"Ұлттық темір жол компаниясы мен ұлттық тасымалдаушылардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы № 1389 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1442 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ұлттық темір жол компаниясы мен ұлттық тасымалдаушылардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы № 1389 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 9, 76-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) «Қазтеміртранс» акционерлiк қоғамы – жүктердi тасымалдау жөнiндегi;»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Компания жүктерді теміржол көлігімен тасымалдаушының функцияларын 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін орындайды деп белгіленсін.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                      К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады