Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 7 қазандағы N 1037 қаулысына өзгерiс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 тамыздағы N 808 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттiк университетiнiң Қазақстандық филиалында (Астана қаласы) жоғары бiлiмдi мамандар даярлау туралы келiсiм жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 7 қазандағы N 1037  қаулысына  мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      2-тармақтың мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде "Қазақстан Республикасының" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi Бiрғаным Сарықызы Әйтiмоваға Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан" деген сөздермен толықтырылсын, "жасалсын" деген сөз "жасасуға өкiлеттiк берiлсiн" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады