2004 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылатын лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етуге кредит беру үшiн қарыз берушi банктi белгiлеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 492 қаулысы

      "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етуге кредит беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 18 ақпандағы N 191  қаулысына сәйкес 2004 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылатын лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етуге кредит беру үшiн "ҚазАгроҚаржы" акционерлiк қоғамы қарыз берушi банк болып белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, "ҚазАгроҚаржы" акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) осы қаулыны iске асыру үшiн тиiстi шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады