2004 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен жүзеге асырылатын ауылдық кредит серiктестiктерi жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне кредит беру үшiн қарыз берушi банктi белгiлеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 мамырдағы N 499 қаулысы

      "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Ауылдық кредит серiктестiктерi жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне кредит беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 ақпандағы N 233  қаулысына сәйкес 2004 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген 1 879 000 000 (бiр миллиард сегiз жүз жетпiс тоғыз миллион) теңге сомасындағы қаражат есебiнен жүзеге асырылатын ауылдық кредит серiктестіктерi жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне кредит беру үшiн қарыз берушi банк ретiнде "Аграрлық кредит корпорациясы" акционерлiк қоғамы белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, "Аграрлық кредит корпорациясы" акционерлiк қоғамы (келісім бойынша) осы қаулыны iске асыру үшiн тиiстi шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады