Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiне қызметтік мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде мертiккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 299 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.20 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңы 29-2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде мертiккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төлеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2005 жылғы 4 сәуiрдегi
N 299 қаулысымен  
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-
атқару жүйесi қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн
немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде мертiккен кезде,
ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға
құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төлеу
ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiне (бұдан әрi - қызметкерлер) қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде мертiккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға заңнамаға сәйкес бiржолғы өтемақы төлеу тәртiбiн айқындайды.

      2. Қызметкерлер мен оны алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төлеу жүргiзілетiн жағдайлар, сондай-ақ оның көлемi "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 29-2-бабында көрсетiлген.

      3. Қызметкерлердiң мертiгу немесе қаза табу (қайтыс болу) себептерi мен мән-жайларын тергеу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 3 наурыздағы N 326 қаулысымен бекiтiлген Еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. V053932

2. Бiржолғы өтемақы төлеу тәртiбi

      4. Жазатайым оқиғаларды тергеу жөнiндегi комиссия қызметкердiң қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде жарақат алу немесе қаза табу (қайтыс болу) фактiсiн растайтын қорытынды қабылдаған сәттен бастап, Қазақстан Республикасының әдiлет органдары қылмыстық-атқару жүйесiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiнiң кадр қызметi (бұдан әрi - кадр қызметi) қызметкердi немесе біржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамды 7 күн iшiнде мынадай құжаттарды ұсына отырып, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiржолғы өтемақы төлеуге өтiнiш беру қажеттiгi туралы жазбаша хабардар етедi.
      1) қызметкер мүгедектiкке әкеп соқтырмайтын ауыр мертiккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған), орташа немесе жеңiл мертiккен, науқастанған жағдайда:
      мертiгуiнiң ауырлығы туралы әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (анықтамасы) (көшiрмесi);
      2) қызметкерге жарақаты, жаралануы (контузия алуы), мертiгуi, науқастануы нәтижесiнде болған мүгедектiк белгiленген кезде:
      денсаулығына зақым келу фактiсiн растайтын әскери-дәрiгерлiк комиссия берген қорытынды (көшiрмесi);
      халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектiк тобын белгiлеу туралы анықтамасы (нотариалды расталған көшiрмесi);
      3) қызметкер қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде не қызметтен босатылғаннан кейiнгі бiр жыл iшiнде қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақат салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда:
      бiржолғы өтемақыны алуға құқығы бар адамның жеке басын куәландыратын құжат (көшiрмесi);
      қайтыс болуы туралы куәлiк (нотариалды расталған көшiрмесi);
      неке туралы куәлiк не сот органдарының алимент туралы орындау парағы (қамқоршылық туралы құжат) не мұрагерлiк құқығы туралы куәлiк (нотариалды расталған көшiрмесi);
      әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қызметкер қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақат салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда ұсынылады).

      5. Қызметкер немесе бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар адам өтiнiш берген кезде кадр қызметi осы Ереженiң 4-тармағында көрсетiлген құжаттардың толықтығы мен ресiмделуiнiң дұрыстығын тексередi және оны 2-қосымшаға сәйкес тиiстi журналға тiркейдi.
      Талап етiлетiн құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда өтiнiш тiркеуге жатпайды. Бұл ретте, өтiнiш берушiге жетiспейтiн құжаттар көрсетiле отырып, тиiстi түсiндiрме жасалады.

      6. Кадр қызметi өтiнiштi тiркеп әрi оған жазатайым оқиғаны тергеу жөнiндегi комиссия қорытындысының көшiрмесiн қоса тігіп, қысқа мерзiмде құжаттарды Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң қаржы қызметiне (бұдан әрi - қаржы қызметi) жiбередi.

      7. Қаржы қызметi құжаттарды алған сәттен бастап 7 күннен аспайтын мерзiмде қызметкердiң немесе қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өтiнiш берген немесе қаза тапқан (қайтыс болған) күнiне ақшалай үлесi туралы анықтаманы құжаттарға қоса тігiп, iстi жинақтайды және Қазақстан Республикасының әдiлет органдары қылмыстық-атқару жүйесiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысына (бұдан әрi - басшы) оны тағайындау күнiн көрсете отырып, бiржолғы өтемақы төлеу туралы шешiм қабылдау үшiн ұсынады.

      8. Бiржолғы өтемақы төлеудi қаржы қызметi басшы бұйрығының негізiнде республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасының шегiндегі алушының екiншi деңгейдегi банктегі ағымдағы шотына немесе карт-шотына аудару жолымен өтiнiш берген сәттен бастап екi ай iшiнде жүргiзедi.

      9. Егер алушы кәмелетке толмаған жағдайда, онда бiржолғы өтемақыны төлеу тұрғылықты жерiндегi оның екiншi деңгейдегi банктегi ағымдағы шотына немесе карт-шотына аудару жолымен бұл туралы қамқоршылық және қорғаншылық органдарын, сондай-ақ оның заңды өкiлдерiн бiр мезгiлде хабардар ете отырып, өтiнiш берген сәттен бастап екi ай iшiнде жүргiзiледi.

      10. Алушыға бiржолғы өтемақыны аударғаннан кейiн тиiстi журналда бiржолғы өтемақының сомасы, төлем тапсырмасының күнi мен нөмiрi көрсетiле отырып жазба жасалады.

                                    Қазақстан Республикасы әдiлет
                                    органдарының қылмыстық-атқару
                                   жүйесi қызметкерлерiне қызметтiк
                                     мiндеттерiн немесе қызметтiк
                                  борышын атқару кезеңiнде мертiккен
                                  кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс
                                   болған) жағдайда оны алуға құқығы
                                    бар адамдарға бiржолғы өтемақы
                                            төлеу ережесiне
                                               1-қосымша

                           Кiмге _________________________________
                               (мекеме (ұйым) басшысының лауазымы,
                               арнайы атағы, тегi және инициалдары)
                                ___________________________________
                                   (өтiніш берушінiң тегi, аты,
                                         әкесiнiң аты)
                                _______________ мекен-жайда тұратын
                                өтiнiш берушiнiң СТН ______________

                 Бiржолғы өтемақы төлеуге
                         өтiнiш

      Сiздiң маған ________________________________________________
                      (біржолғы өтемақы төленуге тиiс жазатайым
                            оқиғаның сипаты көрсетiледi)
___________________________________________________________________
 
байланысты бiржолғы өтемақы төлеуiңiздi сұраймын.
 
       Маған тиесiлi соманы ________________________________________
          (банктiң атауы, банк СТН, банк ҚОО, алушының жеке шотының
___________________________________________________________________
    N немесе байланыс бөлімшесi арқылы аударылған жағдайда оның
 
________________________________________ аударуыңызды өтiнемiн.
    мекен-жайы көрсетіледi)

      Өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын:
      1. _______________________________________________
      2. _______________________________________________
      3. _______________________________________________

      200_ж. "___" ___________            ________________________
                                          (өтiнiш берушiнiң қолы)

      Құжаттар 200_ж. "___" ___________ қабылданды.

      Қолы ____________________________
            (қабылдаған адамның қолы)

                                    Қазақстан Республикасы әдiлет
                                    органдарының қылмыстық-атқару
                                   жүйесi қызметкерлерiне қызметтiк
                                     мiндеттерiн немесе қызметтiк
                                  борышын атқару кезеңiнде мертiккен
                                  кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс
                                   болған) жағдайда оны алуға құқығы
                                    бар адамдарға бiржолғы өтемақы
                                            төлеу ережесiне
                                               2-қосымша

     Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-
     атқару жүйесi қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн
     немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде мертiккен
     кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда
       оны алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы
         төлеуге арналған өтiнiштердi тiркеу журналы

Өтi-
нiш-
тiң
түс-
кен
күні

Мертiккен,
соның
iшiнде
қаза тапқан
(қайтыс
болған)
қызметкер-
дiң Т.А.Ә.,
оның
тұрғылықты
мекен-жайы

Қызметкер
қаза тапқан
(қайтыс
болған)
жағдайда
бiржолғы
өтемақыны
алуға құқығы
бар адамның
Т.А.Ә., оның
мекен-жайы

Бiржолғы
өтемақыны
төлеу себебi
(қайтыс
болуы,
мүгедектi-
гi, ауыр,
орта немесе
жеңiл
мертiгуi,
сырқаты)

Бiр-
жолғы
өтемақы
сомасы

Төлем
құжа-
тының
N
және
күнi

1

2

3

4

5

6













Об утверждении Правил выплаты единовременной компенсации сотрудникам уголовно-исполнительной системы органов юстиции Республики Казахстан при получении увечья в период исполнения служебных обязанностей или служебного долга, а в случае их гибели (смерти) - лицам, имеющим право на ее получение

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 апреля 2005 года № 299. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 октября 2011 года № 1192

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 20.10.2011 № 1192 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 29-2 Закона Республики Казахстан от 18 марта 2002 года "Об органах юстиции" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

     1. Утвердить Правила выплаты единовременной компенсации сотрудникам уголовно-исполнительной системы органов юстиции Республики Казахстан при получении увечья в период исполнения служебных обязанностей или служебного долга, а в случае их гибели (смерти) - лицам, имеющим право на ее получение.

     2. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

    Премьер-Министр
     Республики Казахстан

Утверждены              
постановлением Правительства     
Республики Казахстан         
от 4 апреля 2005 года N 299     

Правила
выплаты единовременной компенсации сотрудникам
уголовно-исполнительной системы органов юстиции
Республики Казахстан при получении увечья в период
исполнения служебных обязанностей или служебного долга,
а в случае их гибели (смерти) - лицам,
имеющим право на ее получение

1. Общие положения

     1. Настоящие Правила определяют порядок выплаты единовременной компенсации сотрудникам уголовно-исполнительной системы органов юстиции Республики Казахстан (далее - сотрудники) при получении увечья в период исполнения служебных обязанностей или служебного долга, а в случае их гибели (смерти) - лицам, имеющим право на ее получение в соответствии с законодательством .
     2. Случаи, при которых производится выплата единовременной компенсации сотрудникам и лицам, имеющим право на ее получение, а также ее размеры указываются в статье 29-2 Закона Республики Казахстан от 18 марта 2002 года "Об органах юстиции".
     3. Расследование причин и обстоятельств получения увечья сотрудниками или их гибели (смерти) проводится в порядке, установленном Правилами расследования и учета несчастных случаев и иных повреждений здоровья работников, связанных с трудовой деятельностью, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 марта 2001 года N 326. V053932

2. Порядок выплаты единовременной компенсации

     4. С момента принятия комиссией по расследованию несчастного случая заключения, подтверждающего факт получения увечья сотрудником или его гибели (смерти) при исполнении служебных обязанностей или служебного долга, кадровая служба соответствующего структурного подразделения уголовно-исполнительной системы органов юстиции Республики Казахстан (далее - кадровая служба) в течение 7 дней письменно извещают сотрудника или лицо, имеющее право на получение единовременной компенсации, о необходимости подачи заявления на выплату единовременной компенсации по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам с представлением следующих документов:
     1) в случае получения сотрудником тяжелого увечья (травмы, ранения, контузии), не повлекшего инвалидности, среднего или легкого увечья, заболевания:
     заключения (справки) военно-врачебной комиссии о тяжести полученного увечья (копия);
     2) при установлении сотруднику инвалидности, наступившей в результате травмы, ранения (контузии), увечья, заболевания:
     заключения, выданного военно-врачебной комиссией, подтверждающего факт повреждения здоровья (копия);
     справки территориального подразделения центрального исполнительного органа в области социальной защиты населения об установлении группы инвалидности (копия, заверенная нотариально);
     3) в случае гибели (смерти) сотрудника при исполнении служебных обязанностей или служебного долга либо в течение года после увольнения со службы вследствие травмы, полученной при исполнении служебных обязанностей или служебного долга:
     документа, удостоверяющего личность лица, имеющего право на получение единовременной компенсации (копия);
     свидетельства о смерти (копия, заверенная нотариально);
     свидетельства о браке либо исполнительного листа судебных органов об алиментах (документ об опекунстве), либо свидетельства о праве на наследство (копия, заверенная нотариально);
     заключения военно-врачебной комиссии (представляется в случае гибели (смерти) сотрудника в течение года после увольнения со службы вследствие травмы, полученной при исполнении служебных обязанностей или служебного долга).
     5. При обращении сотрудника или лица, имеющего право на получение единовременной компенсации, с заявлением кадровая служба проверяет полноту и правильность оформления документов, указанных в пункте 4 настоящих Правил, и регистрирует его в соответствующем журнале согласно приложению 2.
     В случае неполного представления требуемых документов заявление не подлежит регистрации. При этом заявителю дается соответствующее разъяснение с указанием недостающих документов.
     6. Кадровая служба, зарегистрировав заявление и приобщив к нему копию заключения комиссии по расследованию несчастного случая, в кратчайшие сроки направляет документы в финансовую службу соответствующего структурного подразделения уголовно-исполнительной системы органов юстиции Республики Казахстан (далее - финансовая служба).
     7. Финансовая служба, приобщив к документам справку о денежном содержании сотрудника или погибшего (умершего) на день подачи заявления или гибели (смерти), в срок не более 7 дней с момента получения документов, формирует и представляет дело руководителю соответствующего структурного подразделения уголовно-исполнительной системы органов юстиции Республики Казахстан (далее - руководитель) для принятия решения о выплате единовременной компенсации с указанием даты ее назначения.
     8. Выплата единовременной компенсации производится финансовой службой на основании приказа руководителя за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на данные цели, путем перечисления на текущий счет или карт-счет получателя в банке второго уровня в пределах Республики Казахстан в течение двух месяцев с момента подачи заявления.
     9. В случае, если получателем является несовершеннолетний, то выплата единовременной компенсации производится путем перечисления на его текущий счет или карт-счет в банке второго уровня по местожительству с одновременным уведомлением об этом органов опеки и попечительства, а также его законных представителей в течение двух месяцев с момента подачи заявления.
     10. После перечисления единовременной компенсации получателю в соответствующем журнале производится запись с указанием суммы единовременной компенсации, даты и номера платежного поручения.
 

Приложение 1                         
к Правилам выплаты единовременной                
компенсации сотрудникам уголовно-               
исполнительной системы органов                 
юстиции Республики Казахстан                  
при получении увечья в период                  
исполнения служебных обязанностей                
или служебного долга, а в случае                
их гибели (смерти) - лицам,                   
имеющим право на ее получение                 

                                   Кому ____________________________
                                     (должность, специальное звание,
                                      фамилия и инициалы руководителя
                                      учреждения (организации)
                                  от ______________________________
                                  (фамилия, имя, отчество заявителя)
                                  проживающего по адресу:___________
                                  РНН заявителя_____________________

Заявление
на выплату единовременной компенсации

     Прошу Вас выплатить мне единовременную компенсацию в связи с
_____________________________________________________________________
  (указывается характер несчастного случая, по которому должна быть
_____________________________________________________________________
                 выплачена единовременная компенсация)
     Причитающуюся мне сумму прошу перечислить _____________________
_____________________________________________________________________
 (указывается название банка, РНН банка, МФО банка, N лицевого счета
_____________________________________________________________________
   получателя или его адрес в случае перевода через отделения связи)

     К заявлению прилагаю следующие документы:
     1.__________________________________
     2.__________________________________
     3.__________________________________

    "___"_______20___г.                    _________________
                                          (подпись заявителя)
    Документы приняты:
 
    "___"_______20___г.                    __________________
                                          (подпись принявшего)
 

Приложение 2                           
к Правилам выплаты единовременной                
компенсации сотрудникам уголовно-               
исполнительной системы органов                 
юстиции Республики Казахстан                  
при получении увечья в период                  
исполнения служебных обязанностей                
или служебного долга, а в случае                
их гибели (смерти) - лицам,                   
имеющим право на ее получение                  

Журнал
регистрации заявлений на выплату единовременной компенсации
сотрудникам уголовно-исполнительной системы органов юстиции
Республики Казахстан при получении увечья в период исполнения
служебных обязанностей или служебного долга, а в случае их гибели
(смерти) - лицам, имеющим право на ее получение

Дата
поступ-
ления
заявле-
ния

Ф.И.О.
сотрудника,
получившего
увечье,
в том числе
погибшего
(умершего),
его адрес
проживания

Ф.И.О. лица,
имеющего
право на
получение
единовремен-
ной компен-
сации, в
случае гибе-
ли (смерти)
сотрудника,
его адрес

Причина вып-
латы едино-
временной компенсации (смерть, ин-
валидность,
тяжелое,
среднее или
легкое уве-
чье, заболе-
вание)

Сумма
едино-
вре-
менной
ком-
пен-
сации

N и
дата
пла-
теж-
ного
доку-
мента

  1

    2

     3

     4

  5

  6