Қазақстан Республикасының Президентi мен Ресей Федерациясы Президентiнiң 2005 жылғы 24 мамырдағы бiрлескен мәлiмдемесiне және Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы 2000 жылғы 30 қарашадағы Азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келiсімнiң 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2005 жылғы 24 мамырдан кейiн 2005 жылғы 24 наурызда Астана қаласында қол қойылған Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметі, Қырғыз Республикасының Үкіметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжікстан Республикасының Yкiметi арасындағы 2000 жылғы 30 қарашадағы Азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келiсiмге Хаттамада көзделген құжаттар бойынша, сондай-ақ жеке куәлiктер (iшкi паспорттар) және балалар (16 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары, 14 жасқа толмаған Ресей Федерациясының азаматтары) үшiн туу туралы куәлiктер бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасы арқылы өзара визасыз сапарлары режимін уақытша қолдануды қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген құжаттар бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтарын өткiзудi уақытша жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы 2000 жылғы 30 қарашадағы Азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердi осы қаулының 1-тармағында аталған құжаттар бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасы арқылы сапарларының режимі туралы хабардар етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі