Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы N 118 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 5, 56-құжат):
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жыл сайын 1 ақпан мен 1 тамызға:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi - республикалық меншiк бойынша;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi - коммуналдық меншiк бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С. Есiмовке жүктелсiн.";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудің тиiмдiлiгiн арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасында:
"Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 2.2., 2.11., 2.17., 3.3-жолдардағы, 3-бағанда "ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру", "ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру (коммуналдық меншiк бойынша)" деген сөздер тиiсiнше алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 1.6-жолда 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"ЭБЖМ, ҚapM";
реттiк нөмiрi 2.4-жолда:
3-баған "ҚарМ ММЖК-ге" деген сөздерден кейiн ", әкiмшілiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдiктерімен" деген сөздермен толықтырылсын;
4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша), коммуналдық меншіктің атқарушы органдары";
реттiк нөмiрлерi 2.5., 2.6-жолдардағы 3-баған "(республикалық меншiк бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 2.7-жолдағы 2-бағанда ("2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 182 " деген сөздер "2003 жылғы 2 сәуiрдегі N 135 " деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 2.8-жолда:
2-бағанда "2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 182" деген сөздер "2003 жылғы 2 ақпандағы N 135" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-баған "(республикалық меншiк бойынша)"деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 2.9-жолда:
2-бағанда "2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 182" деген сөздер "2003 жылғы 2 ақпандағы N 135" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-баған "(республикалық меншiк бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын;
4-бағанда "ЭMPM, ККМ, АШМ" деген аббревиатуралар "Орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 2.14-жолдағы 2-бағанда "2)," деген сан алынып тасталсын;
реттік нөмiрi 4.1-жолдағы 2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн объектiлердiң тiзбесi бойынша экономиканың стратегиялық мәнi бар салаларында меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыруды қамтамасыз ету";
реттiк нөмiрi 4.2-жол алынып тасталсын;
peттік нөмiрi 4.3-жолда:
2-бағанда ", сенiмгерлiк басқарушылардың, концессияшылардың және жалгерлердiң" деген сөздер алынып тасталсын;
3-бағанда "ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру (коммуналдық меншiк бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;
4-бағанда "ҚарМ ҚБК" деген сөздер алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 тамыздағы N 917 қаулысына :
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарында:
2005-2007 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленiп жатқан мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбесінде (4-бөлiм):
"Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгі" деген тарауда:
"Әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарлама" деген параграфта:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 64-2-жолмен толықтырылсын:
"64-2 Мемлекеттiк 2006 - ЭБЖМ, Талап Талап Талап
мүлікті 2008 жж. ҚарМ етiлмейдi етілмейдi етiлмейдi
басқарудың және
жекешелендiрудiң
тиiмділігiн
арттырудың
2006-2008
жылдарға арналған
бағдарламасы
(Мемлекеттiк
мүлiктi
басқарудың және
жекешелендiрудiң
тиiмділігiн
арттырудың
2003-2005
жылдарға арналған
салалық
бағдарламасын
iске асыру
жөнiндегi iс-шаралар
жоспарының 1.6-
тармағына сәйкес
әзiрленедi) ".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі