Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Алматы қаласының әкiмiне Алматы қаласының Саин көшесi мен Райымбек даңғылының қиылысындағы көлiк айырымының құрылысына 2005 жылға арналған республикалық бюджетте күтпеген шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен 1200000000 (бip миллиард екi жүз миллион) теңге қаражат бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi