Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 829 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы N 342 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бұрынғы Кеңес Одағының Жаңа Тәуелсіз Мемлекеттері ғалымдарымен ынтымақтастықты дамыту Халықаралық Қауымдастығы (INTAS) арасындағы Ғылыми ынтымақтастық туралы келісімнің қолданысын ұзарту туралы хаттамаға қол қоюға жауапты адамды тағайындау және оның өкілеттіктері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 829 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Серікбек Жүсіпбекұлы Дәукеевке" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Жақсыбек Әбдірахметұлы Құлекеевке" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады