Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінiң Қорғаныс министрлiгi арасындағы "Дала бүркiтi-2004" бiрлескен әскери оқу-жаттығуын өткiзу жөнiндегi өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қоюға келiсiм берiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгінiң Қорғаныс министрлігі арасындағы "Дала бүркiтi-2004" бiрлескен әскери оқу-жаттығуын өткiзу жөнiндегi өзара түсiнiстiк туралы МЕМОРАНДУМ
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қорғаныс министрлігі (бұдан әрi - Тараптар),
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлетiн "Дала бүркiтi-2004" әскери оқу-жаттығуына (бұдан әрi - оқу-жаттығу) Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгі Қарулы Күштерi жеке құрамының қатысуына байланысты мәселелердi және қабылдайтын Тараптың қолдау көрсету мәселелерiн реттеуге ниет бiлдiре отырып,
1951 жылғы 19 маусымда Лондонда жасалған Солтүстік Атлантика шартына қатысушы мемлекеттер арасындағы олардың күштерiнiң мәртебесiне қатысты келiсiмнiң ережелерiне (бұдан әрi - NATO-SOFA), сондай-ақ 1995 жылғы 19 маусымда Брюссельде Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгімен, 1996 жылы 31 шiлдеде Қазақстан Республикасымен жасалған олардың Қарулы Күштерiнің мәртебесiне қатысты Солтүстiк Атлантика шартына қатысушы мемлекеттер мен "Бейбiтшiлiк жолындағы әрiптестiк" бағдарламасына қатысушы басқа да мемлекеттер арасындағы оның Қосымша хаттамасына қатысты келiсiмнiң ережелерiне сүйене отырып,
2000 жылғы 16 қарашада Лондонда жасалған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдігінiң Қорғаныс министрлiгi арасындағы Қорғаныс саласындағы өзара түсiнiстiк пен ынтымақтастық туралы меморандумның (бұдан әрі - Қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум) ережелерi негiзiнде iс-қимыл жасай отырып,
төмендегiлер туралы өзара түсіністiкке қол жеткiздi:
1-бап
Айқындау
Осы меморандумда мынадай терминдер қолданылады:
"Британ Күштерi" - оны өрiстету үшiн қажетті ұшақтарын, көлiгiн, жабдықтарын, азық-түлiгiн және басқа да мүлiктерiн қоса алғанда, оқу-жаттығуға қатысатын Ұлыбритания Қарулы Күштерi бөлiмшесiнің жеке құрамы;
"Қабылдайтын Тараптың қолдауы" (ҚТҚ) - оқу-жаттығу өткiзу уақытында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Британ Күштерiн әскери және азаматтық қолдауы;
"Оқу-жаттығу өткiзу аудандары" - Британ Күштерi қатысатын оқу-жаттығуды өткiзу жоспарымен белгiленген Қазақстан Республикасының аудандары.
2-бап
Мақсаты
Осы меморандумның мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында Британ Күштерiнiң қатысуымен оқу-жаттығу өткiзуге қатысты негізгі қағидаттарды айқындау және оларға ҚТҚ беру болып табылады.
3-бап
Ниетi
1. Егер өзгеше келiсiлмесе, осы меморандумда көрсетiлген ҚТҚ беру Британ Күштерiнiң бастапқы құрамдас бөлiгі Қазақстан Республикасының аумағына енген сәтiнен бастап жүзеге асырылады және Британ Күштерi мемлекет аумағынан толық шыққанға дейiн жалғасады.
2. Осы меморандумның ережелерiн iске асыру Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге aсырылады.
4-бап
Қазақстандық тараптың мiндеттемелерi
Осы меморандумның ережелерi шеңберiнде Қазақстан тарабы мыналарды қамтамасыз ету үшiн рұқсат беруге және барлық қажеттi шараларды қабылдауға мiндеттенедi:
белгіленген кiру пунктiнде (-терiнде) Британ Күштерiн қарсы алу;
оқу-жаттығу өткiзудiң белгіленген ауданына Британ Күштерiнiң орнын ауыстыру;
кету пунктіне (-терiне) дейiн Британ Күштерiне iлесiп жүру;
қабылданған оқу-жаттығу өткiзу жоспарына сәйкес:
1) мақұлданған оқу-жаттығу өткiзу жоспарларының негiзiнде және мемлекеттік рәсiмдердi сақтай отырып, Британ Күштерiне Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігін пайдалануға рұқсат беруге жәрдем көрсету;
2) Британ Күштерiнiң оқу-жаттығуға қатысуы үшін қажетті техника, қару және оқ-дәрiлердi Қазақстан Республикасына әкелуге, ел iшiнде орнын ауыстыруға және одан шығаруға рұқсат беруге жәрдем көрсету;
3) Британ Күштерiн Қазақстан Республикасына жарылғыш заттарды, оқ-дәрілердi, қаруды және басқа да жабдықтарды енгізудi, ел iшiнде орнын ауыстыруды және одан әкетудi қауiпсiз жүзеге асыруға ерекше талаптар туралы хабардар ету;
4) Британ Күштерiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы орнын ауыстыруына және кеден рәсiмдерiнен өтуiне жәрдем көрсету;
5) Британ Күштерiне ұсынылатын тауарлар мен қызметтер стандартты және кем дегенде Қазақстан Қарулы Күштерiне ұсынылатын тауарлар мен қызметтерге баламалы болып табылу мүмкiндiгiне қарай кепiлдiк беру;
6) оқу-жаттығу өткiзу ауданында болған кезде қауiпсiздiк шаралары бойынша тиiстi құжаттамамен қамтамасыз ету.
5-бап
Британ тарабының мiндеттемелерi
Осы Меморандумның ережелерi шеңберiнде Британ тарабы:
осы Меморандумның ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының ресурстары мен жабдықтарын пайдалана отырып, оқу-жаттығуға қатысуға;
осы меморандумның 6-бабының ережелерiне сәйкес Қазақстан тарабына Қазақстан Республикасының әскери билігі ұсынатын барлық материалдық-техникалық мүлiк және қызметтер бойынша бiрлесiп келiсiлген барлық шығыстарды өтеуге;
NATО-SOFA келiсiмiнiң ережелеріне сәйкес кедендiк бақылаудан өту жөнiндегі Қазақстан Республикасының рәсiмдерiн басшылыққа алады;
оқу-жаттығу өткiзу кезiнде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi барлық талаптары мен рәсiмдерiн сақтауға мiндеттенедi.
6-бап
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаржыландыру
1. Тараптар мынадай қағидаттарды сақтайды:
1) қаржылық есеп айырысуларды жүргізген уақытта Тараптардың бiр де бiрi қаржылық есеп айырысу уақытында ақшалай қаражатты аудару жөнiндегі операциялардан ақша ұстамайды немесе пайда таппайды;
2) Британ Күштерiнiң атынан және есебiнен жасалған Қазақстандық тараптың барлық сатып алулары бiрдей сатып алулар үшiн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне қолданылатын бағалар бойынша және нормаларға сәйкес жүргiзiлуi тиiс.
2. Егер соңғысы алдын-ала бағасын белгілеп, бұл туралы арнайы өтінiш жасамаса, Қазақстан Республикасының әскери органдары Британ Күштерiнiң атынан қызмет көрсетулерге немесе кез-келген коммерциялық келiсiм-шарттар жасауға өтiнiш жасамайды. Коммерциялық азаматтық жеткізушілердiң кез-келген жеткiзулерi мен қызметтерi ресми келiсiм-шарттық негiзде жүзеге асырылады.
3. NATО-SOFA Келiсiмiнің тиiсті ережелеріне сәйкес, оқу-жаттығуға қатысуға байланысты Британ Күштерiнiң талап еткен құралдары, жабдықтары мен азық-түлiктерi Қазақстан Республикасының аумағына кедендiк баж салығын төлеусiз уақытша әкелiнуi (әкетілуi) мүмкiн.
4. Британ Күштерi Қазақстан тарабына Алматы қаласындағы Ұлыбритания Елшiлiгiнiң әскери бөлiмi мен Қазақстан Республикасының коммерциялық ұйымдары арасындағы жекелеген келiсiмдерде көрсетiлген тауарлар мен қызметтердi ұсыну бойынша шығыстарын өтеуге мiндеттенедi.
5. Британ тарабы барлық шот-фактураға қол қоюға (мақұлдауға) және жеткiзу немесе қызметтер көрсету жүзеге асырылған күннен кейiнгi 60 күннен кешiктiрмей Британ Күштерiнiң әкiмшілiк аппаратына берiлуi тиiс. Әрбiр шот-фактура нақты қызметтердi (жеткiзудi) және тиiстi құнын көрсетуi тиiс.
6. Төлем Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң банктiк шотына деректемелерi Алматы қаласындағы Ұлыбритания елшілігінiң әскери бөлiмiне берiлуi тиiс Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргiзіледi.
7-бап
Тәртiп және юрисдикция
1. Британ Күштерiнiң заңды мәртебесiне қатысты NATО-SOFA келiсiмiнiң 7-бабы қолданылатын болады.
2. Егер Британ Күштерi жеке құрамының әскери қызметшiсi Қазақстан Республикасының жергілiктi органдарына тұтқынға түскен жағдайда, Британ Күштерi басшылығы дереу хабардар етiледi.
8-бап
Кiру (кету) рәсiмдерi мен кедендiк ресiмдеу
1. NATO-SOFA келiсiмiнiң ережелерiне сәйкес Британ Күштерiнiң дайындық тобы мен ұшақ экипажын қоса алғанда, Британ Күштерiнiң мүшелерiне Қазақстан Республикасына (-нан) кiру (кету) үшiн паспорттар немесе виза талап етілмейдi. Дайындық тобын қоса алғанда, Британ Күштерiнiң әрбiр өкiлiнде өзiмен бiрге жеке басын куәландыратын сәйкестендiру картасы болады және HATО-ның жеке немесе топтық iссапар бұйрығында көрсетiледi.
2. Британ Күштерi:
1) дайындық тобының келуiне дейiн кемiнде 20 күн бұрын, Қазақстан Республикасына оқу-жаттығуға қатысатын жеке құрамының тiзiмiн беруге;
2) дайындық тобының келуiне дейiн кемiнде 20 күн бұрын, оқу-жаттығуға қатысу мақсатында Қазақстан Республикасына әкелiнетін қарудың, оқ-дәрiлердiң және байланыс құралдарының түрлерiн толық сипаттайтын декларацияны Қазақстан Республикасына беруге мiндеттенедi.
3. Британ Күштерi осы баптың 2-тармағында көрсетілген осы тiзiмдерге өзгерiстер енгiзу құқығын өзiнде қалдырады, бұл ретте осы өзгерiстер мәлiм болысымен Қазақстан Республикасын дереу хабардар етедi.
9-бап
Талаптар, шағымдар және мiндеттемелер
Осы Меморандумның салдарынан немесе ережелерiн iске асыруға байланысты немесе туындайтын талаптар мен шағымдарды NATO-SOFA келiсiмi 8-бабының ережелерiне сәйкес, Қазақстан Республикасының құзыретті органдары қарайды және реттеуге жатады.
10-бап
Қауiпсiздiк
Қауiпсiздiк және сапар мәселелерi Қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумның ережелерiне сәйкес реттелетiн болады. Қазақстан Республикасы оқу-жаттығуды өткiзу ауданына уәкілетті емес тұлғалардың рұқсатсыз енуiн болдырмау жағдайларын қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
Британ Күштерi бөлiмшелерiнiң жеке құрамының оқу-жаттығу уақытында жеке қаруы мен оқ-дәрілерiн алып жүруi Тараптардың келiсiмi бойынша белгiленген орында және уақытта жүзеге асырылады.
11-бап
Медициналық және стоматологиялық көмек
Кейiнге қалдыруға болмайтын медициналық және стоматологиялық көмек көрсетуге қатысты Қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумның ережелерi қолданылатын болады. Қазақстан тарабы Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігін пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк рәсiмдерге сәйкес Британ Күштерiнiң медициналық эвакуациялау ұшағының Қазақстанның әуе кеңiстігіне кiруiне қол жеткiзуге кепiлдiк бередi.
12-бап
Қайғылы оқиғалар, авариялар мен инциденттер
1. Осы меморандумның 7-бабының ережелерiне сәйкес Британ Күштерiнiң әскери қызметшiлерi қатысушылары болып табылатын қайғылы оқиғаны, апатты немесе инцидентті кез келген тергеудi Қазақстан тарабы жүргiзедi, сонымен бiрге Британ Күштерiнiң қолбасшылығы осы оқиғалар бойынша кез келген тергеу кезiнде өз бақылаушысының қатысуын қамтамасыз етуге құқылы. Британ Күштерiнiң әскери органдарына қайғылы оқиға апат немесе инцидент хаттамасының көшiрмесi беріледi. Британ Күштерi өкілдерiнiң егер мұндайда Ұлыбритания заңнамасы талап ететiн болса бұдан әрi iшкi тергеу жүргiзуге құқығы бар.
2. Британ Күштерiнiң әскери қызметшiсi қаза тапқан жағдайда қаза болу фактiсiн Қазақстан Республикасының дәрiгерi белгілейдi. Қазақстан Республикасының тиiстi құзыретті органдарына осы дененi ашу қажет болса, Британ Күштерiнің тағайындаған дәрiгерi Британ күштерi әскери қызметшiсiнiң денесiн ашу кезiнде қатысуға құқылы.
13-бап
Даулар мен келiспеушіліктердi реттеу
Осы меморандумды түсiндiруге немесе қолдануға қатысты кез келген даулар мен қайшылықтар тек Тараптардың арасындағы келiссөздер жолымен шешiледi және кез келген мемлекеттiк немесе халықаралық трибуналдардың немесе үшіншi тараптың қарауына жатпайды.
14-бап
Өзгерiстер мен толықтырулар
Осы меморандумға Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы меморандумның ажырамас бөлiгi болып табылатын хаттамалармен ресiмделген өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
15-бап
Меморандумның күшiне енетiн және қолданысын тоқтату күнi
1. Осы Меморандум оған екi Тарап қол қойған күнiнен бастап күшiне енедi және Тараптар арасында оқу-жаттығу аяқталысымен және оқу-жаттығу өткiзуге байланысты барлық мәселелер шешiлгенде, Қазақстан Республикасының аумағынан Британ Күштерi жеке құрамының соңғы мүшесi шығарылысымен/соңғы жабдықтау пунктi шығарылысымен өз әрекетiн тоқтатады.
Осы меморандум мерзiмiнен бұрын өз әрекетiн мынадай жағдайларда тоқтатады:
екi Тараптың жазбаша келiсуi бойынша;
Тараптардың бiрiнiң басқа Тараптан оның әрекетiн тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап 28 күн өткеннен кейiн.
2. Осы меморандум қолданысын тоқтатқан жағдайда тиiсті баптары онда аталған барлық мәселелер толық реттелгенге дейiн күшiнде қалады. 6-баптағы (Материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаржыландыру), 9-баптағы (талаптар, шағымдар және мiндеттемелер) пен 13-баптағы (даулар мен қайшылықтарды реттеу) ережелер барлық шоттар төленгенге және барлық шағымдарды, даулар мен қайшылықтарды реттегенге дейiн күшiнде қалады.
Осы меморандум 2004 жылғы "____" ______________ ____________ қаласында қазақ, ағылшын және орыс тiлдерінде екi данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күші бiрдей. Осы меморандумның ережелерін түсiндiруде қайшылықтар туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтiнге сүйенетiн болады.
Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік
Қорғаныс министрлігі үшін Ирландия Құрама Корольдігінің
Қорғаныс министрлігі үшін