Ел экономикасының мұқтаждары үшiн дизель отынының қажеттi қорын жасау мақсатында және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегі Кеден кодексі 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының аумағынан тұрмыстық пештік отыннан басқа, дизель отынын (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН - 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0) 2004 жылғы 1 наурыздан бастап 1 маусымға дейiн әкетуге тыйым салынсын.
2. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттiгi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажеттi шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі белгіленген тәртiппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетiн осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан дизель отынын әкетуге Қазақстан Республикасының тыйым салуды енгізетіні туралы хабардар етсiн.