Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 4 мамырдағы N 605 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 225 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.01.06. N 15 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнетін қаражатты мақсатты пайдалану туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194  қаулысын а (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 41, 366-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      қаулының тақырыбындағы "мақсатты пайдалану туралы ереженi" деген сөздер "мақсатты пайдалану ережесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "мақсатты пайдалану туралы ереже" деген сөздер "мақсатты пайдалану ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнетiн қаражатты мақсатты пайдалану туралы ережеде:
      тақырыбындағы "мақсатты пайдалану туралы ереже" деген сөздер "мақсатты пайдалану ережесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнетiн қаражатты мақсатты пайдалану ережесi "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық бюджеттен бөлiнетін және қоныс аудару іс-шараларын қаржыландыру мен оралмандарды әлеуметтік қорғауға бағытталған қаражатты мақсатты пайдаланудың тәртiбiн айқындайды.";
      2-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнетiн қаражат:";
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) оралмандар отбасыларының тұрғын үй сатып алуы үшiн қаражат бөлуге;";
      3-тармақтың 1) тармақшасындағы "қаржыландыру есептемесiмен қоса лимиттiк өтінiмдi" деген сөздер "мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандар отбасыларының тұрғын үй сатып алуы үшін қаражат бөлудi отбасының бір мүшесiне жүз еселенген айлық есептiк көрсеткiш есебiмен келген жерi бойынша халықтың көші-қоны мәселелерi жөнiндегi аумақтық органдар жүргізедi.
      Халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi аумақтық орган оралман отағасының нотариалды түрде расталған тұрғын үйдi сатып алу-сату шартының немесе жергiлiктi атқарушы органның жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскесiн беру туралы шешiмiн ұсынуы бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн бөлiнген қаражатты екiншi деңгейдегi банкте оралмандар отағасының алдын ала ашқан жеке шотына аударады.
      Бұл ретте оралмандардың жеке шотына аударылған бөлiнген қаражат сомасы мен сатып алынатын тұрғын үйдің сатып алу құны арасындағы терiс айырма оралмандардың өз қаражаты есебiнен қосымша төленедi, ал оң айырма оралмандардың өздерiнде қалады.";
      13-тармақта:
      "мекендеу рұқсаты" деген сөздерден кейiнгi үтiр "немесе" деген шылаумен ауыстырылсын;
      ", төлқұжаты" деген сөз алынып тасталсын.

      2. "Оралмандардың отбасылары үшiн тұрғын үй сатып алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2001 жылғы 4 мамырдағы N 605  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 16, 216-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 августа 1999 года N 1194 и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 4 мая 2001 года N 605

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 февраля 2004 года N 225. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 6 января 2006 года N 15 (P060015)(вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      В соответствии с  Законом  Республики Казахстан от 13 декабря 1997 года "О миграции населения" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Внести в  постановление  Правительства Республики Казахстан от 18 августа 1999 года N 1194 "Об утверждении Положения о целевом использовании средств, выделяемых из республиканского бюджета для оралманов" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 41, ст. 366) следующие изменения:
      в заголовке постановления слова "Положения о целевом использовании" заменить словами "Правил целевого использования";
      в пункте 1 слова "прилагаемое Положение о целевом использовании" заменить словами "прилагаемые Правила целевого использования";
      в Положении о целевом использовании средств, выделяемых из республиканского бюджета для оралманов, утвержденном указанным постановлением:
      в заголовке слова "Положение о целевом использовании" заменить словами "Правила целевого использования";
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Правила целевого использования средств, выделяемых из республиканского бюджета для оралманов, определяют порядок целевого использования выделяемых из республиканского бюджета средств и направленных на финансирование переселенческих мероприятий и социальную защиту оралманов в соответствии с  Законом  Республики Казахстан "О миграции населения".";
      в пункте 2:
      первый абзац изложить в следующей редакции:
      "2. Выделяемые из республиканского бюджета средства для оралманов направляются на:";
      подпункт 5) изложить в следующей редакции:
      "5) выделение средств для приобретения жилья семьями оралманов;";
      в подпункте 1) пункта 3 слова "лимитную заявку с расчетами на финансирование" заменить словами "план финансирования по обязательствам и платежам";
      пункт 12 изложить в следующей редакции:
      "12. Выделение средств для приобретения жилья семьями оралманов, прибывшими по квоте иммиграции, производится территориальными органами по вопросам миграции населения по месту прибытия из расчета стократного месячного расчетного показателя на одного члена семьи.
      Территориальный орган по вопросам миграции населения по предъявлению главой семьи оралмана нотариально заверенного договора купли-продажи жилья или решения местного исполнительного органа о предоставлении земельного участка для индивидуального жилищного строительства перечисляет выделенные для приобретения жилья средства на лицевой счет, предварительно открытый главой семьи оралманов в банке второго уровня.
      При этом отрицательная разница между суммой выделенных средств, перечисленных на лицевой счет оралманов, и покупной стоимостью приобретаемого жилья доплачивается за счет средств самих оралманов, а положительная разница - остается у оралманов.";
      в пункте 13:
      после слов "вид на жительство" запятую заменить союзом "или";
      слово ", паспорт" исключить.

      2. Признать утратившим силу  постановление  Правительства Республики Казахстан от 4 мая 2001 года N 605 "Об утверждении Правил приобретения жилища для семей оралманов" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 16, ст. 216).

      3. Настоящее пocтановление вступает в силу с 1 января 2004 года.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан