"Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 қыркүйектегi N
1258
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 30, 376-бап) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы жөнiндегi ұсынылып отырған зоологиялық комиссияның Ережесi мен құрамы бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетi әзiрлеген Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабының 3-шi басылымы (1 том. Жануарлар, 1 бөлiм. Омыртқалылар) бекiтiлсiн.
3. "Шеврон Оверсиз Компани" фирмасының демеу қаржысына Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабының 3-шi басылымының дубликаттарын шығару туралы Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнiң, Ұлттық ғылым академиясының ұсынысы мақұлдансын.
4. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзу үшiн Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi, Ұлттық ғылым академиясы Өсiмдiктер мен омыртқасыз жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн әзiрлеудi тездетсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы
8 ақпандағы
N 177 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы
жөнiндегi зоологиялық комиссия туралы
Ереже
Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы жөнiндегi зоологиялық комиссия (бұдан әрi - комиссия) "Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 қыркүйектегi N 1258 қаулысына сәйкес құрылады.
Комиссия Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Зоология және жануарлар генқоры институтының негiзiнде жұмыс iстейдi.
Комиссия құрамына зоология ғылымдарының негiзгi бөлiмдерi (тернология, орнитология, герпетология, ихтиология, энтомология, арахнология тағы басқа) бойынша, олардың жұмыс орындарына қарамастан, жетекшi мамандар кiредi.
Комиссия құрамын Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi мен Ұлттық ғылым академиясының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Комиссия Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына түрлердi (тұқымдастықтарды, өсiп-өнуiн) енгiзу, одан шығару туралы, сондай-ақ олардың әрқайсысын әр санатқа жатқызу туралы ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң, жоғары оқу орындарының, қоғамдық бiрлестiктер мен жекелеген мамандардың ұсыныстарын қарайды. Комиссия жекелеген мәселелердi қараған кезде жазбаша сараптамалық қорытынды әзiрлеу үшiн де, комиссия жиналысына қатынасу үшiн де зоологияның әртүрлi бөлiмдерi бойынша мамандарды (шетелдiктердi қоса) тарта алады.
Комиссия Қазақстан Республикасының қызыл кiтабының зоологиялық бөлiмдерiнiң құрылымы, ондағы ақпарат ауқымы және осы бөлiмдердiң дубликаттарының қайта басылымының қажеттiлiгi туралы мәселелердi қарайды. Комиссия осы мәселелер жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi мен Ұлттық ғылым академиясына жолдайды.
Комиссия шешiмi Қазақстан Республикасының қызыл кiтабына енгiзiлетiн немесе санаты көрсетiлiп одан шығарылатын жануарлардың тiзiмi түрiнде (немесе жекелеген түрлер) Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынылады.
Комиссия жиналысы қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы
8 ақпандағы
N 177 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы
жөнiндегi зоологиялық комиссияның
Құрамы
Бекенов А.Б. - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
академиясы Зоология және жануарлардың
генқоры институтының директоры, төраға
Ковшарь А.Ф. - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
академиясы Зоология және жануарлардың
генқоры институтының зертхана
меңгерушiсi, төрағаның орынбасары
Рымжанов Т.С. - Қазақстан Республикасы Экология және
биоресурстар министрлiгiнiң бөлiм
бастығы, төрағаның орынбасары
Тарабаев Ш.К. - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
академиясы Зоология және жануарлардың
генқоры институтының аға ғылыми
қызметкерi, хатшы
Комиссия мүшелерi:
Брушко З.К. - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
академиясы Зоология және жануарлардың
генқоры институтының жетекшi ғылыми
қызметкерi
Есмұқанов Х.К. - Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары
академиясы Қазақ балық шаруашылығы
ғылыми-зерттеу институтының директоры
Митрофанов В.П. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк
ұлттық университетiнiң кафедра
меңгерушiсi
Митяев И.Д. - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
академиясы Зоология және жануарлар
генқоры институтының жетекшi ғылыми
қызметкерi
Нұрғалиев Ш.З. - Қазақстан Республикасы Аңшылар мен
балықшылар қоғамы одағының президентi
Степанов Ю.В. - Қазақстан Республикасы Орман
шаруашылығы комитетiнiң бас маманы