Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 59 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 № 499 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).

      "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: қараңыз.Z070319
      1. Қоса беріліп отырған Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметінің        
2005 жылғы 25 қаңтардағы  
N 59 қаулысымен      
бекiтiлген        

Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің
ҮЛГІ ЕРЕЖЕСІ

1. Негiзгi ережелер

      1. Осы Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрленген және меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметiн реттейдi. Z070319

      2. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары (бұдан әрi - білім беру ұйымы) - жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұратын орын берiп, олардың тәрбиеленуiне, білім алуына қолайлы жағдай жасалатын бiлiм беру жүйесiнiң ұйымдары болып табылады.

2. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлерi және
оларға қойылатын талаптар

      3. Бiлiм беру ұйымдары мынадай түрде құрылуы мүмкiн:
      жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат;
      сәбилер үйі;
      жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйі;
      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кемтар балаларға арналған балалар үйі;
      отбасы үлгісі бойынша балалар үйі;
      отбасылық үлгiдегi балалар үйi;
      "балалар үйi-мектеп-кәсiптiк мектеп" кешенi;
      отбасылық үлгідегi балалар ауылы;
      жастар үйi;
      ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың уақытша болуына арналған орталық (баспана) және басқалар.
      Бiлiм беру ұйымдары мемлекеттiк, жеке меншiк болуы мүмкiн.

      4. Бiлiм беру ұйымы заңды тұлға болып табылады, оның оқшауланған мүлкi, өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкте шоты болады.
      Бiлiм беру ұйымы тәрбие бағдарламасын тәрбиеленушілердiң психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiне, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулығын сақтау, құқықтары мен мүдделерiн қорғау талаптарына сәйкес дербес әзiрлейдi.

      5. Бiлiм беру ұйымы өз қызметін "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, заңға тәуелді нормативтiк кесiмдерге, осы Ережеге және ұйымның жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

      6. Бiлiм беру ұйымдары нақты мiндеттерi мен балаларды ұстау, оқыту және тәрбиелеу, қызмет режимi ерекшелiктерiне қойылатын талаптарға қарай:
      ерте және мектепке дейінгі жастағы балалар үшiн;
      мектеп жасындағы балалар үшін;
      ерте, мектепке дейiнгі және мектеп жасындағы балалар үшiн;
      бiлiм беру ұйымдарын бітірушілер үшiн құрылады.

      7. Білiм беру ұйымдарында әр жастағы және бірыңғай жастағы балалардан тәрбиелеу топтары құрыла алады.

      8. Бiлiм беру ұйымының тәрбиешiлерi үшiн нормативтік жүктеме аптасына 25 сағатты құрайды.

      9. Аумағында ұйым орналасқан жергiлiктi бiлiм берудi басқару органдары меншiк нысанына қарамастан, жергiлiктi бағынысты ұйымдарда оқу-тәрбие процесі мазмұнының мемлекеттiк жалпыға міндетті бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкестiгiн, балалардың өмiр сүру, оқу және тәрбиелену жағдайларын, осы ұйымның басшы және педагогикалық кадрлармен толықтырылуын мерзiмдi бақылауды жүзеге асырады, оқу-тәрбие процесінде әдiстемелiк көмек көрсетедi.

      10. Бiлiм беру ұйымында медициналық қызмет көрсетудi ұйымның әкiмшiлігімен бiрлесе отырып, балалардың денсаулығын қорғауды, олардың психикалық-дене жағдайын нығайтуды, алдын алу іс-шараларын жүргізудi, ұйымның санитарлық-гигиеналық жағдайын, тамақтандырудың, оның iшiнде емдәмдік тамақтандырудың ұйымдастырылуын бақылауды қамтамасыз eтeтiн штаттық медициналық персонал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

3. Тәрбиеленушiлердi қабылдау, ұстау және бiтiрту тәртiбi

      11. Бiлiм беру ұйымына бүкіл күнтiзбелiк жыл бойында туылғаннан бастап 18 жасқа дейiнгі (жастар үйлерiне - 23 жасқа дейінгі балалар үйлері мен балалар ауылының бiтiрушілерi):
      жетiм балалар;
      ата-аналық құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасының хабарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабілетi шектелуi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемесiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады.

      12. Медициналық көрсеткiштер бойынша немесе басқа бiр себептермен бұл балаларды тәрбиелеу мен оқыту бөлек жүзеге асырылуы тиiс болатын жағдайларды қоспағанда, бiр отбасының мүшелерi немесе туыстық қатынастағы балалар бiр бiлiм беру ұйымына жiберіледi.

      13. Ұйымға жiберілетiн әр балаға мынадай құжаттар ұсынылады:
      білім беру ұйымына жiберу туралы жергілікті атқарушы органдардың шешiмi;
      туу туралы куәлiк;
      денсаулық жағдайы мен екпелерi туралы медициналық құжаттар;
      білім туралы құжаттар (мектеп жасындағы балалар үшiн);
      баланың өмiр сүру жағдайын тексеру актiсi;
      ата-анасы немесе оларды алмастыратын адамдар туралы мәлiметтер (ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлiктердiң көшiрмелерi, соттың шешiмi, ата-анасының ауруы немесе оларды iздестiру туралы анықтама және ата-анасының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуге мүмкiндігі жоқтығын растайтын басқа да құжаттар);
      аға-iнiлерiнiң, апа-сiңлiлерiнiң және басқа да жақын туыстарының бар-жоғы және олардың тұратын жерi туралы анықтама;
      ата-анасы қайтыс болғаннан кейiн қалған мүлiктердiң тiзiмдемесi, оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәлiметтер;
      кәмелетке толмағандарға тұрғын үй алаңын бекiтiп беру туралы құжаттар;
      зейнетақы, жәрдемақы алатындардың зейнетақы кiтапшасы, алимент өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi (оларды балаға ата-анасының бiрi немесе оны алмастыратын адам алатын кезде).

      14. Бiр бiлiм беру ұйымынан екiншiсiне ауысқанда немесе бiтiрген кезде тәрбиеленушiге:
      туу туралы куәлiк (жеке куәлiк);
      ұйымда болғаны туралы анықтама;
      денсаулық жағдайы мен екпелерi туралы анықтама;
      бiлiмi туралы құжат;
      ата-анасы немесе туысқандары туралы мәлiметтер;
      егер жеке iсiнде осындай болса, мүлiкке, ақшалай қаражатқа, бұрын ол немесе ата-анасы тұрған тұрғын үй алаңына оның құқығын растайтын құжаттар, зейнетақы және жинақ кiтапшалары, алимент өндiруге арналған орындау парағы және басқа да құжаттар беріледi.
 

      15. Тәрбиеленушілер міндеттерін бұзғаны үшін оларға бiлiм беру ұйымының жарғысында көзделген тәртiптiк ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.
 

      16. Бiлiм беру ұйымы (отбасылық үлгiдегі балалар үйлерінен, отбасылық үлгідегі балалар ауылынан, жастар үйiнен басқа) тәрбиеленушілерiн бiтiрту ұйымның педагогикалық кеңесiнiң шешiмiмен жүргiзіледi.

4. Оқу-тәрбие жұмысы және тәрбиеленушiлердiң
тұрмысын ұйымдастыру

      17. Жалпы бiлiм беретін мектебi бар білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие процесi жалпы орта білімнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орындары қызметiнiң үлгі ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      Ұйымдағы тәрбие жұмысы тәрбиеленушілердiң қызығушылығын, бейiмдiлiгі мен психикалық-дене ерекшелiктерiн ескере отырып, балалар мен ересектердiң ынтымақтастығы қағидатымен жүргiзіледi.
      Жалпы бiлiм беретiн мектебi жоқ бiлiм беру ұйымы мектеп жасындағы тәрбиеленушілердiң тиiстi жалпы бiлiм беретiн мектепте оқуын қамтамасыз етеді.

      18. Бiлiм беру ұйымында тәрбиеленушілердiң патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары мораль және адамгершiлiк сезiмiн қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты ынталары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған әр түрлi клубтар, секциялар, үйiрмелер, студиялар құрылуы мүмкiн.
      Бiлiм беру ұйымы тәрбиеленушілердің қызығушылығын ескере отырып, олардың жалпы бiлiм беретiн мектептегі, оқушылар сарайлары мен үйлерiндегі, жас техниктер мен жас натуралистер станцияларындағы, спорт және музыка мектептерiндегі, сондай-ақ басқа да мектептен тыс ұйымдардағы үйiрмелер мен секцияларға баруын қамтамасыз етедi.

      19. Бiлiм беру ұйымы тәрбиеленушiлерiнiң зейнетақы және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды алу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделедi.

5. Мектепке дейінгі бөлiмнiң (топтың)
жұмысын ұйымдастыру

      20. Бiлiм беру ұйымында мектепке дейінгі бөлiмдер (топтар) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың туыстық қатынастарын сақтау мақсатында құрылады.
 

      21. Мектепке дейінгі бөлiмдер (топтар) өз қызметiнде Мектепке дейінгі мекемелердiң үлгі ережесiн және осы Ереженi басшылыққа алады.

      22. Ұйымның мектепке дейiнгi бөлiмiнiң тәрбиеленушiлерi мынадай жас топтарына бiрiгедi:
      туғаннан 3 жасқа дейiн - бiрiншi кiшi топ;
      3-тен 4 жасқа дейiн - екiншi кiшi топ;
      4-тен 5 жасқа дейiн - естиярлар тобы;
      5-тен 6 жасқа дейiн - ересектер тобы;
      6-дан 7 жасқа дейiн - мектепке даярлау тобы.
      Қажет болған жағдайда топтарды әр түрлi жастағы балалардан жинақтауға болады.

      23. Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу, оқыту және олардың күн тәртiбi мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың жалпыға мiндеттi мемлекеттік стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Бiлiм беру ұйымын басқару

      24. Білім беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

      25. Білім беру ұйымын алқалық басқару нысандары педагогикалық кеңес, қамқоршылық кеңес болып табылады.

      26. Білім беру ұйымын тiкелей басқаруды ұйым құрылтайшысы тағайындайтын директор жүзеге асырады.

      27. Білім беру ұйымы басшысының мәртебесi осы Ережемен айқындалады және жарғымен бекiтіледi.

      28. Білім беру ұйымының басшысы ұйымдастыру қабілетiне ие, жоғары педагогикалық білімi және кемiнде 5 жыл педагогикалық жұмыс стажы бар, үздiк педагогикалық қызметкерлер арасынан тағайындалады.

      29. Бiлiм беру ұйымының басшысы:
       заңнамада белгіленген тәртiппен ұйым қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      өзге де ұйымдармен өзара қатынаста білім беру ұйымын бiлдiредi;
      ұйымның жарғысында көзделген өзге де функцияларды орындайды.
      Басшының еңбегіне ақы төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделедi.
 

      30. Ұйым қызметкерлерiнiң құқықтары, мiндеттерi, әлеуметтiк кепiлдiктерi мен жеңілдiктерi " Білім туралы " Қазақстан Республикасының Заңыменеңбек заңнамасымен, жарғымен, Iшкi тәртiп ережесiмен айқындалады.

7. Бiлiм беру ұйымының материалдық базасы,
қаржыландыру және есеп беру

      31. Білім беру ұйымы жергілікті жағдайларға қарай қосалқы ауыл шаруашылығын, оқу-тәжiрибе телiмiн және оқу-өндiрiстiк шеберханалар құра алады.
 

      32. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мемлекеттiк білім беру ұйымы жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
      Қосымша қаражат тарту оны қаржыландырудың нормативтерi мен абсолюттiк мөлшерiн қысқартуға әкеп соқтырмайды.
 

      33. Бiлiм беру ұйымы белгiленген нысан бойынша iс қағаздарын жүргiзедi және бағыныстылығына қарай бiлiм беру органдарына есеп бередi.
 

      34. Бiлiм беру ұйымының халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы және халықаралық шарттар, келiсiмдер, конвенциялар негізiнде жүзеге асырылады.

8. Ұйымды қайта ұйымдастыру және тарату тәртiбi

      35. Ұйымды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Типовых правил деятельности организаций образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 января 2005 года № 59. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 мая 2013 года № 499

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 17.05.2013 № 499 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 7 июня 1999 года "Об образовании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ: см.Z070319

      1. Утвердить прилагаемые Типовые правила деятельности организаций образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан
 

Утверждены            
постановлением Правительства   
Республики Казахстан       
от 25 января 2005 года N 59   

Типовые правила деятельности организаций образования
для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей

1. Основные положения

      1. Настоящие Типовые правила деятельности организаций образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 7 июня 1999 года "Об образовании" и регулируют деятельность организаций образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, независимо от форм собственности и ведомственной подчиненности. Z070319
      2. Организации образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей (далее - организация образования) - организации системы образования, в которых создаются благоприятные условия для воспитания, получения образования с предоставлением места проживания детям-сиротам, детям, оставшимся без попечения родителей.

2. Виды и требования, предъявляемые к организациям образования
для детей-сирот и для детей, оставшихся без попечения родителей

      3. Организации образования могут создаваться следующих видов:
      школа-интернат для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей;
      дом ребенка;
      детский дом для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей;
      детский дом для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, с ограниченными возможностями;
      детский дом по типу семьи;
      детский дом семейного типа;
      комплекс "детский дом-школа-профессиональная школа";
      детская деревня семейного типа;
      дом юношества;
      центр для временного пребывания детей, оставшихся без попечения родителей (приют), и другие.
      Организации образования могут быть государственными, частными.
      4. Организация образования является юридическим лицом, имеет обособленное имущество, печать и штампы со своим наименованием, бланки установленного образца, а также в соответствии с законодательством Республики Казахстан - счет в банке.
      Организация образования самостоятельно разрабатывает воспитательную программу в соответствии с психофизиологическими особенностями воспитанников, требованиями охраны здоровья, защиты прав и интересов детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей.
      5. Свою деятельность организация образования осуществляет в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об образовании", подзаконными нормативными актами, настоящими Правилами и уставом организации.
      6. Организации образования в зависимости от конкретных задач и требований к особенностям содержания, обучения и воспитания детей, режима деятельности могут создаваться:
      для детей раннего и дошкольного возраста;
      для детей школьного возраста;
      для детей раннего, дошкольного и школьного возраста;
      для выпускников организаций образования.
      7. В организациях образования могут создаваться разновозрастные и одновозрастные воспитательные группы.
      8. Нормативная нагрузка в неделю для воспитателей организаций образования составляет - 25 часов.
      9. Местные органы управления образованием, на территории которых находится организация, осуществляют периодический контроль за соответствием содержания учебно-воспитательного процесса требованиям государственных общеобязательных стандартов образования в организациях местного подчинения, независимо от форм собственности, условиями жизни, обучения и воспитания детей, укомплектованием этой организации руководящими и педагогическими кадрами, оказывают методическую помощь в учебно-воспитательном процессе.
      10. Медицинское обслуживание в организации образования в соответствии с законодательством Республики Казахстан осуществляется штатным медицинским персоналом, который совместно с администрацией организации обеспечивает охрану здоровья детей, укрепление их психофизического состояния, проведение профилактических мероприятий, санитарно-гигиеническое состояние организаций, контроль за организацией питания, в том числе диетического.

3. Порядок приема, содержания и выпуска воспитанников

      11. В организацию образования принимаются с рождения до 18 лет (в дома юношества - выпускники детских домов и детских деревень до 23 лет) в течение всего календарного года:
      дети-сироты;
      дети, которые остались без попечения единственного или обоих родителей в связи с ограничением или лишением их родительских прав, признанием родителей безвестно отсутствующими, объявлением их умершими, признанием недееспособными (ограниченно дееспособными), отбыванием родителями наказания в местах лишения свободы, уклонением родителей от воспитания ребенка или от защиты его прав и интересов, в том числе при отказе родителей взять своего ребенка из воспитательного или лечебного учреждения, а также в иных случаях отсутствия родительского попечения.
      12. Дети - члены одной семьи или, находящиеся в родственных отношениях, направляются в одну организацию образования, за исключением случаев, когда по медицинским показаниям или другим причинам воспитание и обучение этих детей должно осуществляться раздельно.
      13. На каждого ребенка, направляемого в организацию, представляются следующие документы:
      решение местных исполнительных органов о направлении в организацию образования;
      свидетельство о рождении;
      медицинские документы о состоянии здоровья и прививках;
      документы об образовании (для детей школьного возраста);
      акт обследования условий жизни ребенка;
      сведения о родителях или лицах их заменяющих (копии свидетельств о смерти родителей, решение суда, справка о болезни или розыске родителей и другие документы, подтверждающие отсутствие родителей или невозможность воспитания ими своих детей);
      справка о наличии и местожительстве братьев, сестер и других близких родственников;
      опись имущества, оставшегося после смерти родителей, сведения о лицах, отвечающих за его сохранность;
      документы о закреплении жилой площади за несовершеннолетними;
      пенсионная книжка получающих пенсию, пособие, копия решения суда о взыскании алиментов (при получении их на ребенка родителем или лицом, его заменяющим).
      14. При переводе из одной организации образования в другую или выпуске воспитаннику выдается:
      свидетельство о рождении (удостоверение личности);
      справка о пребывании в организации;
      справка о состоянии здоровья и прививках;
      документ об образовании;
      сведения о родителях или родственниках;
      документы, подтверждающие его права на имущество, денежные средства, жилую площадь, ранее занимаемую им или родителями, пенсионную и сберегательную книжки, исполнительный лист на взыскание алиментов и другие документы, если таковые имелись в личном деле.
      15. За нарушение обязанностей воспитанниками к ним могут быть применены меры дисциплинарного воздействия, предусмотренные уставом организации образования.
      16. Выпуск воспитанников организаций образования (кроме детских домов семейного типа, детской деревни семейного типа, домов юношества) производится по решению педагогического совета организации.

4. Учебно-воспитательная работа и организация быта воспитанников

      17. Учебно-воспитательный процесс в организации образования, имеющей общеобразовательную школу, осуществляется согласно типовому положению деятельности учебных заведений , реализующих образовательные программы среднего общего образования.
      Воспитательная работа в организации ведется с учетом интересов, склонностей и психофизических особенностей воспитанников на принципах сотрудничества детей и взрослых.
      Организация образования, не имеющая общеобразовательную школу, обеспечивает обучение воспитанников школьного возраста в соответствующей общеобразовательной школе.
      18. В организации образования могут создаваться различные клубы, секции, кружки, студии, направленные на формирование патриотизма, гражданственности, интернационализма, высокой морали и нравственности, а также на развитие разносторонних интересов и способностей воспитанников.
      Организация образования обеспечивает посещение воспитанниками с учетом их интересов кружков, секций в общеобразовательной школе, дворцах и домах школьников, станциях юных техников и юных натуралистов, спортивных и музыкальных школах, а также в других внешкольных организациях.
      19. Порядок получения пенсий и государственных социальных пособий по случаю потери кормильца воспитанниками организаций образования предусматривается законодательством Республики Казахстан .

5. Организация работы дошкольного отделения (группы)

      20. Дошкольное отделение (группы) создается в организации образования с целью сохранения родственных отношений детьми дошкольного и школьного возраста.
      21. Дошкольное отделение (группы) в своей деятельности руководствуется Типовыми правилами деятельности дошкольных учреждений и настоящими Правилами.
      22. Воспитанники дошкольного отделения организации объединяются в возрастные группы:
      с рождения до 3 лет - первая младшая группа;
      от 3 до 4 лет - вторая младшая группа;
      от 4 до 5 лет - средняя группа;
      от 5 до 6 лет - старшая группа;
      от 6 до 7 лет - подготовительная к школе группа.
      При необходимости допускается комплектование групп детьми разных возрастов.
      23. Воспитание, обучение и режим дня детей дошкольного возраста осуществляются в соответствии с государственными общеобязательными стандартами дошкольного воспитания и обучения.

6. Управление организацией образования

      24. Управление организациями образования осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан и настоящими правилами.
      25. Формами коллегиального управления организацией образования являются педагогический совет, попечительский совет.
      26. Непосредственное управление организацией образования осуществляет директор, назначаемый учредителем организации.
      27. Статус руководителя организации образования определяется настоящими Правилами и закрепляется уставом.
      28. Руководитель организации образования назначается из числа лучших педагогических работников, обладающих организаторскими способностями, имеющих высшее педагогическое образование и стаж педагогической работы не менее 5-ти лет.
      29. Руководитель организации образования:
      в установленном законодательством порядке назначает на должности и освобождает от должностей работников организации;
      представляет организацию образования во взаимоотношениях с иными организациями;
      выполняет иные функции, предусмотренные уставом организации.
      Порядок оплаты труда руководителя предусматривается законодательством Республики Казахстан .
      30. Права, обязанности, социальные гарантии и льготы работников организации определяются Законом Республики Казахстан "Об образовании", трудовым законодательством, уставом, Правилами внутреннего распорядка.

7. Материальная база организации образования,
финансирование и отчетность

      31. Организация образования в зависимости от местных условий может создавать подсобное сельское хозяйство, учебно-опытный участок, учебно-производственные мастерские.
      32. Государственная организация образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, финансируется из местного бюджета.
      Привлечение дополнительных средств не влечет за собой сокращения нормативов и абсолютных размеров его финансирования.
      33. Организация образования ведет делопроизводство по установленной форме и представляет отчетность органам образования в зависимости от подчиненности.
      34. Международное сотрудничество организаций образования осуществляется на основе законодательства Республики Казахстан и международных договоров , соглашений, конвенций.

8. Порядок реорганизации и ликвидации организации

      35. Реорганизация и ликвидация организации осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан .