Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 357 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентiнің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентiнің
2000 жылғы 10 наурыздағы N 357 Жарлығына
толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі Заңын iске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет өткеру тәртiбi туралы ереженi бекіту туралы" 2000 жылғы 10 наурыздағы N 357 Жарлығымен (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., N 15, 141-құжат) бекiтiлген Meмлекеттік қызмет өткеру тәртiбi туралы ережеге мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
27-тармақта:
2) тармақшадағы "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", қаржы полициясы" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", қаржы полициясы" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті