдардан осы дәлелдемелерді сұратып алуға міндетті";

      4) мына мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Соттар өндірістегі жазатайым жағдай немесе қызметкердің денсаулығына өзге де зақым келтірілгені туралы Н-1 нысанындағы актіні еңбек қорғау қызметінің және ұйым құрылымының жетекшілері толтыратынын және қол қоятынын, оны жұмыс беруші бекітіп, ұйымның мөрімен куәландыратынын назарда ұстағандары жөн. Кәсіптік ауруға шалдыққан (уланған) жағдайда Н-1 нысанындағы актіге сондай-ақ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының немесе Кәсіптік патология орталығының өкілдері қол қояды.

      Егер жұмыс беруші заңды тұлғаны құрмаған адам болса, онда Н-1 нысанындағы актіні жұмыс беруші толтырып, қолын қояды және нотариат арқылы куаландырады.";

      5) 4-тармақтың бірінші абзацындағы екінші сөйлем алынып тасталсын;

      6) 8-тармақ мына мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Жоғары қауіп көздерінің бір-бірімен соқтығысуының салдарынан үшінші адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда жоғары қауіп көздерінің иелері бірлесе жауапкершілік көтереді.";

      7) 10-тармақтың бірінші абзацы мына редакцияда жазылсын:

      "Жәбірленуші жарақат алған немесе оның денсаулығына өзгедей зақым келтірілген жағдайда оның алатын немесе алуы мүмкін жоғалтқан еңбекақысы (табысы), сондай-ақ денсаулыққа зақым келтірілуіне байланысты жұмсалатын шығындар (емделу, дәрі-дәрмек сатып алу, қосымша тамақтану, протез салғызу, санаторлық-курорттық ем алу және т.б. үшін), егер дәрігерлік-әлеуметтік сараптама комиссиясы жәбірленуші көмек пен күтімнің осы түрлерін қажетсінеді және оларды тегін алмайды деп тапса, өтелуге жатады.";

      8) 11-тармақ алынып тасталсын;

      9) 12-тармақтың екінші абзацы мына редакцияда жазылсын:

      "Ас беруге байланысты шығындарды өтеу кезінде спирт ішімдіктерін сатып алу үшін жұмсалған шығындар өтелуге жатпайды";

      10) 16-тармақтағы "бұрынғы айлық орта еңбекақысынан айырылған" деген сөздер "жалақысын (табысын) жоғалтқан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "АҚ-тің 187-бабына" деген сөздер "АК-нің 187-бабының 3) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 17-тармақта:

      бірінші абзац мына мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Денсаулығына зақым келген кәмелетке толмаған жәбірленуші еңбек қызметі басталған жағдайда зақым көлемінің дендегені туралы арызбен жүгінуге құқылы.";

      екінші абзацта "АҚ-тің 283-бабының" деген сөздер "АК-нің 283-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 18-тармақта:

      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 15 желтоқсандағы N 1414 қаулысымен бекітілген Еңбеккерлердің өндірісте денсаулығы зақымдануын және басқа жазатайым жағдайларды есепке алу мен зерттеп-тексеру жөніндегі ережемен" деген сөздер "Үкіметтің 2001 жылғы 4 шілдедегі N 916 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 наурыздағы N 326 қаулысымен бекітілген "Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесімен" деген сөздермен ауыстырылсын";

      екінші абзац алынып тасталсын;

      үшінші абзац мына редакцияда жазылсын:

      "Жазатайым оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссияның шешімі (Н-1 нысанындағы акт), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік еңбек инспекторының жазатайым оқиғаларды тексеру мәселелері бойынша жәбірленушінің кінәсінің дәрежесі туралы қорытындысы іс материалдарының барлық жиынтығы бойынша бағалауға жататын дәлелдемелердің бірі болып табылады.";

      13) 21-тармақта "АК-тің 22-бабының 4-тармағына" деген сөздер "АК-нің 22-бабының 4-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 22-тармақ алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы


Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы



О внесении изменений и дополнений в постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан N 9 от 9 июля 1999 года "О некоторых вопросах применения судами Республики законодательства по возмещению вреда, причиненного здоровью"

Нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 18 июня 2004 года N 12.

      В связи с изменением законодательства Республики Казахстан, пленарное заседание Верховного Суда Республики Казахстан

      постановляет:

      1. Внести в постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан N 9 от 9 июля 1999 года "О некоторых вопросах применения судами Республики законодательства по возмещению вреда, причиненного здоровью" следующие изменения и дополнения:

      1) в наименовании слова "Постановление Пленума" заменить словами "Нормативное постановление";

      2) преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В целях единообразного применения законодательства о возмещении вреда, причиненного жизни и здоровью при исполнении договорных и иных обязательств, пленарное заседание Верховного Суда Республики Казахстан

      постановляет:";

      3) пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Исковое заявление о возмещении вреда, причиненного жизни и здоровью потерпевшего при исполнении договорных и иных обязательств по форме и содержанию должно соответствовать требованиям статей 150 , 151 Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан.

      К исковому заявлению, в зависимости от характера исковых требований, должны быть приобщены доказательства: решение администрации организации (приказ, распоряжение) о возмещении ущерба, причиненного трудовым увечьем потерпевшему работнику; акт о несчастном случае или ином повреждении здоровья работников, связанных с трудовой деятельностью (акт формы Н-1); акт специального расследования несчастного случая; заключение Государственного инспектора труда о причинах несчастного случая; заключение медико-социальной экспертной комиссии (МСЭК) об установлении степени утраты профессиональной трудоспособности (в процентах) работником, получившим увечье или иное повреждение здоровья, связанные с исполнением трудовых обязанностей; заключение судебно-медицинской экспертной комиссии в других случаях повреждения здоровья; заключение о нуждаемости потерпевшего в постороннем уходе и других видах дополнительных расходов; сведения о размере среднего месячного заработка (дохода), исчисленного согласно статье 938 Гражданского кодекса Республики Казахстан (далее - ГК), а также другие необходимые документы.

      В случае невозможности предоставления необходимых доказательств для правильного рассмотрения заявления, судья по ходатайству сторон обязан истребовать от организаций или заинтересованных лиц эти доказательства.";

      4) дополнить пунктом 2-1 следующего содержания:

      "2-1. Судам следует иметь в виду, что акт о несчастном случае или ином повреждении здоровья работника на производстве по форме Н-1 заполняется и подписывается руководителями службы охраны труда и подразделения организации, утверждается работодателем и заверяется печатью организации. В случае профессионального заболевания (отравления) акт формы Н-1 также подписывается представителями органа Государственной санитарно-эпидемиологической службы или Центра профессиональной патологии.

      Если работодателем является лицо без образования юридического лица, то акт формы Н-1 заполняется и подписывается работодателем и заверяется нотариально.";

      5) в абзаце первом пункта 4 предложение второе исключить;

      6) пункт 8 дополнить предложением следующего содержания: "При причинении вреда жизни и здоровью третьим лицам от взаимодействия источников повышенной опасности, владельцы источников повышенной опасности несут солидарную ответственность.";

      7) абзац первый пункта 10 изложить в следующей редакции: "При причинении потерпевшему увечья или иного повреждения здоровья возмещению подлежат утраченный им заработок (доход), который он имел бы, либо определенно мог бы иметь, а также расходы, вызванные повреждением здоровья (на лечение, приобретение лекарств, дополнительное питание, посторонний уход, протезирование, санаторно-курортное лечение и др.), если заключением медико-социальной экспертной комиссии признано, что потерпевший нуждается в этих видах помощи и ухода, и не получает их бесплатно.";

      8) пункт 11 исключить;

      9) абзац второй пункта 12 изложить в следующей редакции:

      "При возмещении расходов, связанных с проведением поминального обеда, не подлежат возмещению расходы на приобретение спиртных напитков.";

      10) в пункте 16:

      слова "лишился прежнего среднемесячного заработка" заменить словами "утратил заработок (доход);

      слова "ст. 187 ГК" заменить словами "подпункта 3) статьи 187 ГК";

      11) в пункте 17:

      абзац первый дополнить предложением следующего содержания: "Несовершеннолетний потерпевший, получающий возмещение вреда здоровью, вправе обратиться с заявлением об увеличении его размера в случае начала трудовой деятельности.";

      в абзаце втором слова "ст. 283 ГК" заменить словами " статьи 283 ГК";

      12) в пункте 18:

      слова "Положением о расследовании и учете несчастных случаев и иных повреждений здоровья трудящихся на производстве, утвержденным постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 15 декабря 1994 года N 1414" заменить словами "Правилами расследования и учета несчастных случаев и иных повреждений здоровья работников, связанных с трудовой деятельностью, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан N 326 от 3 марта 2001 года с изменениями, внесенными постановлением Правительства N 916 от 4 июля 2001 года.";

      абзац второй исключить;

      абзац третий изложить в следующей редакции:

      "Решение комиссии по расследованию несчастного случая (акт формы Н-1), а также заключение государственного инспектора труда Республики Казахстан по вопросам расследования несчастных случаев о степени вины потерпевшего являются одним из доказательств, которые подлежат оценке в совокупности со всеми материалами дела.";

      13) в пункте 21 слова "п. 4 ст. 22 ГК" заменить словами "пункту 4 статьи 22 ГК ";

      14) пункт 22 исключить.

      2. Согласно статье 4 Конституции Республики Казахстан настоящее нормативное постановление включается в состав действующего права, а также является общеобязательным и вводится в действие со дня официального опубликования.

Председатель Верховного Суда


Республики Казахстан


Судья Верховного Суда


Республики Казахстан,


секретарь пленарного заседания