Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының өзара визасыз сапарлары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 мамырдағы N 494 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Президентi мен Ресей Федерациясы Президентiнiң 2005 жылғы 24 мамырдағы бiрлескен мәлiмдемесiне және Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы 2000 жылғы 30 қарашадағы Азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келiсімнiң  8-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. 2005 жылғы 24 мамырдан кейiн 2005 жылғы 24 наурызда Астана қаласында қол қойылған Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметі, Қырғыз Республикасының Үкіметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжікстан Республикасының Yкiметi арасындағы 2000 жылғы 30 қарашадағы Азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келiсiмге Хаттамада көзделген құжаттар бойынша, сондай-ақ жеке куәлiктер (iшкi паспорттар) және балалар (16 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары, 14 жасқа толмаған Ресей Федерациясының азаматтары) үшiн туу туралы куәлiктер бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасы арқылы өзара визасыз сапарлары режимін уақытша қолдануды қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген құжаттар бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтарын өткiзудi уақытша жүзеге асырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы 2000 жылғы 30 қарашадағы Азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердi осы қаулының 1-тармағында аталған құжаттар бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасы арқылы сапарларының режимі туралы хабардар етсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О взаимных безвизовых поездках граждан Республики Казахстан и Российской Федерации

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 мая 2005 года N 494

      В соответствии с совместным заявлением Президента Республики Казахстан и Президента Российской Федерации от 24 мая 2005 года и  статьей 8  Соглашения между Правительством Республики Беларусь, Правительством Республики Казахстан, Правительством Кыргызской Республики, Правительством Российской Федерации и Правительством Республики Таджикистан о взаимных безвизовых поездках граждан от 30 ноября 2000 года, Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Обеспечить после 24 мая 2005 года временное применение режима взаимных безвизовых поездок через казахстанско-российскую государственную границу граждан Республики Казахстан и Российской Федерации по документам, предусмотренным  Протоколом  к Соглашению между Правительством Республики Беларусь, Правительством Республики Казахстан, Правительством Кыргызской Республики, Правительством Российской Федерации и Правительством Республики Таджикистан о взаимных безвизовых поездках граждан от 30 ноября 2000 года, подписанным в городе Астане 24 марта 2005 года, а также по удостоверениям личности (внутренним паспортам) и свидетельствам о рождении для детей (граждан Республики Казахстан, не достигших возраста 16 лет, граждан Российской Федерации - 14 лет).

      2. Пограничной службе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан временно осуществлять пропуск граждан Республики Казахстан и Российской Федерации по документам, указанным в пункте 1 настоящего постановления.

      3. Министерству иностранных дел Республики Казахстан проинформировать государства - участников Соглашения между Правительством Республики Беларусь, Правительством Республики Казахстан, Правительством Кыргызской Республики, Правительством Российской Федерации и Правительством Республики Таджикистан о взаимных безвизовых поездках граждан от 30 ноября 2000 года о режиме поездок через казахстанско-российскую государственную границу граждан Республики Казахстан и Российской Федерации по документам, упомянутым в пункте 1 настоящего постановления.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан