"Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етуге кредит беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 18 ақпандағы N 191 қаулысына сәйкес 2004 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылатын лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етуге кредит беру үшiн "ҚазАгроҚаржы" акционерлiк қоғамы қарыз берушi банк болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, "ҚазАгроҚаржы" акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) осы қаулыны iске асыру үшiн тиiстi шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі