Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1330 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 маусымдағы № 734 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.02 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 қыркүйектегi N 1258 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 30, 376-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы жөнiндегi зоологиялық комиссияның ережесi мен құрамын және Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабының 3-ші басылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 ақпандағы N 177 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 7, 45-құжат).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2004 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1330 қаулысымен    
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасының
Қызыл кiтабы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекiтiледi және Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң жай-күйi туралы мәлiметтер жиынтығын, оларды зерделеу, қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану жөнiндегi қажетті шараларды қамтитын, жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi тiзбесiнiң суретті басылымы болып табылады. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы сонымен бiр мезгiлде жануарлар мен өсiмдiктер әлемi мемлекеттiк кадастрының құрамдас бөлiгi болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына жануарлар (омыртқалылар және омыртқасыздар) мен өсiмдiктердiң (жоғары және төмен) Қазақстан Республикасының аумағында құрғақта, суда, атмосферада және топырақта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрылықтағы қайраңын және айрықша экономикалық аймағын тұрақты немесе уақытша табиғи еркiндiк жай-күйiнде мекендейтiн сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi (шағын түрлерi, популяциялары) енгiзiледi.
      3. Саны және орнықты тiршiлiк ету жағдайлары олардың өсiмiн молайту мен табиғи еркiндiк жай-күйiнде тектiк қорын сақтау қаупiн болдырмайтын шегiне дейiн қалпына келтiрілген жануарлар мен өсiмдiктердiң түрлерi (шағын түрлерi, популяциялары) Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабынан алып тастауға жатады.

2. Қазақстан Республикасы Қызыл кiтабының құрылымы

      4. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы екi томнан тұрады: жануарлар (1-том) және өсiмдiктер (2-том). Әр том бiр кiтап немесе бiрнеше бөлiктер (бөлiмдер топтары немесе жеке бөлiмдер бойынша) түрiнде шығарылуы және қосымша ретiнде - жануарлар мен өсiмдiктердiң құрып кеткен түрлерiнiң және шағын түрлерiнiң аннотация жазылған тiзбесiн, Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы туралы ереженiң және жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi жөнiндегi басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердiң мәтiндерiн қамтуы мүмкін.
      Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде шығарылады, кез келген шетел тiлiне аударылуы мүмкiн.
      5. Жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiн сипаттау тәртiбiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қызыл кiтап жөнiндегi Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялары (бұдан әрi - Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялар) белгiлейдi.
      Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына жазылған жануарлар мен өсiмдiктердiң әрбiр түрi (шағын түрi, популяциясы) үшiн мынадай негiзгi деректер келтiрiледi: түрдiң латын, қазақ және орыс тiлдерiндегi атауы; мәртебесi; сыртқы түрiнiң бейнеленуi; Қазақстан Республикасында картаға түсiрiлген, бұрын және қазiргi таралуы; саны және оның өзгеру үрдiсi; лимиттеудiң негізгі факторлары және саны мен ареалының өзгеру себептерi; жасанды, ерiксiз және мәдени жағдайларда өсiру мүмкiндігі туралы мәлiметтер; Қазақстан Республикасының аумағын мекендейтiн популяцияның (популяциялардың) түрдiң тектiк қорын сақтаудағы рөлi; қорғаудың қабылданған және қажетті шаралары; ақпарат көздерi. Қажет болған жағдайларда сондай-ақ, организм дамуының жасы мен маусымдық ерекшелiктерiне тән (құрт, жұмыртқа салу, қуыршақ, өсiмдiк бөлiктерi және басқалар) бейнелеу де келтірiледi.

3. Жануарлар мен өсiмдiктердi Қазақстан Республикасының
Қызыл кiтабына енгiзу және одан алып тастау тәртібi

      6. Жануарлар мен өсiмдiктердiң сол немесе өзге де түрiн (шағын түрiн, популяциясын) Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгізу және оның мәртебесiн айқындау үшiн оның санының қауiптi түрде қысқаруы, ареалының азаюы, тiршiлiк ету жағдайларының қолайсыз өзгерiстерi туралы деректер немесе оны қорғау мен өсiмiн молайту жөнiнде шұғыл шаралар қабылдау қажеттiгі туралы куәландыратын кез келген басқа да деректер негіз болады. Халықаралық табиғат қорғау одағының жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып бара жатқан түрлерiнiң тiзiмiне енгiзілген және Қазақстан Республикасының аумағын мекендейтін жануарлар мен өсiмдiктердiң түрлерi (ХТҚО-ның Қызыл кiтабы) Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына бiрiншi кезекте енгiзіледi.
      7. Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялар жануарлар мен өсiмдiктердiң түрлерiн (шағын түрлерiн, популяцияларын) Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзу, одан алып тастау туралы, сондай-ақ олардың әрқайсысына қандай да бiр мәртебе беру туралы жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын қарайды. Жекелеген мәселелердi қарау кезiнде Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялар жазбаша сараптамалық қорытынды әзiрлеу үшін де, Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялардың отырыстарына қатысу үшiн де зоология мен ботаниканың әр түрлi бөлiмдерi бойынша мамандарды тартады.
      8. Жануарлар мен өсiмдiктердiң сол немесе өзге де түрлерiн (шағын түрлерiн, популяцияларын) Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзу (одан алып тастау) туралы ұсынымдарды Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялар жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнген түрлерi тiзбелерiнiң жобалары түрiнде олардың мәртебесiн көрсете отырып, жануарлар дүниесiн қорғау, өсиетiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілеттi органға (бұдан әрi - Уәкілетті орган) енгiзедi.
      9. Уәкілеттi орган жануарлар мен өсiмдiктердiң сол немесе өзге де түрлерiн (қосымша түрлерiн, популяцияларын) Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгізу немесе одан шығару туралы Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялардың ұсынымын белгіленген тәртiппен қарағаннан кейiн жануарлар мен өсiмдiктердiң түрiн (шағын түрін, популяциясын) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түр санатына жатқызу немесе сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнгендердi басқа санатқа ауыстыру туралы шешiмнiң жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiту үшiн енгiзедi.
      10. 9-тармақта көрсетілген мәселелерден басқа, Комиссия:
      жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнген түрлерiнiң мәртебелерiн айқындау үшiн ХТҚО-ның Қызыл кiтабының санаттары мен өлшемдерiн пайдалану туралы;
      Қазақстан Республикасы Қызыл кiтабының зоологиялық және ботаникалық бөлiмдерiнiң құрылымы туралы;
      Қазақстан Республикасы Қызыл кiтабының зоологиялық және ботаникалық бөлiмдерiндегі ақпарат көлемi туралы;
      Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы томдарының бөлiктерін шығарудың (том бөліктеріне бiр немесе бiрнеше бөлiмдердi қоса отырып) және Қазақстан Республикасы Қызыл кiтабының дубликаттарын қайта шығарудың орындылығы туралы мәселелердi қарайды.
      Осы мәселелер жөнiндегi ұсыныстарды Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялар Уәкiлеттi органға жiбередi.
      11. Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялардың құрамына олардың жұмыс орындарына қарамастан, зоологиялық ғылымның (териология, орнитология, герпетология, ихтиология, энтомология, арахнология және басқалар) және ботаникалық ғылымның (флористика, геоботаника, альгология, лихенология және басқалар) негiзгі бөлiмдерi бойынша жетекшi мамандар кiредi.
      12. Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялардың қызметiн ұйымдастыруды Уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

4. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын
жүргізу тәртiбi

      13. Уәкілетті орган осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын жүргізедi және оны басып шығаруды қамтамасыз етедi.
      14. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабының түпнұсқалық бiрдей күшi бар үш данасының бipeуi - Қазақстан Республикасының Үкiметінде, екiншiсi - Уәкілеттi органда үшiншiсi - ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органда болады. Осы Ережеде белгiленген тәртiппен қабылданған толықтырулар мен өзгерiстер үш мәтiнге бір мезгiлде енгiзіледi. Барлық қалған даналар Қазақстан Республикасы Қызыл кiтабының дубликаттары болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы дубликатарының таралу тәртiбiн Уәкілетті орган белгілейдi.
      15. Қазақстан Республикасы Қызыл кiтабының дубликаттарын басып шығару Уәкiлеттi орган шешiмiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
      16. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiнің (шағын түрлерiнің, популяцияларының) жай-күйi туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында мақала және жарияланым түрiнде кеңiнен таралуға жатады.

5. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына
енгiзiлген жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін қорғау жөнiнде деректер жинаудың және іс-шаралар әзiрлеудiң тәртiбi

      17. Жануарлар дүниесін пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктердiң таралуы, саны және пайдаланылуы туралы, сондай-ақ олардың өлу мен ауыру жағдайлары туралы қолда бар мәлiметтердi Уәкілетті орган мен оның аумақтық органдарына ұсынады.
      18. Жануарлар мен өсiмдiктердiң таралуы, саны, биологиясы, пайдаланылуы туралы қолда бар деректердiң негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзілген жануарлар мен өсiмдiктердiң әрбiр түрі (шағын түрi, популяциясы) үшiн мекендейтiн ортаның жай-күйi мен өзгеру сипаты бойынша, Уәкілетті орган мамандандырылған ғылыми-зерттеу мекемелерiмен бiрлесіп, осы жануарлар мен өсiмдiктердi зерделеу, қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi.
      19. Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерінің жай-күйін зерделеу мақсатындағы ғылыми зерттеулер басым бағыттардың бiрi болып табылады. Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнген түрлерiн (шағын түрлерiн, популяцияларын) ғылыми зерттеудi үйлестiрудi және зерделеудiң арнаулы бағдарламаларын әзiрлеудi Уәкілеттi орган ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесiп жүзеге асырады.

Об утверждении Положения о Красной книге Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2004 года № 1330. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2012 года № 734

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 02.06.2012 № 734 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о Красной книге Республики Казахстан.

      2. Признать утратившими силу:
      1) постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 13 сентября 1995 года N 1258 "Об утверждении Положения о Красной книге Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1995 г., N 30, ст. 376);
      2) постановление Правительства Республики Казахстан от 8 февраля 1996 года N 177 "Об утверждении Положения и состава зоологической комиссии по Красной книге Республики Казахстан, и 3-го издания Красной книги Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1996 г., N 7, ст. 45).

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 
       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждено        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 15 декабря 2004 года N 1330

Положение
о Красной книге Республики Казахстан
 
1. Общие положения

      1. Красная книга Республики Казахстан учреждается в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира" и является иллюстрированным изданием перечней редких и находящихся под угрозой исчезновения видов животных и растений, содержащим совокупность сведений о состоянии редких и находящихся под угрозой исчезновения видов животных и растений на территории Республики Казахстан, необходимых мер по их изучению, охране, воспроизводству и устойчивому использованию. Красная книга Республики Казахстан является одновременно составной частью государственного кадастра животного и растительного мира.
      2. В Красную книгу Республики Казахстан заносятся редкие и находящиеся под угрозой исчезновения виды (подвиды, популяции) животных (позвоночных и беспозвоночных) и растений (высших и низших), обитающие в состоянии естественной свободы постоянно или временно на суше, в воде, атмосфере и почве на территории Республики Казахстан, а также в континентальном шельфе и исключительной экономической зоне Республики Казахстан.
      3. Виды (подвиды, популяции) животных и растений, численность и условия устойчивого существования которых восстановлены до пределов, исключающих угрозу их воспроизводству и сохранению генофонда в состоянии естественной свободы, подлежат выведению из Красной книги Республики Казахстан.

2. Структура Красной книги
Республики Казахстан

      4. Красная книга Республики Казахстан состоит из двух томов: животные (том 1) и растения (том 2). Каждый том может издаваться в виде одной книги или нескольких частей (по группам разделов или отдельным разделам) и содержать в качестве приложения -
аннотированный перечень исчезнувших видов и подвидов животных и растений, тексты Положения о Красной книге Республики Казахстан и других нормативных правовых актов по редким и находящимися под угрозой исчезновения видам животных и растений.
      Красная книга Республики Казахстан издается на государственном и русском языках, может быть переведена на любой иностранный язык.
      5. Порядок описания видов животных и растений устанавливается соответственно Зоологической и Ботанической комиссиями по Красной книге Республики Казахстан (далее - Зоологическая и Ботаническая комиссии).
      Для каждого вида (подвида, популяции) животных и растений, занесенных в Красную книгу Республики Казахстан, приводятся следующие основные данные: латинское, казахское и русское названия вида; статус; изображение внешнего вида; прошлое и современное распространение в Республике Казахстан, нанесенные на карту; численность и тенденции ее изменения; основные лимитирующие факторы и причины изменения численности и ареала; сведения о возможности разведения в искусственно созданных условиях, неволе и культуре; роль обитающей на территории Республики Казахстан популяции (популяций) в сохранении генофонда вида; принятые и необходимые меры охраны; источники информации. В необходимых случаях приводится также изображение характерных возрастных и сезонных особенностей развития организма (личинка, кладка яиц, куколка, части растения и прочие).

3. Порядок занесения в Красную книгу Республики
Казахстан и исключения из нее животных и растений

      6. Основанием для занесения в Красную книгу Республики Казахстан того или иного вида (подвида, популяции) животных и растений и определения его статуса служат данные об опасном сокращении его численности, уменьшении ареала, неблагоприятных изменениях условий существования или любые другие данные, свидетельствующие о необходимости принятия срочных мер по его охране и воспроизводству. Виды животных и растений, включенных в список редких и исчезающих видов животных и растений Международного союза охраны природы (Красная книга МСОП) и обитающие на территории Республики Казахстан, заносятся в Красную книгу Республики Казахстан в первую очередь.
      7. Зоологическая и Ботаническая комиссии рассматривают предложения физических и юридических лиц о занесении видов (подвидов, популяций) животных и растений в Красную книгу Республики Казахстан, выведению из нее, а также о придании каждому из них того или иного статуса. При рассмотрении отдельных вопросов Зоологическая и Ботаническая комиссии привлекают специалистов по различным разделам зоологии и ботаники, как для подготовки письменного экспертного заключения, так и для участия в заседаниях Зоологической и Ботанической комиссии.
      8. Рекомендации о занесении тех или иных видов (подвидов, популяции) животных и растений в Красную книгу Республики Казахстан (выведении из нее) вносятся Зоологической и Ботанической комиссиями в виде проектов перечней редких и находящихся под угрозой исчезновения виды животных и растений (Красные списки) с указанием их статуса в Уполномоченный орган в области охраны, воспроизводства и использования животного мира (далее - Уполномоченный орган).
      9. Уполномоченный орган, после рассмотрения рекомендации Зоологической и Ботанической комиссии о занесении тех или иных видов (подвидов, популяции) животных и растений в Красную книгу Республики Казахстан или выведении из нее в установленном порядке, вносит в Правительство Республики Казахстан проект решения об отнесении вида (подвида, популяции) животных и растений или к категории редких и находящихся под угрозой исчезновения или переводе редких и находящихся под угрозой исчезновения в другие категории для утверждения.
      10. Комиссии кроме вопросов, указанных в пункте 9, рассматривают следующие вопросы:
      об использовании категорий и критериев Красной книги МСОП для определения статусов редких и находящихся под угрозой исчезновения видов животных и растений;
      о структуре зоологических и ботанических разделов Красной книги Республики Казахстан;
      об объеме информации в зоологических и ботанических разделах Красной книги Республики Казахстан;
      о целесообразности издания частей томов Красной книги Республики Казахстан (с включением в часть тома одного или нескольких разделов) и переиздания дубликатов Красной книги Республики Казахстан.
      Предложения по этим вопросам Зоологическая и Ботаническая комиссии направляют в Уполномоченный орган.
      11. В состав Зоологической и Ботанической комиссии входят ведущие специалисты по основным разделам зоологической науки (териология, орнитология, герпетология, ихтиология, энтомология, арахнология и другие) и ботанической науки (флористика, геоботаника, альгология, лихенология и другие) независимо от места их работы.
      12. Организация деятельности Зоологической и Ботанической комиссии осуществляется Уполномоченным органом.

4. Порядок ведения Красной книги
Республики Казахстан

      13. Уполномоченный орган ведет и обеспечивает издание Красной книги Республики Казахстан в соответствии с настоящим Положением.
      14. Три экземпляра Красной книги Республики Казахстан, имеющие одинаковую силу оригинала, находятся: один - в Правительстве Республики Казахстан, второй - в Уполномоченном органе, третий - в уполномоченном государственном органе, осуществляющем руководство в области науки и научно-технической деятельности. Дополнения и изменения, принятые в порядке, установленном настоящим Положением, вносятся одновременно в три текста. Все остальные экземпляры являются дубликатами Красной книги Республики Казахстан.
      Порядок распространения дубликатов Красной книги Республики Казахстан устанавливается Уполномоченным органом.
      15. Издание дубликатов Красной книги Республики Казахстан производится на основании решения Уполномоченного органа.
      16. Информация о состоянии видов (подвидов, популяций) животных и растений, занесенных в Красную книгу Республики Казахстан, подлежит широкому освещению в средствах массовой информации в виде статей и публикации.

5. Порядок сбора данных и разработки
мероприятий по охране видов животных и растений,
занесенных в Красную книгу Республики Казахстан

      17. Пользователи животным миром предоставляют в Уполномоченный орган и его территориальные органы имеющиеся у них сведения о распространении, численности и использовании, а также о случаях гибели или заболевании животных и растений, занесенных в Красную книгу Республики Казахстан.
      18. На основании имеющихся данных о распространении, численности, биологии, использовании животных и растений, а также по состоянию и характеристике изменений среды обитания для каждого вида (подвида, популяции) животных и растений, занесенных в Красную книгу Республики Казахстан, Уполномоченный орган совместно со специализированными научно-исследовательскими учреждениями разрабатывает мероприятия по изучению, охране и воспроизводству этих животных и растений.
      19. Научные исследования с целью изучения состояния редких и находящихся под угрозой исчезновения видов животных и растений являются одним из приоритетных направлений. Координацию научных исследований и разработку специальных программ изучения редких и находящихся под угрозой исчезновения видов (подвидов, популяций) животных и растений осуществляет Уполномоченный орган совместно с уполномоченным государственным органом, осуществляющим руководство в области науки и научно-технической деятельности.