Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Қазақстан және Ресей кеден қызметтерiнiң 2005-2006 жылдарға арналған ынтымақтастығы туралы келiсiмге қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы N 544 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан және Ресей кеден қызметтерiнiң 2005-2006 жылдарға арналған ынтымақтастығы туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң төрағасы Бердiбек Машбекұлы Сапарбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан және Ресей кеден қызметтерiнiң 2005-2006 жылдарға арналған ынтымақтастығы туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттік берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба    

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей
Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан және
Ресей кеден қызметтерiнiң 2005-2006 жылдарға
арналған ынтымақтастығы туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi,
      1994 жылғы 28 наурыздағы Кеден iстерiндегi ынтымақтастық пен өзара көмек туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы келiсiмдi, 1995 жылғы 16 мамырдағы Ресей Федерациясының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы Кеден қызметтерiн басқарудың біртұтастығы туралы  келiсiмдi, 1998 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы шартты, 1999 жылғы 24 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы аймақтарының 1999-2007 жылдарға арналған шекара маңындағы ынтымақтастығы туралы  келiсiмдi басшылыққа ала отырып,
      экономиканы, өңіраралық және шекара маңындағы кедендiк ынтымақтастықты дамытуда, бiрлескен кедендiк бақылауды ұйымдастыруда, кедендiк инфрақұрылымды нығайтуда келiсілген іс-қимылдарды әзiрлеу қажеттiгiн мойындай отырып,
      сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, шаруашылық субъектiлерi және шекара маңындағы өңiрлердiң тұрғындары үшін қолайлы жағдайлар жасауға маңызды мән бере отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Тараптар өз мемлекеттерiнiң сауда-экономикалық әлеуетiн кеңейту үшiн Ресей Федерациясының шекара маңындағы өңiрлерi - субъектiлерiнiң және Қазақстан Республикасының шекара маңындағы облыстарының кеден органдары арасында өңiраралық және шекара маңындағы кедендiк ынтымақтастықты дамытады.

2-бап

      Тараптар осы Келiсiмнiң қосымшасы және ажырамас бөлiгі болып табылатын Қазақстан және Ресей кеден қызметтерi ынтымақтастығының 2005-2006 жылдарға арналған бiрлескен кешендi бағдарламасын (бұдан әрi - Кешендi бағдарлама) iске асырады.

3-бап

      Тараптар одан әрi тауарлар өткiзу үшiн жағдайларды жақсартуға және Қазақстан мен Ресей азаматтары үшiн кеден рәсiмдерiн оңайлатуға жәрдемдеседi.

4-бап

      Кешендi бағдарламаны орындау жөнiндегі жұмысты үйлестіру Тараптар мемлекеттерiнiң шекара маңындағы өңiрлерi өкiлдерiнің қатысуымен Тараптар мемлекеттерiнiң орталық кеден органдарына жүктеледi.
      Тараптар мемлекеттерiнiң орталық кеден органдары өз өкiлеттiктерiнiң шеңберiнде шешiм қабылдауды талап ететiн мәселелердiң туындауына қарай отырыстар өткiзедi.

5-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мен қолдану жөнiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды келiссөздер мен консультациялар жолымен шешетiн болады.

6-бап

      Егер әрбiр нақты жағдайда өзгеше тәртiп келiсiлмеген жағдайда, Тараптар осы Келiсiмдi орындау барысында туындайтын шығыстарды Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамаларында көзделген қаражаттың шегінде дepбec көтереді.

7-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша жекелеген және осы Келiсiмнiң ажырамас бөліктері болып табылатын хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн.

8-бап

      Осы Келiсiм оған қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және бiр Тараптың өзiнiң оның қолданылуын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапты жазбаша нысанда хабардар еткен күнiнен бастап алты ай өткенге дейiн күшiнде қалады.

      2005 жылғы "___" ______ _________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiндегi екi түпнұсқа данада жасалды, әрi екi мәтiннiң бiрдей күшi бар.

       Қазақстан Республикасының              Ресей Федерациясының
           Yкiметi үшiн                           Yкiметi үшiн

Қазақстан Республикасының Үкiметi  
мен Ресей Федерациясының Үкiметі  
арасындағы Қазақстан және Ресей   
кеден қызметтерінің         
2005-2006 жылдарға арналған    
ынтымақтастығы туралы келiсiмге  
қосымша               

Қазақстан және Ресей кеден қызметтерi
ынтымақтастығының 2005-2006 жылдарға
арналған кешендi бағдарламасы

1. Мақсаты мен маңызды бағыттары

      Қазақстан және Ресей кеден қызметтерi ынтымақтастығының 2005-2006 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң және Ресей Федерациясы Федералдық кеден қызметiнiң ұсыныстарын ескере отырып әзірлендi.
      Кешендi бағдарлама 1994 жылғы 28 наурызда Мәскеу қаласында қол қойылған Кеден iстерiндегі ынтымақтастық пен өзара көмек туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметі арасындағы келiсiмдi, сондай-ақ 1995 жылғы 16 мамырда Мәскеу қаласында қол қойылған Ресей Федерациясының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Yкiметi арасындағы Кеден қызметтерiн басқарудың біртұтастығы туралы  келiсiмдi одан әрі iске асыру мақсатында дайындалды.
      Кешендi бағдарлама кеден қызметтерінің әлеуетін арттыруға, шекара маңындағы сауданы дамыту үшiн қажетті жағдайлар жасауға, кедендік рәсiмдердi оңайлатуға ықпал етедi.
      Кешенді бағдарлама шекарада бiрлескен бақылауды құру мен енгізу, бірлесiп тиiсті инфрақұрылымы бар кеден бекеттерiн салу жолымен бiрыңғай өткізу пункттерiн дамыту жөнiнде бірлескен тетiктi айқындайды.
      Шешiмi Кешенді бағдарламада көзделетін бiрлескен міндеттер қатарына мыналар жатады:
      шекарада бақылау рәсімін жетілдіру, бақылаушы органдар арасында барынша тығыз өзара iс-қимылды жүзеге асыру, "бiр аялдама" қағидаты бойынша бір жерде бақылау жүргізу және тауарлар мен көлiк құралдарын шекара арқылы өткiзу кезiнде бақылау жүргізу уақытын қысқарту;
      осы тауарлар мен көлiк құралдарының мақсатты пайдаланылуын қатаң сақтауды ескере отырып, Ресей Федерациясынан "Байқоңыр" кешеніне әкелінетiн және "Байқоңыр" кешенiнен Ресей Федерациясына әкетілетін тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресімдеу мен бақылау рәсімдерін оңайлату;
      транзиттік тауарлардың өткiзiлуiн бақылаудың бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн құрудың пилоттық жобасын әзiрлеу;
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кеден қызметтерi арасында кеден шекарасы арқылы өткiзілетiн тауарлар мен көлiк құралдары бойынша, сондай-ақ кеден ережелерiн бұзушылықтар мен контрабанда фактілерi бойынша ақпарат алмасуды жетiлдiру.

2. Кедендiк ынтымақтастықты дамыту

      Кешендi бағдарламада өңiраралық ынтымақтастықты одан әрi жетiлдiру, шекара маңындағы сауданың өсуiн арттыру, халықаралық стандарттарға және сауда операцияларын жүзеге асыру практикасына сәйкес болу мақсатында шекарада кедендiк рәсiмдердi оңайлату, тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу үшiн жағдайларды жақсартуға жәрдемдесу жөнiнде нақты шараларды қабылдау көзделген.
      Кеден қызметтерiнiң әлеуетiн және қызметiнiң тиiмділігiн арттыру үшiн қазақстан-ресей шекарасында бақылауды жетілдiру, олардың қызметiн регламенттейтiн тиiстi нормативтiк базаны бекiте отырып, шекара арқылы өткiзу пункттерiн келiсу мен айқындау жөнiндегi келiсiмдерге қол қою көзделедi.

3. Кешендi бағдарламаны iске асыруды басқару

      Кешендi бағдарламаны iске асыруға:
      Қазақстан Тарабынан - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi;
      Ресей Тарабынан - Ресей Федерациясы Федералдық кеден қызметi қатысады.
      Кешендi бағдарламаны iске асыру мен оның орындалуын үйлестiру Кешендi бағдарламаның ажырамас бөлiгi болып табылатын Қазақстан және Ресей кеден қызметтерi ынтымақтастығының 2005-2006 жылдарға арналған кешендi бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

4. Қорытынды ережелер

      Кешендi бағдарламаны орындау мақсатында кеден қызметтерi оларға бағынысты кеден органдарының арасында қажеттi байланысты орнатады.
      Өзара келiсiм бойынша Кешендi бағдарламаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

                                       Қазақстан және Ресей кеден
                                      қызметтерi ынтымақтастығының
                                       2005-2006 жылдарға арналған
                                          кешендi бағдарламасына
                                                 қосымша

   Қазақстан және Ресей кеден қызметтерi ынтымақтастығының
     2005-2006 жылдарға арналған кешендi бағдарламасын
         iске асыру жөніндегі iс шаралар жоспары

Р/б
NN

Iс-шара

Iске асыру мерзiмi

Жауапты орындаушы

1

2

3

4

1

1998 жылғы 6 шiлдедегі Ресей Федерациясы Мемлекеттік кеден комитетi мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң арасындағы Ресей Федерациясынан "Байқоңыр" кешенiне әкелiнетiн және "Байқоңыр" кешенiнен Ресей Федерациясына әкетiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу мен бақылаудың оңайлатылған тәртiбi туралы келiсiмге "тауарлар мен көлiк құралдарының мақсатты пайдаланылуы" деген терминдi қолдану бойынша бiрiздi түсiнiктеме берiлетiн Хаттама дайындау және оған қол қою.

2005 жыл iшiнде

Ресей Федерациясы Федералдық кеден қызметi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Тараптар мемлекеттерiнiң кеден органының шотына енгізiлген, не бiр мемлекеттiң кеден органына кепілгер төлеген немесе одан өндiрiп алынған ақша қаражатын басқа мемлекет кеден органының шотына аударудың екі жақты мемлекетаралық тетiгiн әзiрлеу.

2005 жыл iшiнде

Ресей Федерациясы Федералдық кеден қызметi, Қазақстан РеспубликасыҚаржы министрлігi

3

1996 жылы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Темiр жол көлiгi кәсіпорындарының мекемелері мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмге қосымшаға сәйкес бiр Тарап мемлекетiнiң темiр жолдар құрамына енетiн, бiрақ екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында орналасқан темiржол бөлiмшелерi кәсіпорындарының атына және мұқтаждары үшін әкелiнетiн жүктердi өткiзу кезiнде олардың жүк кедендік декларациясын ұсынбай және кедендік ресімдегені үшін алымдар алынбай ресімделуін көздейтiн оңайлатылған кедендік ресiмдеу және кедендік бақылау рәсiмiн белгiлейтiн үкiметаралық шарт дайындау.

2005-2006 жылдар iшiнде

Ресей Федерациясы Федералдық кеден қызметі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

4

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясына және Ресей Федерациясының аумағы арқылы Қазақстан Республикасына баратын транзиттiк тауарлардың өткізілуін бақылаудың бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн құрудың пилоттық жобасын әзірлеу.

2005-2006 жылдар iшiнде

Ресей Федерациясы Федералдық кеден қызметі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi

5

Кедендiк ресiмдеу мен кедендік бақылау жүргізу кезiнде оны қолдану мүмкiндiгін қамтамасыз ету мақсатында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының кеден қызметтерi арасында Қазақстан мен Ресейдiң кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар бойынша, сондай-ақ кеден ережелерiн бұзушылықтар мен контрабанда фактiлерi бойынша ай сайын ақпарат алмасуды белгілеу.

2006 жыл iшiнде

Ресей Федерациясы Федералдық кеден қызметi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi

6

Қазақстан-ресей шекарасы арқылы құбыр желiсi көлiгімен және Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумақтарындағы электр беру желiлерi бойынша өткiзiлетiн энергия ресурстарын өткiзу пункттерiнiң (кедендiк бақылау орындарының) тiзбесiн бекiту.

2005 жыл iшiнде

Ресей Федерациясы Федералдық кеден қызметi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

7

Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумақтарында орналасқан энергия ресурстарын есепке алу аспаптарынан көрсеткiштердi алу актілерiмен алмасудың тәртібiн бекiту.

2005 жыл iшiнде

Ресей Федерациясы Федералдық кеден қызметi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

О подписании Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве таможенных служб Казахстана и России на 2005-2006 годы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июня 2005 года N 544

    Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
    1. Одобрить прилагаемый проект Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве таможенных служб Казахстана и России на 2005-2006 годы.
    2. Уполномочить вице-министра финансов Республики Казахстан - председателя Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан Сапарбаева Бердибека Машбековича подписать от имени Правительства Республики Казахстан Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве таможенных служб Казахстана и России на 2005-2006 годы, разрешив вносить в него изменения и дополнения, не имеющие принципиального характера.
    3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

    Премьер-Министр
 Республики Казахстан

Проект   

СОГЛАШЕНИЕ
между Правительством Республики Казахстан
и Правительством Российской Федерации о
сотрудничестве таможенных служб Казахстана
и России на 2005-2006 годы

    Правительство Республики Казахстан и Правительство Российской Федерации, далее именуемые Сторонами,
    руководствуясь Соглашением между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве и взаимопомощи в таможенных делах от 28 марта 1994 года, Соглашением между Правительством Российской Федерации и Правительством Республики Казахстан о единстве управления таможенными службами от 16 мая 1995 года, Договором между Республикой Казахстан и Российской Федерацией об экономическом сотрудничестве на 1998-2007 годы от 12 октября 1998 года, Соглашением между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о приграничном сотрудничестве регионов Республики Казахстан и Российской Федерации на 1999-2007 годы от 24 сентября 1999 года,
    признавая необходимость выработки согласованных действий в развитии экономики, межрегионального и приграничного таможенного сотрудничества, организации совместного таможенного контроля, укрепления таможенной инфраструктуры,
    придавая важное значение созданию благоприятных условий для участников внешнеэкономической деятельности, хозяйствующих субъектов и жителей приграничных регионов,
    согласились о нижеследующем:

Статья 1

    Стороны будут развивать межрегиональное и приграничное таможенное сотрудничество между таможенными органами приграничных регионов - субъектов Российской Федерации и приграничных областей Республики Казахстан для расширения торгово-экономического потенциала своих государств.

Статья 2

    Стороны реализуют совместную Комплексную программу сотрудничества таможенных служб Казахстана и России на 2005-2006 годы (далее - Комплексная программа), являющуюся приложением и неотъемлемой частью настоящего Соглашения.

Статья 3

    Стороны будут содействовать улучшению условий для дальнейшего перемещения товаров и упрощению таможенных процедур для граждан Казахстана и России.

Статья 4

    Координация работы по выполнению Комплексной программы возлагается на центральные таможенные органы государств Сторон с участием представителей приграничных регионов государств Сторон.
    Центральные таможенные органы государств Сторон проводят заседания по мере возникновения вопросов, требующих решения, в рамках своих полномочий.

Статья 5

    В случае возникновения разногласий по толкованию и применению положений настоящего Соглашения, Стороны разрешают их путем переговоров и консультаций.

Статья 6

    Стороны самостоятельно несут расходы, которые будут возникать в ходе выполнения ими настоящего Соглашения, в пределах средств, предусмотренных законодательствами государств Сторон, если в каждом конкретном случае не будет согласован иной порядок.

Статья 7

    По взаимной договоренности Сторон в настоящее Соглашение могут быть внесены изменения и дополнения, которые оформляются отдельными протоколами, и являющимися неотъемлемыми частями настоящего Соглашения.

Статья 8

    Настоящее Соглашение вступает в силу с даты его подписания и будет оставаться в силе до истечения шести месяцев со дня, когда одна из Сторон уведомит в письменной форме другую Сторону о своем намерении прекратить его действие.

    Совершено в городе _________  "___" _______ 2005 года в двух экземплярах, каждый на казахском и русском языках, причем оба текста имеют одинаковую силу.

    За Правительство                      За Правительство
  Республики Казахстан                  Российской Федерации

Приложение                     
к Соглашению между Правительством         
Республики Казахстан и Правительством       
Российской Федерации о сотрудничестве       
таможенных служб Казахстана            
и России на 2005-2006 годы            

Комплексная программа
сотрудничества таможенных служб Казахстана и России
на 2005-2006 годы

1. Цель и важнейшие направления

    Комплексная программа сотрудничества таможенных служб Казахстана и России на 2005-2006 годы разработана с учетом предложений Министерства финансов Республики Казахстан и Федеральной таможенной службы Российской Федерации.
    Комплексная программа подготовлена в целях дальнейшей реализации Соглашения между Правительством Российской Федерации и Правительством Республики Казахстан о сотрудничестве и взаимопомощи в таможенных делах, подписанного 28 марта 1994 года в городе Москве, а также Соглашения между Правительством Российской Федерации и Правительством Республики Казахстан о единстве управления таможенными службами, подписанного 16 мая 1995 года в городе Москве.
    Комплексная программа будет способствовать повышению потенциала таможенных служб, созданию необходимых условий для развития приграничной торговли, упрощению таможенных процедур.
    Комплексная программа определяет совместный механизм по созданию и внедрению совместного контроля на границе, развитию единых пунктов пропуска путем совместного строительства таможенных постов с соответствующей инфраструктурой.
    К числу совместных задач, решение которых предусматривает Комплексная программа, также относятся:
    совершенствование процедуры контроля на границе, осуществление более тесного взаимодействия между контролирующими органами, проведение контроля по принципу "одна остановка" и в одном месте, сокращение времени проведения контроля при перемещении товаров и транспортных средств через границу;
    упрощение процедур таможенного оформления и контроля товаров и транспортных средств, ввозимых из Российской Федерации на комплекс "Байконур" и вывозимых с комплекса "Байконур" в Российскую Федерацию с учетом жесткого соблюдения целевого использования этих товаров и транспортных средств;
    разработка пилотного проекта создания единой автоматизированной информационной системы контроля за перемещением транзитных товаров;
    совершенствование информационного обмена между таможенными службами Республики Казахстан и Российской Федерации по товарам и транспортным средствам, перемещаемым через таможенную границу, а также по фактам нарушений таможенных правил и контрабанды.

2. Развитие таможенного сотрудничества

    В целях дальнейшего совершенствования межрегионального сотрудничества, увеличения роста приграничной торговли, соответствия международным стандартам и практике осуществления торговых операций, Комплексной программой предусматривается принятие конкретных мер по упрощению таможенных процедур на границе, содействию улучшения условий для перемещения товаров и транспортных средств.
    Для повышения потенциала и эффективности деятельности таможенных служб предусматривается подписание соглашений по совершенствованию контроля на казахстанско-российской границе, согласованию и определению пунктов пропуска через границу с утверждением соответствующей нормативной базы, регламентирующей их деятельность.

3. Управление реализацией Комплексной программы

    В реализации Комплексной программы участвуют:
    с Казахстанской Стороны - Министерство финансов Республики Казахстан;
    с Российской Стороны - Федеральная таможенная служба Российской Федерации.
    Реализация и координация выполнения Комплексной программы будут осуществляться в соответствии с Планом мероприятий по реализации Комплексной программы сотрудничества таможенных служб Казахстана и России на 2005-2006 годы, являющимся неотъемлемой частью Комплексной программы.

4. Заключительные положения

    В целях исполнения Комплексной программы таможенные службы установят необходимые связи между подчиненными им таможенными органами.
    Изменения и дополнения в Комплексную программу могут вноситься по взаимному согласию.

Приложение                    
к Комплексной программе сотрудничества     
таможенных служб Казахстана и России      
на 2005-2006 годы                 

План мероприятий по реализации
Комплексной программы сотрудничества таможенных служб
Казахстана и России на 2005-2006 годы

N
п/п

  Мероприятие

Срок
реализации

Ответственный
исполнитель

1

        2

    3

    4

1

Подготовка и подписание Протокола к Соглашению между Государственным таможенным комитетом Российской Федерации
и Таможенным комитетом
Министерства государственных доходов Республики Казахстан об
упрощенном порядке таможенного оформления и контроля товаров и
транспортных средств, ввозимых из Российской Федерации на комплекс Байконур и вывозимых с комплекса Байконур в Российскую Федерацию от 6 июля 1998 года, в котором будет даваться однозначное
толкование по применению термина "целевое
использование товаров и транспортных средств".

В течение
2005 года

Федеральная
таможенная служба
Российской Федерации,
Министерство финансов Республики
Казахстан

2

Разработка двустороннего
межгосударственного механизма перечисления денежных средств,
внесенных на счет таможенного органа государств Сторон, либо
уплаченных или взысканных
с гаранта таможенным органом одного государства на счет
таможенного органа другого государства в случаях нарушения
перевозки товара.

В течение
2005 года

Федеральная
таможенная служба
Российской Федерации,
Министерство финансов Республики
Казахстан

3

Подготовка
межправительственного договора,
устанавливающего процедуру упрощенного таможенного оформления и таможенного контроля при перемещении грузов, следующих в адрес и для нужд предприятий отделений железной дороги, входящих в состав железных дорог государства одной Стороны, расположенных на территории государства
другой Стороны, предусматривающего их оформление без представления грузовой таможенной декларации и взимания сборов за таможенное оформление, в соответствии с
приложением к Соглашению между Правительством
Республики Казахстан и Правительством Российской
Федерации об особенностях
правового регулирования
деятельности предприятий,
учреждений и организаций
железнодорожного транспорта от 18 октября 1996 года.

В течение
2005-2006
  годов

Федеральная
таможенная служба
Российской Федерации,
Министерство финансов Республики
Казахстан

4

Разработка пилотного проекта создания единой автоматизированной информационной системы контроля за перемещением транзитных товаров, следующих через
территорию Республики Казахстан в Российскую Федерацию и через
территорию Российской
Федерации в Республику
Казахстан.

В течение
2005-2006
  годов

Федеральная
таможенная служба
Российской Федерации,
Министерство финансов Республики
Казахстан

5

Установить ежемесячный информационный обмен между таможенными службами Российской Федерации и Республики Казахстан по товарам, перемещаемым через таможенную границу Казахстана и России в целях обеспечения возможности его применения при проведении таможенного оформления и таможенного контроля, а также по фактам нарушений таможенных правил и контрабанды.

В течение
2006 года

Федеральная
таможенная служба
Российской Федерации,
Министерство финансов Республики
Казахстан

6

Утвердить перечень пунктов пропуска (мест таможенного контроля) энергоресурсов,
перемещаемых через
казахстанско-российскую границу трубопроводным транспортом и по линиям электропередачи,
находящимся на территориях Республики Казахстан и Российской
Федерации.

В течение
2005 года

Федеральная
таможенная служба
Российской Федерации,
Министерство финансов Республики
Казахстан
Министерство
энергетики и
минеральных
ресурсов
Республики
Казахстан

7

Утвердить порядок обмена актами снятия показаний с приборов учета энергоресурсов,
расположенных на территориях Республики Казахстан и Российской Федерации.

В течение
2005 года

Федеральная
таможенная служба
Российской Федерации,
Министерство финансов Республики
Казахстан
Министерство
энергетики и
минеральных
ресурсов
Республики
Казахстан