1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 49-50, 575-құжат):
1-тармақта "(Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан басқа)" деген сөздер алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 шiлдедегi N 775
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 27, 360-құжат):
2-тармақта "Қостанай және Қызылорда облыстары үшiн - 2004 жылғы "қысқы" уақытқа көшу кезiнде, ал Ақтөбе облысы үшiн - 2005 жылғы "жазғы" уақытқа көшу кезiнде" деген сөздер "Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары үшiн 2004 жылғы "қысқы" уақытқа көшу кезiнде" деген сөздермен ауыстырылсын.