"Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Ауылдық кредит серiктестiктерi жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне кредит беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 ақпандағы N 233 қаулысына сәйкес 2004 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген 1 879 000 000 (бiр миллиард сегiз жүз жетпiс тоғыз миллион) теңге сомасындағы қаражат есебiнен жүзеге асырылатын ауылдық кредит серiктестіктерi жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне кредит беру үшiн қарыз берушi банк ретiнде "Аграрлық кредит корпорациясы" акционерлiк қоғамы белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, "Аграрлық кредит корпорациясы" акционерлiк қоғамы (келісім бойынша) осы қаулыны iске асыру үшiн тиiстi шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі