Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бұрынғы Кеңес Одағының Жаңа Тәуелсiз Мемлекеттерi ғалымдарымен ынтымақтастықты дамыту Халықаралық Қауымдастығы (ІNTAS) арасындағы Ғылыми ынтымақтастық туралы келiсiмнiң Қолданысын ұзарту туралы хаттамаға қол қоюға жауапты адамды тағайындау және оның өкiлеттiктерi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 25 шілде N 829

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстанда Бұрынғы Кеңес Одағының Жаңа Тәуелсiз Мемлекеттерi ғалымдарымен ынтымақтастықты дамыту Халықаралық Қауымдастығы (INTAS) қызметiн қолдауды жүзеге асыру жөнiндегi жауапты адам ретiнде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Жақсыбек Әбдірахметұлы Құлекеев тағайындалсын. <*>
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.19. N 342 қаулысымен .
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президентi Серiкбек Жүсiпбекұлы Дәукеевке Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен INTAS арасындағы Ғылыми ынтымақтастық туралы келiсiмнiң Қолданысын ұзарту туралы хаттамаға қол қоюға уәкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады