1. "Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 49-50, 575-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының аумағы 4-шi және 5-шi сағаттық белдеулерде орналасады деп белгiленсiн. Республиканың әкiмшiлiк- аумақтық құрылысына сәйкес сағаттық белдеулердiң шекарасы Ақтөбе облысы мен Қостанай облысының, Ақтөбе облысы мен Қарағанды облысының, Ақтөбе облысы мен Қызылорда облысының арасында өтедi.";
4-тармақтағы "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер "Ақпарат" деген сөзбен ауыстырылсын.
Ескерту. 1-тармақтан абзац алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.03.15. N 231
қаулысымен
.
2. (алынып тасталды)
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.15. N
1059
қаулысымен
, 2-тармақ алынып тасталды - 2005.03.15. N 231
қаулысымен
.