Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi мен Беларусь Республикасы Спорт және туризм министрлігі арасындағы Дене шынықтыру мен спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 мамырдағы N 469 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi мен Беларусь Республикасы Спорт және туризм министрлiгi арасындағы Дене шынықтыру мен спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қоюға келiсiм берілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба   

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және
спорт министрлігі мен Беларусь Республикасы Спорт және
туризм министрлiгi арасындағы Дене шынықтыру мен
спорт саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ

      Дене шынықтыру мен спорт саласындағы ынтымақтастықты екi ел халықтарының арасындағы достық қатынастарды дамыту мен нығайтудағы маңызды және қажеттi элементтердiң бiрi ретiнде тани отырып, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының арасындағы өзара қатынастарды кеңейту мен көтермелеу үшiн негiз қалауға ұмтыла отырып, бұдан әрi Тараптар деп аталған Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi мен Беларусь Республикасы Спорт және туризм министрлiгi төмендегілер туралы осы Келiсiмдi жасасты:

  1-бап

      Тараптар тәжiрибе мен ақпарат алмасу үшiн кездесулер және консультациялар өткiзу жолымен халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамыту мен нығайту мақсатында спорттың әрбiр түрi бойынша мемлекеттiк спорттық органдар мен федерациялар басшыларының iс-қимылын үйлестіруге жәрдем көрсетедi.
      Тараптар спорт байланыстарын нығайту мақсатында қазақстандық және белорустық спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт қозғалысын ұйымдастырушылардың екi елде өткiзілетін жарыстарға және халықаралық спорттық iс-шараларға қатысуына жәрдем көрсетедi.
      Тараптар даярлық деңгейi мен спорттық шеберлiктi арттыру мақсатында екi елдiң спорттық базаларында спорттың алуан түрi бойынша ұлттық, құрама және клубтық командалардың бiрлескен жаттығуларын, оқу-жаттығу жиындарын өткiзудi ынталандырады.

  2-бап

      Тараптар бұқаралық-спорттық iс-шаралар ұйымдастыру жөнiнде тәжiрибе алмасуға жәрдемдеседi.
      Тараптар дене шынықтыру және спорт арқылы халықты сауықтыру проблемалары бойынша ғылыми-әдiстемелiк ақпаратпен алмасады.

  3-бап

      Тараптар жаттықтырушыларды және ғылыми-педагог кадрларды даярлау мен қайта даярлау саласында ынтымақтасады.
      Тараптар екi елде ұйымдастырылатын дене шынықтыру және спорт мәселелерi жөнiндегi ғылыми конгрестерге, симпозиумдарға, семинарларға қазақстандық және белорустық ғалымдардың, мамандардың қатысуына ықпал етедi.
      Тараптар жоғары жетiстiкте спорт, спорттық диагностика саласындағы соңғы жетiстiктер туралы жоғары сыныпты спортшыларды даярлау кезiнде медициналық-биологиялық қамтамасыз ету және қазiргi заманғы ғылыми аппаратуралар мен жабдықтарды пайдалану әдiстерi туралы ғылыми жұмыстармен, ақпаратпен алмасуға жәрдемдеседi.

  4-бап

      Тараптар таза ойын қағидаттарына адалдықты растайды және спортшыларды даярлау мен жарыстар кезiнде тыйым салынған құралдар мен әдiстердi пайдалануға қарсы күресте бiрлескен iс-қимылдар жүргiзедi.

  5-бап

      Тараптар спорт құрылыстарын салу, пайдалану және басқару, спорт маркетингiн дамыту саласында тәжiрибе алмасуларға жәрдемдеседi.

  6-бап

      Тараптар екi елде дене шынықтыруды және спортты дамыту мақсатында спорт түрлерi жөнiндегi федерациялар, олимпиадалық даярлық орталықтары, спорттық бейiндегi ғылыми және оқу орындары арасында тiкелей байланыстар орнатуға жәрдемдеседi.

  7-бап

      Осы Келiсiмдi iске асыру жөнiндегi қызметтiң барлық түрлерi Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және Тараптар мемлекеттерiнiң бюджеттерiнде көзделген қаражат шегiнде, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздерден қаржыландырылады.

  8-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн және олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын және осы Келiсiмнiң 10-бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн тиiстi хаттамалармен ресiмделедi.

  9-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде даулар мен келiспеушілiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар және келiссөздер жолымен шешетiн болады.

  10-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi, белгiленбеген мерзiмге жасалады және Тараптардың бiрi өзiнiң осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату туралы ниетi туралы екiншi Тарапты жазбаша хабардар еткен күннен бастап алты ай өткенге дейiн күшiнде қалады.

      2004 жылғы "___" _________ ____________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiндегi екi түпнұсқа даналарда жасалды, әрi мәтiндердiң күшi бiрдей.

       Қазақстан Республикасы                 Беларусь Республикасы
      Мәдениет, ақпарат және спорт           Спорт және туризм
      министрлігі үшін                       министрлігі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады