Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 25 желтоқсандағы N 1389 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы N 1076 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ETEДI:

      1. "Ұлттық темiр жол компаниясы мен ұлттық тасымалдаушылардың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 25 желтоқсандағы N 1389  қаулысына  мынадай толықтыру енгiзiлсін:
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Компанияға магистральдық темiр жол желiсiнiң берiлуiне байланысты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен компанияға магистральдық темiр жол желiсi объектiлерi орналасқан жер учаскелеріне 5 жыл мерзiмге уақытша өтеулi ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығының берiлуiн қамтамасыз етсiн.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады