1999 жылғы 28 ақпандағы Кедендік одақ және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартқа қатысушы мемлекеттерде жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу және оның қызметі жөніндегі келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 4 қыркүйек N 1338


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. 2000 жылғы 23 мамырда Минск қаласында жасалған 1999 жылғы 26 
ақпандағы Кедендік одақ және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартқа 
қатысушы мемлекеттерде жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу және оның 
қызметі жөніндегі келісім бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
        1999 жылғы 28 ақпандағы Кедендік одақ және Біртұтас
     экономикалық кеңістік туралы шартқа қатысушы мемлекеттерде
               жоғары оқу орындарының филиалдарын
                  ашу және оның қызметі туралы
                            Келісім
     


      Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі "мұнан әрі - Тараптар" деп аталып,
      Кедендік одақ және 1999 жылғы 26 ақпандағы бірыңғай экономикалық кеңістік туралы Шартты басшылыққа ала отырып "мұнан әрі - Шарт",
      1998 жылғы 24 қарашада қол қойылған Білім құжаттарын, ғылыми дәрежелер мен атақтарды өзара тану және баламалылығы туралы Келісімнің және Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы 1996 жылғы 29 наурыздағы Шартқа қатысушы-мемлекеттердің азаматтарына оқу мекемелеріне оқуға түсуде тең құқық беру туралы Келісімнің ережелеріне сүйене отырып,
      ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа қызығушылықта және жоғары білім саласында интеграциялық өзара іс-әрекетін тереңдетуге,
      жоғары білімнің ұлттық жүйесін ары қарай дамытудың қажеттігін сезіне

отырып және Тараптардың жоғары білім саласындағы бар жетістіктерді осы 
мақсаттарда қолдануға және жалпы білім кеңістігін құруға,
     төмендегіше келісті:
     
                          1-бап
     
     Осы Келісімнің мақсаттары үшін Тараптардың бірі келесі Тарап 
мемлекетінің территориясында мемлекеттік немесе мемлекеттік емес жоғары 
оқу орындарының құрамдас бөлігі және толық көлемде жоғары оқу орындары 
үшін білім бағдарламаларын жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының филиалы 
деп түсіндіріледі.
     
                          2-бап
     


      Осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының филиалдарын құруды төмендегі негізде жүзеге асырады:
      - осы Келісімнің мемлекеттік тіркеуі (аттестацияланған) бар мемлекеттік немесе мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының филиалдары үшін жоғары оқу орны - құрылтайшы елдің орталық басқару органдарының білім басқармаларының және филиал орналасқан елдің шешімімен;
      - мемлекеттік тіркеу (аттестациясы) жоқ мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының филиалдары үшін жоғары оқу орны-құрылтайшы ел мен филиал орналасқан елдің орталық білім басқару органдарының арасындағы екіжақты шартпен.

     Осы баптың ережелері Тараптардың ұлттық заңдарына қайшы келмейтін 
бөлігіне ғана қолданады.
     
                         3-бап
     
     Жоғары оқу орындарының филиалдары орналасқан елдің заңдарына сәйкес 
филиалдар құрылады, қайта ұйымдастырылады және жабылады.
     Жоғары оқу орындарының филиалдары осы Келісім жасалған күнінде жұмыс 
істеп жатқан филиалдардың ережелеріне сәйкестендірілуі керек.
     
                         4-бап
     
     Жоғары оқу орындарының филиалдарының қызметін лицензиялау жоғары оқу 
орындары-құрылтайшы елінің және филиал орналасқан елдің заңдарына сәйкес 
егер Тараптардың ұлттық заңдарына қайшы келмеген жағдайда жүзеге 
асырады.
     
                         5-бап
     
     Тараптардың ұлттық заңдарында қаралған болса құрылтайшы-оқу орнының 
елінің және филиал орналасқан елдің қолданылып отырған заңында белгіленген 
тәртіппен жоғары оқу орнының филиалының қызметін лицензиялау жүзеге 
асырылады.
     
                         6-бап
     
     Осы Келісім қатысушы болған басқа халықаралық шарттардан шығатын 
құқығы мен міндеттеріне қатысты және осы Келісімнің ережелерін дамытуға 
байланысты Тараптар арасында жаңа шарттар жасасуға кедергі болмайды.
     
                         7-бап
     
     Тараптар осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын жеке 
Хаттамалармен рәсімделген өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.
     
                         8-бап
     
     Осы Келісімнің депозиторы болып табылатын Интеграциялық Комитет 
Тараптардың қажетті мемлекетішілік тәртібін орындағаны туралы үшінші 
хабарлама алған күнінен, ал мемлекетіші тәртібінен кейін орындаған 
мемлекеттер үшін депозитардың қажетті хабарламаны алған күнінен бастап осы 
Келісім күшіне енеді.
     
                          9-бап
     


      Осы Келісім Тараптар бес жыл бойы қолданыста болады және басқа шешім қабылданбаған жағдайда өздігінен келесі жаңа бес жыл мерзімге ұзартылады.

                           10-бап

      Осы Келісім оның мақсаты мен принциптерін бөлісетін басқа мемлекеттердің оған қосылуы үшін, сонымен қатар сол бойынша толық көлемде міндеттерін өзіне қабылдауға әзір болған жағдайда ашық. Қосылу Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының үкіметтері басшылары Кеңесінің осы мәселе бойынша шешім қабылдауы арқылы қосылу жүзеге асырылады. Мемлекеттің осы Келісімге қосылуы оның қосылуы туралы

құжаттарды депозитар хабар алған күнінен бастап күшіне енеді.
     
                         11-бап
     
     Кез-келген Тарап алты ай бұрын депозитарийді жазбаша түрде хабардар 
еткен соң барып осы Келісімнен шыға алады.
     2000 жылы 23 мамыр күні Минск қаласында орыс тілінде бір данада 
жасалды. Түпнұсқасы осы Келісімге қол қоюшы Тараптарға оның бекітілген 
көшірмесін жіберетін Интеграциялық Комитетте сақталады.
     
     Беларусь Республикасының
     Үкіметі үшін
     
     Қазақстан Республикасының
     Үкіметі үшін
     
     Қырғыз Республикасының
     Үкіметі үшін
     
     Ресей Федерациясының
     Үкіметі үшін
     
     Тәжікстан Республикасының
     Үкіметі үшін
     
     
     Мамандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.
     
           
     
     
     
              


     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады