Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Ескерту. Нормативтік қаулының деректемелері жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Шарттық және өзге де міндеттемелерді орындау кезінде өмірге және денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы заңнаманы біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
Ескерту. Атауы мен кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 12 нормативтік қаулысымен.1. Шарттық және басқа да міндеттемелерді орындау кезінде азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге байланысты даулар, егер заңнамалық актілерде немесе шартта зиян келтірген адамның аса жоғары жауаптылығы көзделмесе, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 47-тарауында көзделген нормаларға сәйкес азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.
Шарттық міндеттемелер деп шарттан туындайтын міндеттемелерді түсінген жөн. Мұндай шарттарға еңбек шартын (келісімшарт), тапсырма шартын және т.б. жатқызуға болады.
Жәбірленушімен шарттық қатынастарда болмаған адам, мысалы, қызметі айналасындағыларға жоғары қауіптілікті (жоғары қауіптілік көзі) туындататын адам келтірген зиянды өтеу бойынша міндеттемелерді және басқаларды өзге де міндеттемелер деп түсінген жөн.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.2. Шарттық және өзге де міндеттемелерді орындау кезінде жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талап қою нысаны мен мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 148, 149-баптарының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Талап қою талаптарының сипатына қарай талап қоюға жәбірленушіге зиян келтірілгені туралы куәландыратын дәлелдемелер, атап айтқанда: ұйым әкімшілігінің жәбірленуші қызметкерге жұмыста мертігуден келтірілген зиянды өтеу туралы шешімі (бұйрығы, өкімі); қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға немесе денсаулығына өзге де зақым келуі туралы акт; жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісі; еңбек міндеттерін орындауға байланысты мертіккен немесе денсаулығына өзге зақым алған қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін (пайызбен алғанда) белгілеу туралы медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының (МӘСК) қорытындысы; денсаулыққа зақым келген басқа да жағдайларда сот-медициналық сараптама комиссиясының қорытындысы; жәбірленушінің бөгде адамның күтіміне және басқа да қосымша шығыс түрлеріне мұқтаждығы туралы қорытынды; АК-нің 938-бабына сәйкес есептелген орташа айлық есептік көрсеткіштің (кірістің) мөлшері туралы мәліметтер, тараптың (тараптардың) татуласуға бағытталған әрекеттерді жасағанын растайтын құжаттар, егер мұндай әрекеттер жасалған болса; сондай-ақ басқа да қажетті құжаттар қоса тіркелуге тиіс. Өкіл ұсынған және қол қойған талап қоюда, АПК-нің 148-бабы екінші бөлігі 1) – 8) тармақшаларында көрсетілген талаптардан басқа, талаптар негізделетін заң нормасына сілтеме болуға тиіс.
Талап қоюды дұрыс қарау үшін тараптардың қажетті дәлелдемелерді ұсынуы мүмкін болмаған жағдайда, АПК-нің 15-бабы төртінші бөлігіне сәйкес судья оларға уәжді өтінішхат бойынша ұйым немесе мүдделі адамдардан осындай дәлелдемелерді талап етіп алдыртуға жәрдемдесуге міндетті.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.2-1. Алынып тасталды - ҚР Жоғарғы сотының 2011.12.30 N 5нормативтік қаулысымен.
Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы сотының 18.06.2004 N 15 нормативтік қаулысымен.
3. Өндірістегі жазатайым оқиға немесе қызметкердің денсаулығына өзге де зақым келтірілгені туралы белгіленген нысандағы актіге еңбек қорғау қызметінің және ұйым бөлімшесінің басшылары қол қояды, оны жұмыс беруші бекітеді және ұйымның мөрімен куәландырылады. Кәсіптік ауруға шалдыққан (уланған) жағдайда тиісті актіге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі де қол қояды.
Егер жұмыс беруші заңды тұлға құрмай-ақ тұлға болып табылса, онда жұмыс беруші белгіленген нысандағы актіні толтырып, қол қояды және нотариат арқылы куәландырады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.4. Толық не iшiнара кәсіби еңбекке жарамдылығын, ал ол болмаған кезде - жалпы еңбекке жарамдылығын жоғалтқан жәбірленушілердің денсаулыққа зақым келтiрген зиянды өтеткізуге құқығы бар. Егер он төрт жасқа дейiнгi және табысы жоқ кәмелетке толмаған бала (жас бала) мертіккен немесе оның денсаулығына өзге де зақым келтірілсе, онда денсаулықтың зақымдануына байланысты шығыстар өтелуге жатады.
Жәбірленуші (асыраушы) қайтыс болған жағдайда қайтыс болған адамның асырауындағы немесе ол қайтыс болған күнге дейiн одан жәрдем ақша алуға құқылы болған еңбекке жарамсыз адамдар, сондай-ақ қайтыс болған адамның ол қайтыс болғаннан кейiн туған баласы, сондай-ақ АК-нің 940-бабының 1-тармағында көрсетілген басқа да адамдар зиянды өтету құқығына ие болады.
Өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін, шарттық мiндеттемелерден туындайтын ұқсас міндеттерін, әскери қызметтегі міндеттерiн орындауға байланысты жұмысшының денсаулығына келтірілген зиянды, егер ұйымның немесе жұмыс берушi-жеке тұлғаның кiнәсi анықталған жағдайда ғана олар өтейді.
Егер шарттық мiндеттемелердi, еңбек (қызметтік) мiндеттерiн, әскери қызметтегі мiндеттерiн орындау кезінде жұмысшының денсаулығына жоғары қауiптiлiк көзі арқылы зақым келтірілсе, онда мұндай зиян келтiргенi үшiн жоғары қауiптiлiк көзінің иесi жауапты болады.
Алайда, егер ұйымның немесе жұмыс берушi-жеке тұлға ұсынған көлік құралымен жұмыс орнына бара жатқанда немесе жұмыс орнынан қайтар жолда жұмысшының өмiрiне және денсаулығына зиян келтірілсе, онда ұйым мен жұмыс беруші-жеке тұлға жәбірленушінің алдында жауапты болады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.5. Қызметi айналасындағылар үшiн жоғары қауiптiлiкпен байланысты жеке және заңды тұлғалар, егер зиянның еңсерілмейтін күштің немесе жәбiрленушiнiң терiс пиғылының салдарынан болғанын дәлелдемесе, жоғары қауiптiлiк көзi арқылы келтiрілген зиянды өтеуге мiндеттi.
Жоғары қауiптiлiк көзінің иесi келтiрiлген зиян үшiн қолданыстағы заңнаманың негiзiнде белгiленетiн мөлшерде жауап бередi.
Адам тарапынан зиян келтірушіні толық бақылау мүмкіндігі болмауынан зиян келтірушінің жоғары қауіптілікті туындататын кез келген қызметі, сондай-ақ осындай сипаты бар өндiрiстiк, шаруашылық және өзге де мақсаттағы заттар мен өзге объектілердi пайдалану, тасымалдау, сақтау жөніндегі қызмет жоғары қауіптілік көзі болып танылады.
Сонымен қатар соттар заңды тұлғалар мен азаматтардың үй (оның iшiнде қызметтік және қарауылдық иттерінің) және жабайы жануарларының зиян келтіруін және бақылаусыз қимылдарын белгілі бір мән-жайларда жоғары қауіптілік көздеріне жатқызуға болатындығын ескеруi тиiс.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.6. Жоғары қауіптілік көздерінің іс-қимылымен келтiрiлген зиян үшiн жауаптылық оларды арнайы мақсатта пайдалану кезiнде де, олардың зиян келтіретін сипаттары өздігінен пайда болған кезде де (мысалы, автокөлiктiң өзiнен-өзi жүрiп кетуi салдарынан зиян келтірілген жағдайда) туындайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.7. Меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен, жедел басқару құқығымен немесе басқа да негiздермен (жалға алу шарты бойынша, көлiк құралын басқаруға берілген сенімхат бойынша, құзыреттi органның жоғарғы қауіптілік көзін беру туралы өкіміне орай және т.б.) тиесілі жоғары қауіптілік көзін пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаны немесе азаматты жоғары қауіптілік көзінің иесi деп тану керек.
Жоғары қауіптілік көзінің иесiмен еңбек қатынастарына байланысты осы көзді басқарып отырған адам (жүргiзушi, машинист, оператор және т.б.) жоғары қауіптілік көзінің иесi болып танылмайды және зардап шеккен жәбiрленушi адамның алдында жауапты болмайды.
Егер автокөлiк кәсiпорындары және басқа да кәсiпорындар автокөліктерін өзiнiң жұмысшыларына, яғни кәсiпорынмен еңбек қатынастарында тұратын, кәсiпорын мүддесiне әрекет ететін адамдарға жалға беру шарты бойынша тапсырса және көлiк құралы кәсiпорынның иелiгiнен іс жүзінде шықпаса, онда келтiрiлген зиян үшiн жоғары қауіптілік көзінің иесi (меншік иесі) ретiнде кәсiпорын жауапты болады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.8. Жоғары қауіптілік көздерінің өзара іс-қимылы салдарынан олардың иелерiнiң денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда, соттар келтiрiлген зиян үшін жауаптылық жалпы негiздер бойынша туындайтынын ескеруi тиіс. Бұл ретте:
бiр иегердiң кiнәсi бойынша екiншi иегерге келтiрiлген зиянды кiнәлi тарап өтейтiнiн;
иегердің ғана кінәсі болған кезде, оған келтірілген зиян өтелмейтінін;
иелердің екеуі де кiнәлi болған жағдайда өтеу мөлшерi әрқайсысының кiнәсiнiң дәрежесiне сай мөлшерлес анықталатынын;
жоғары қауіптілік көзінің иелерi бір-біріне өзара зиян келтіргені үшін кiнәлі болмаған жағдайда (оның мөлшерiне қарамастан) олардың ешқайсысының өтемақы алуға құқығы болмайтынын ескерген жөн. Жоғары қауіптілік көздерінің өзара іс-қимылының салдарынан үшінші тұлғалардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда жоғары қауіптілік көздерінің иелері ортақ жауаптылықта болады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.9. Жоғары қауiптiлiк көзiнiң иесi, егер қауiптiлiк көзi оның кінәсінен емес, басқа адамдардың заңға қарсы әрекеттерi салдарынан иесінің иелiгiнен шыққанын дәлелдесе, келтiрілген зиян үшiн жауап бермейдi. Мұндай жағдайларда жоғары қауіптілік көзін нақты иеленген адамдардың жауаптылығы жалпы негiздер бойынша анықталады.
Басқа адамдардың заңсыз әрекеттерiнің салдарынан иесінің иелiгiнен шыққан жоғары қауіптілік көзі зиян келтірген жағдайда, сонымен қатар жоғары қауіптілік көзі иесінің кінәсі де болған (мысалы, жоғары қауіптілік көзі иесінің оның тиiстi түрде сақталуын қамтамасыз етпеген) кезде келтірілген зиян үшін жауаптылық жоғары қауіптілік көзін тiкелей пайдаланып отырған адамға да, оның иесiне де жүктелуі мүмкін. Мұндай мән-жайлар кезінде жауаптылық үлестік тәртіппен жүктеледi.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.10. Жәбірленуші мертіккен немесе оның денсаулығына өзге де зақым келтірілген кезде жәбірленуші жоғалтқан, онда болуы мүмкін не анық иелене алатын табыс (кіріс), сондай-ақ денсаулыққа зақым келтіруден туындаған шығыстар (емделуге, қосымша тамақтануға, дәрі-дәрмек сатып алуға, протез салғызуға, басқа адамның күтім жасауына, санаторий-курорттық емделуге және басқалар), егер жәбірленуші көмек пен күтімнің осындай түрлеріне мұқтаж және оларды тегін алмайды деп танылса, өтелуге жатады.
Бұл ретте соттар жоғалтқан табысты (кiрiстi) анықтау кезiнде мертігуіне немесе денсаулығына өзге де зақым келтiрiлуiне байланысты жәбiрленушiге тағайындалған мүгедектiк бойынша жәрдемақы, денсаулығына зиян келтiрілгенге дейiн де, одан кейiн де тағайындалған басқа да жәрдемақы түрлерi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерi өтеу есебiне қосылмайды. Сондай-ақ жәбiрленушiнiң денсаулығы зақымданғаннан кейiн алатын табысы да есептелуге жатпайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.11. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 12 нормативтік қаулысымен.
12. Соттар өтелуге тиiс жерлеу шығыстарына жерлеуге тiкелей қатысы бар қажеттi шығыстар (табыт жасауға, қайтыс болған адам үшiн киім, гүл шоқтарын сатып алуға, қабір қазуға, марқұмды жерлеу орнына жеткiзуге арналған шығындар және т.б.) ғана жататынын ескеруi қажет. Ескерткiштер мен қоршауларды орнатуға арналған шығыстар да оларды дайындаудың нақты құнының негізінде, бірақ сол жерде орнатылған стандартты ескерткiштер мен қоршаулардың шектi құнынан жоғары емес бағада өтелуге жатады.
Ас беруге байланысты шығыстарды өтеу кезінде спирттік ішімдіктерді сатып алу шығыстары өтелуге жатпайды.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.13. Егер мертігуі немесе денсаулығының өзге де зақымдануы еңбекке қабілеттілігінен ішiнара айырылуға әкеп соқтырса, алайда мүгедектiк тобын анықтауға жеткiлiксiз болған жағдайда, залалды өтеу оның еңбек қабiлеттiлiгiнен айырылу деңгейiне сәйкес келетін орташа айлық жалақысының пайызымен жүргізілуге тиiс.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.14. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, түзеу мекемесі әкiмшiлiгiнің тапсырмасы бойынша жұмыс iстеген кезде сотталған адамға келтiрiлген зиянды өтеу жалпы негiздер бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.15. Талап қоюды қанағаттандыру кезінде сот шешiмiнде жәбірленушінің денсаулығына зиян келтiруде немесе асыраушының қайтыс болуына ұйымның, жұмыс берушi-жеке тұлғаның нақты қандай кiнәсi барын көрсетуге тиiс.
Талап қоюды қанағаттандырмаған кезде ұйымның немесе жұмыс берушi-жеке тұлғаның денсаулыққа зиян келтiруде кiнәсiнің жоқ екенiн негiздеу қажет.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.16. Зиянды өтеуге ақшалай сомалар жәбірленушіге денсаулығына зақым келтіру салдарынан табысынан (кірісінен) айырылған кезден бастап, ал қайтыс болған адамның асырауындағы адамдарға ол қайтыс болған күнінен бастап, бiрақ сараптама комиссиясының қорытындысында көрсетiлген мерзiмге зиянды өтеу үшiн берiлген ақшалай сомаларды алу құқығын алған күннен кейін немесе өмiр бойы берiлуге тиiс. Бұл ретте соттар АК-нің 187-бабы 3) тармақшасының ережелеріне сәйкес осындай өтеу құқығы туындаған кезден үш жыл өткеннен кейiн қойылған талаптар - талап қоюды беру алдында үш жылдан асырмай қанағаттандырылатынын ескеруi керек. Сот шешiмiнде берiлген сомалардың нақты есебi, оларды төлеу мерзiмдерi көрсетiлуге тиiс.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.17. Жұмыскерге еңбек міндеттерін, әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөнiнде тағайындалған ақшалай сомаларының мөлшерi мына жағдайларда: қайтыс болған адамның отбасы мүшелерi құрамының өзгеруi, жәбірленушінің кәсiптік еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесінің өзгеруі, сондай-ақ күнкөрiс құнының артуына байланысты қайта қаралады. Денсаулығына келтірілген зиян үшін өтемақы алатын кәмелетке толмаған жәбірленуші еңбек қызметі басталған жағдайда оның мөлшерін ұлғайту туралы талап қоюмен жүгінуге құқылы.
АК-нің 283-бабының азаматты тiкелей асырап-бағуға ақшалай мiндеттеме бойынша төленетiн сома (өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өмiр бойы асырап-бағу шарты бойынша өтеу және басқалары) инфляцияның болжамды деңгейінің орташа мәніне пропорционалды түрде жыл сайын ұлғайтылатыны туралы талаптарының негізінде залалды өтеу мөлшерін азайту жағына қарай қайта қарауға жол берілмейді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.18. Егер жұмыста мертiгуі ұйымның және жұмыс берушi-жеке тұлғаның кiнәсiнен ғана емес, жұмысшының өрескел абайсыздығынан туындағаны туралы мәлiметтер болған жағдайда, сот сол жазатайым оқиғаны Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 189,190-баптарында айқындалған тәртiппен тергеп-тексеретін комиссияның шешiмiн сұратуға мiндеттi.
Комиссияның жәбірленуші кінәсінің дәрежесі туралы шешімі дәлелдемелердің бірі болып табылады, ол істің барлық материалдарымен бірге АПК-нің 68-бабына сәйкес бағалануға жатады.
Сот жәбірленушінің әрекетінде өрескел абайсыздықты анықтап, зиянды өтеу мөлшерiн оның кiнәсiнің дәрежесіне қарай азайтуға тиiс. Бұл ретте қосымша шығыстарды өтеу кезінде (АК-нің 937-бабы), азаматтың қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды өтеу кезінде (АК-нің 940-бабы), сондай-ақ жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу кезінде жәбірленушінің кінәсі ескерілмейтiнiн соттар назарда ұстағаны жөн.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.19. Жоғары қауіптілік көзі арқылы денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қоюды қарау кезінде сондай зиянды өндіруден басқа зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан, моральдық зиян да өтелуге жататыны соттарға түсіндiрiлсiн.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.20. Жасы он төртке жетпеген кәмелетке толмаған бала зардап шегушiнің денсаулығына келтiрген зиянды, кiнәлi болған жағдайда олардың ата-анасы, асыраушылары, қамқоршылары өтейдi.
Атап айтқанда, кәмелетке толмаған балаға тиiстi тәрбие бермеген немесе ол қараусыз қалған жағдайда, оның заңсыз әрекеттерiн құптау кезінде осындай мiндет жүктелуi мүмкiн.
Егер қорғаншылыққа мұқтаж жас бала тиiстi тәрбиелеу, емдеу мекемесiнде, халықты әлеуметтiк қорғау мекемесiнде немесе заң бойынша өзiнiң қорғаншысы болып табылатын басқа ұқсас мекемеде болған кезде, онда сол мекеме жас баланы тиісінше тәрбиелемеуінен және оны тиісті түрде қадағаламауынан туындаған зиянның оның кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, жас бала келтiрген зиянды сол мекеме өтеуге мiндеттi.
Ата-аналардың, бала асырап алушылардың, қамқоршылардың, оқу орындарының, тәрбиелеу, емдеу және өзге де мекемелердiң зиянды өтеу жөнiндегi мiндетi жас баланың кәмелетке толуымен немесе оның зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi мүлiк алуымен тоқтатылмайды.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.21. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған бала келтiрген зиянды өтеу туралы iстердi қарау кезінде соттар АК-нiң 22-бабының 4-тармағына сәйкес олар өздерiнiң әрекеттерiнiң салдарынан келтiрiлген зиян үшiн АК-нің ережелерi бойынша жауапты болатынын ескеруi керек. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған баланың зиянды өтеу үшiн жеткілiктi мүлкi немесе өзге кіріс көзi болмаған жағдайда зиянды толық немесе оның жетiспейтiн бөлiгiн өтеу мiндетi кәмелетке толмаған баланың ата-аналарына, оны асырап алушыларына немесе қамқоршыларына, егер зиянның пайда болуына олардың кiнәлi мінез-құлықтары себеп болған жағдайда жүктеледi. Ата-аналарының, асырап алушыларының, қамқоршыларының бұл мiндеті зиян келтiрген адам кәмелетке толғаннан кейiн немесе онда зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi мүлiк немесе өзге де кіріс көзi пайда болғаннан кейiн тоқтатылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.21-1. Ерiктi немесе мiндеттi түрде сақтандыру тәртібімен өзінің жауаптылығын сақтандырған заңды тұлға немесе азамат, келтiрiлген зиянды толық өтеу үшiн сақтандыру сомасы жеткіліксіз болған жағдайда сақтандыру сомасы мен залалдың нақты мөлшерiнiң арасындағы айырманы өтейдi (АК-нің 924-бабы).
Ескерту. 21-1 тармақпен толықтырылды- ҚР Жоғарғы сотының 2011.12.30 N 5 нормативтік қаулысымен.22. Алынып тасталды - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 12 нормативтік қаулысымен.
23. Алынып тасталды - ҚР Жоғарғы сотының 2011.12.30 N 5нормативтік қаулысымен.
24. Осы қаулының қабылдануына байланысты "Республика соттарының денсаулыққа тиген зиянды өтеу жөніндегі заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы" 1988 жылғы 16 желтоқсандағы № 9 Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумы қаулысының күші жойылды, "Денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы" 1986 жылғы 5 қыркүйектегі № 13 КСРО Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы Қазақстан Республикасында қолданылмайды деп танылсын.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.25. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 25-тармақпен толықтырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы |
Жоғарғы Сотының Төрағасы |
Қазақстан Республикасы |
Жоғарғы Сотының судьясы, |
Пленум хатшысы |