Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттiк университетiнiң Қазақстандық филиалында (Астана қаласы) жоғары бiлiмдi мамандар даярлау туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi Бiрғаным Сарықызы Әйтiмоваға Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттiк университетiнiң Қазақстандық филиалында (Астана қаласы) жоғары бiлiмдi мамандар даярлау туралы келiсiм жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.03. N 808 қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетiнiң Қазақстандық филиалында (Астана қаласы) жоғары білімдi мамандар даярлау туралы келiсiм
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi,
1999 жылғы 26 ақпандағы Кедендiк одақ және Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттерде жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу және оның қызметi жөнiндегi келiсiмдi, 2000 жылғы 9 қазандағы Қазақстан Республикасындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттiк университетiнiң (бұдан әрi - ММУ) филиалын құру туралы хаттаманы басшылыққа ала отырып,
М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дiң Қазақстандық филиалында (бұдан әрi - филиал) жоғары бiлiмдi біліктілiгi жоғары мамандар даярлау мақсатында,
төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
Филиалда мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша кәсiптiк жоғары бiлiмдi мамандарды нысаналы даярлау Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан жүзеге асырылады.
2-бап
Филиал студенттерiне Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тапсырысы шеңберiнде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң әскери кафедрасында оқу құқығы беріледi.
3-бап
Оқу жоспарларын ойдағыдай орындаған филиал студенттерiне М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетiнiң дипломы берiледi.
4-бап
Филиалда оқу Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшi ретiнде оларды тартуға рұқсаттар беру рәсiмiнен өтпей-ақ, дәрiстер беру мен оқу жұмысының басқа да түрлерiн жүргiзуде ММУ-дiң профессорлық-оқытушы құрамының қатысуымен жүзеге асырылады.
5-бап
Оқу процесiне қатысу үшiн филиалға iссапарға жiберiлген ММУ-дiң профессорлық-оқытушы құрамына қызметтiк iссапарлар кезiнде елден тысқары шығатындар үшiн Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде филиал қаражатынан өтемақы төлеу жүргiзіледi.
6-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану мәселелерi жөнiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды консультациялар мен келiссөздер жолымен шешетiн болады.
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi.
7-бап
Осы Келiсiм оны күшiне енгiзу үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм Тараптардың бiрi екiншi Тарапты оның қолданылуын өзiнiң тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап алты ай өткенге дейiн қолданыста болады.
2004 жылғы "___" ______ Астана қаласында әрқайсысы орыс және қазақ тiлдерiнде екi данада жасалды және де барлық мәтiндерiнiң бiрдей күшi бар.
Келiсiм мәтiнiн түсiндiруде алшақтықтар болған жағдайда Тараптар орыс тiліндегі мәтiнге сүйене алады.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Yкiметi үшiн Yкiметi үшiн