Павлодар облысы Ақсу қаласының шекарасын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 мамырдағы N 428 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы  10-бабының  5-тармағына және Қазақстан Республикасының Жер кодексі   108-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Павлодар облыстық мәслихаты мен Павлодар облысы әкімдігінің Ақсу қаласының шекарасынан 1490 гектар жерді алып тастау жолымен Павлодар облысы Ақсу қаласының шекарасын өзгерту туралы шешімімен келісілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады