1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 49-50, 575-құжат):
1-тармақта "(Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан басқа)" деген сөздер алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 шiлдедегi N 775
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 27, 360-құжат):
2-тармақта "Қостанай және Қызылорда облыстары үшiн - 2004 жылғы "қысқы" уақытқа көшу кезiнде, ал Ақтөбе облысы үшiн - 2005 жылғы "жазғы" уақытқа көшу кезiнде" деген сөздер "Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары үшiн 2004 жылғы "қысқы" уақытқа көшу кезiнде" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 және 2004 жылғы 20 шiлдедегi N 775 қаулыларына өзгерiстер енгізу туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қазандағы N 1059 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.03.15. N 231 қаулысымен.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз