Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 қапандағы N 118 және 2004 жылғы 31 тамыздағы N 917 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 мамырдағы N 538 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы N 118  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 5, 56-құжат):
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жыл сайын 1 ақпан мен 1 тамызға:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi - республикалық меншiк бойынша;
      облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi -  коммуналдық меншiк бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С. Есiмовке жүктелсiн.";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудің тиiмдiлiгiн арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасында:
      "Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 2.2., 2.11., 2.17., 3.3-жолдардағы, 3-бағанда "ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру", "ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру (коммуналдық меншiк бойынша)" деген сөздер тиiсiнше алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 1.6-жолда 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "ЭБЖМ, ҚapM";
      реттiк нөмiрi 2.4-жолда:
      3-баған "ҚарМ ММЖК-ге" деген сөздерден кейiн ", әкiмшілiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдiктерімен" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша), коммуналдық меншіктің атқарушы органдары";
      реттiк нөмiрлерi 2.5., 2.6-жолдардағы 3-баған "(республикалық меншiк бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттiк нөмiрi 2.7-жолдағы 2-бағанда ("2001 жылғы 9 сәуiрдегi  N 182 " деген сөздер "2003 жылғы 2 сәуiрдегі  N 135 " деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 2.8-жолда:
      2-бағанда "2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 182" деген сөздер "2003 жылғы 2 ақпандағы N 135" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-баған "(республикалық меншiк бойынша)"деген сөздермен толықтырылсын;
      реттiк нөмiрi 2.9-жолда:
      2-бағанда "2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 182" деген сөздер "2003 жылғы 2 ақпандағы N 135" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-баған "(республикалық меншiк бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-бағанда "ЭMPM, ККМ, АШМ" деген аббревиатуралар "Орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 2.14-жолдағы 2-бағанда "2)," деген сан алынып тасталсын;
      реттік нөмiрi 4.1-жолдағы 2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн объектiлердiң тiзбесi бойынша экономиканың стратегиялық мәнi бар салаларында меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыруды қамтамасыз ету";
      реттiк нөмiрi 4.2-жол алынып тасталсын;
      peттік нөмiрi 4.3-жолда:
      2-бағанда ", сенiмгерлiк басқарушылардың, концессияшылардың және жалгерлердiң" деген сөздер алынып тасталсын;
      3-бағанда "ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру (коммуналдық меншiк бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;
      4-бағанда "ҚарМ ҚБК" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 тамыздағы N 917  қаулысына :
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарында:
      2005-2007 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленiп жатқан мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбесінде (4-бөлiм):
      "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгі" деген тарауда:
      "Әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарлама" деген параграфта:
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 64-2-жолмен толықтырылсын:
"64-2 Мемлекеттiк     2006    - ЭБЖМ,  Талап    Талап     Талап
      мүлікті         2008 жж.  ҚарМ   етiлмейдi етілмейдi етiлмейдi
      басқарудың және
      жекешелендiрудiң
      тиiмділігiн
      арттырудың
      2006-2008
      жылдарға арналған
      бағдарламасы
      (Мемлекеттiк
      мүлiктi
      басқарудың және
      жекешелендiрудiң
      тиiмділігiн
      арттырудың
      2003-2005
      жылдарға арналған
      салалық
      бағдарламасын
      iске асыру
      жөнiндегi iс-шаралар
      жоспарының 1.6-
      тармағына сәйкес
      әзiрленедi)                                            ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады