Аяқталмаған мектеп құрылысы объектiсiн республикалық меншiктен Ақтөбе облысының коммуналдық меншiгiне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 шілдедегі N 790 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының теңгерiмiндегi Ақтөбе облысы, Қызылжар кентi мекен-жайы бойынша орналасқан аяқталмаған мектеп құрылысы объектiсi республикалық меншiктен Ақтөбе облысының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Ақтөбе облысының әкiмдiгiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен көрсетiлген объектiнi қабылдау-тапсыру жөнiндегi қажетті ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады