Ұлттық темiр жол компаниясы мен ұлттық тасымалдаушылардың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы N 1389 Қаулысы.

      "Teмip жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы Ұлттық темiр жол компаниясы (бұдан әрi - компания) болып белгiленсiн.

      2. Мыналар:

      1) "ҚТЖ-Жүк тасымалы" акционерлік қоғамы – жүк тасымалдау бойынша;

      2) "Жолаушылар тасымалы" ашық акционерлiк қоғамы - жолаушыларды, багажды, жүк багажды және почта жөнелтiмдерiн тасымалдау жөнiндегi ұлттық тасымалдаушылар болып белгiленсiн.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2017 № 608 қаулыларымен.

      3. Компания жүктерді теміржол көлігімен тасымалдаушының функцияларын 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін орындайды деп белгіленсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3-1. Компанияға магистральдық темiр жол желiсiнiң берiлуiне байланысты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен компанияға магистральдық темiр жол желiсi объектiлерi орналасқан жер учаскелеріне 5 жыл мерзiмге уақытша өтеулi ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығының берiлуiн қамтамасыз етсiн.

      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.10.26 N 1076 қаулысымен.

      4. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 15 наурыздағы N 310 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

      3-тармақтағы "магистральдық темiр жол желiсiн иелену мен пайдалануды жүзеге асыру" деген сөздер алынып тасталсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



О некоторых вопросах Национальной железнодорожной компании и национальных перевозчиков

Постановление Правительства Республики Казахстана от 25 декабря 2004 года N 1389.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 8 декабря 2001 года "О железнодорожном транспорте" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить Национальной железнодорожной компанией (далее - компания) акционерное общество "Национальная компания "Казакстан темір жолы".

      2. Определить национальными перевозчиками:

      1) акционерное общество "ҚТЖ-Грузовые перевозки" – по перевозке грузов;

      2) открытое акционерное общество "Пассажирские перевозки" - по перевозке пассажиров, багажа, грузобагажа и почтовых отправлений.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 31.12.2014 № 1442; от 29.09.2017 № 608.

      3. Установить, что компания выполняет функции перевозчика грузов железнодорожным транспортом до 1 января 2020 года.

      Сноска. Пункт 3 в редакции постановления Правительства РК от 31.12.2014 № 1442.

      3-1. В связи с передачей компании магистральной железнодорожной сети, акимам областей, городов Астаны и Алматы, Агентству Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами в установленном законодательством порядке обеспечить предоставление компании права временного возмездного долгосрочного землепользования сроком на 5 лет на земельные участки, занятые объектами магистральной железнодорожной сети.

      Сноска. Постановление дополнено пунктом 3-1 - постановлением Правительства РК от 26 октября 2005 года N 1076.

      4. Внести следующее изменение в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 марта 2002 года N 310 "О создании закрытого акционерного общества "Национальная компания "Казакстан теміp жолы":

      в пункте 3 слова "осуществление владения и пользования магистральной железнодорожной сетью," исключить.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

     
      Премьер-Министр
Республики Казахстан