Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бұрынғы Кеңес Одағының Жаңа Тәуелсіз Мемлекеттері ғалымдарымен ынтымақтастықты дамыту Халықаралық Қауымдастығы (INTAS) арасындағы Ғылыми ынтымақтастық туралы келісімнің қолданысын ұзарту туралы хаттамаға қол қоюға жауапты адамды тағайындау және оның өкілеттіктері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 829 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Серікбек Жүсіпбекұлы Дәукеевке" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Жақсыбек Әбдірахметұлы Құлекеевке" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі