"Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 15 наурыз N 310. Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 9, 76-құжат.

      "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  9-бабына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335  заң күшi бар Жарлығының 16-бабына, "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  9-бабына және "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. <*>
      Ескерту. 1-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.12.28. N 1404 қаулысымен .

      2. "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын және 1-қосымшаға сәйкес оның еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарын қосу жолымен мемлекеттiң 100% акциялар пакетiмен "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.

      3. Қоғам қызметiнiң негiзгi түрлерi, магистральдық темiр жол желiсiнiң операторы және тасымалдаушысы функцияларын орындау деп белгiленсiн.
      Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы N 1389 Қаулысымен .
 

             4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының және 1-қосымшаға сәйкес оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының мүліктерін, сондай-ақ 2-қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін беру жолымен Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды;
     2) <*>
     3) Қоғамның жарғысын бекітуді және оның мемлекеттік тіркелуін;
     4) <*>
     5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
     Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.27. N 479 қаулысымен .
     Ескерту. 4)-тармақша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.09.25. N 1051 қаулысымен .
     Ескерту. 2)-тармақша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.12.28. N 1404 қаулысымен .

     5. 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2002 жылғы 15 наурыздағы   
N 310 қаулысына        
1-қосымша           

          "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк
      кәсiпорнының қайта ұйымдастырылатын еншiлес мемлекеттiк
                     кәсiпорындарының тiзбесi

     1. <*>
     2. "Инфрақұрылым" ЕМК.
     3. "Локомотив" ЕМК.
     4. <*>
     5. <*>
     6. <*>
     7. <*>
     8. "Жүк тасымалы" ЕМК.
     9. "Вагон паркiн басқару жөнiндегi бiрiншi мемлекеттiк компания" ЕМК.
     10."Вагон паркiн басқару жөнiндегi екiншi мемлекеттiк компания" ЕМК.
     11. "Вагон паркiн басқару жөнiндегi үшiншi мемлекеттiк компания" ЕМК.
     12. <*>
     13. "Хромтау - Алтынсарин" темiр жол желiсiнiң құрылысы және оны уақытша пайдалану жөнiндегi дирекциясы" ЕМК.
     Ескерту. 1,4-7,12 жолдар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.04.27. N 479 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
2002 жылғы 15 наурыздағы     
N 310 қаулысына        
2-қосымша           

           Акцияларының пакеттері "Қазақстан темір жолы" ұлттық
            компаниясы" жабық акционерлік қоғамының жарғылық
          капиталына берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі

     1. "Жолжөндеу" ААҚ.
     2. "Әскерилендірілген темір жол күзеті" ААҚ.
     3. <*>
     4. "Жол жөндеуші" ААҚ.
     5. "Көлік сервисі орталығы" ААҚ.
     6. "Кеденкөліксервис" ЖАҚ.
     7. "Көліктелеком" ААҚ.
     8. "Жолаушылар тасымалы" ААҚ.
     9. "Теміржолмашжөндеу" ААҚ.
     10. "Локомотивжөндеу" ААҚ.
     11. "Вагонжөндеу" ААҚ.
     12. "Теміржолсужылужабдықтау" ААҚ.
     13. "Қазкөліксервис" ААҚ.
     Ескерту. 3-жол алып тасталды, 8-13 жолдармен толықтырылды - ҚР
Үкіметінің 2002.04.27. N 479 қаулысымен .    

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң            
2002 жылғы 15 наурыздағы     
N 310 қаулысына        
3-қосымша             

             "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы"
         жабық акционерлiк қоғамы директорлар кеңесiнiң
                             құрамы

      Нәлiбаев Әбдiқалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары, төраға;
     
      Жәмiшев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
 
      Құсайынов Әбiлғазы Қалиәкпарұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi;
 
      Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы;

     Рақымбеков Боран Ғизатұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет бiрiншi вице-министрi;

     Шнейдмюллер Владимир Викторович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi;

     Атамқұлов Ерлан Дүмшебайұлы - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының президенті.

     Ескерту. Құрам толықтырылды - ҚР үКіметінің 2002.03.15. N 313 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
2002 жылғы 15 наурыздағы    
N 310 қаулысына       
4-қосымша           

                  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
               кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер

       1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-27-жолмен толықтырылсын:
      "21-27 "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ".
      2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
     көрсетiлген қаулыға қосымшада:
     "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 160-12-жолмен толықтырылсын:
     "160-12 "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ".
     3. "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Қазкөлiксервис" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны мен "Кеденкөлiксервис" жабық акционерлiк қоғамын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 9 қаңтардағы N 11 қаулысының  күшi жойылды деп танылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады