Дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салуды енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 ақпандағы N 210 қаулысы

      Ел экономикасының мұқтаждары үшiн дизель отынының қажеттi қорын жасау мақсатында және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегі Кеден кодексі 8-бабының  2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының аумағынан тұрмыстық пештік отыннан басқа, дизель отынын (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН - 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0) 2004 жылғы 1 наурыздан бастап 1 маусымға дейiн әкетуге тыйым салынсын.

      2. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттiгi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажеттi шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі белгіленген тәртiппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетiн осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан дизель отынын әкетуге Қазақстан Республикасының тыйым салуды енгізетіні туралы хабардар етсiн.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады