Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы аймақтарының 1999-2007 жылдарға арналған шекара маңындағы ынтымақтастығы туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 3 мамыр N 651


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. 1999 жылғы 24 қыркүйекте Алматы қаласында жасалған, Қазақстан 
Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы аймақтарының 1999-2007 
жылдарға арналған шекара маңындағы ынтымақтастығы туралы келісім 
бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
           Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы 
     Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы    
        аймақтарының 1999-2007 жылдарға арналған шекара маңындағы          
                            ынтымақтастығы туралы 
                                  Келісім
     
     Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі 
мен Ресей Федерациясының Үкіметі,


      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы 1992 жылғы 25 мамырдағы шартты, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы XXI жүзжылдыққа бағытталған мәңгілік достық және одақтастық туралы 1998 жылғы 6 шілдедегі декларацияны, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы 1998 жылғы 12 қазандағы шартты басшылыққа ала отырып,
      экономиканы дамыту, бірлескен өндірістер құру, кооперациялық байланыстарды кеңейту және инфрақұрылымдарды нығайтуда келісілген іс қимылдарды әзірлеудің қажеттігін мойындай отырып,
      шаруашылық етуші субъектілерді сыртқы экономикалық қызметке қатысулары үшін қолайлы жағдайлар жасауға маңызды мағына бере отырып
      төмендегілер туралы келісті:
                                 1-бап




      Тараптар Қазақстан Республикасының шекара маңындағы облыстары (Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан) мен Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары-субъектілер (Алтай Республикасы, Алтай өлкесі, Астрахань, Волгоград, Қорған, Новосибирск, Омбы, Орынбор, Саратов, Самар, Түмен, Челябинск облыстарымен) арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, мәдени, гуманитарлық ынтымақтастыққа жәрдемдесетін болады.
                                 2-бап




      Тараптар Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы 1999-2007 жылдарға арналған шекара маңындағы ынтымақтастығының бірлескен Бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асырады.
                                 3-бап




      Шекара маңындағы аймақтар арасындағы ынтымақтастық тікелей байланыс және уағдаластық негізінде аймақтардың әкімшіліктерімен және олардың меншік нысанына және бағыныштылығына тәуелсіз шаруашылық субъектілері арасында Тарап мемлекеттерінің заңдарын және халықаралық шарттардың ережелерін сақтай отырып, жүзеге асырылатын болады. Шарттың (өзара шарттардың) орындалуына жауапкершілік оларды жасаған субъектілерге жүктеледі.
                                 4-бап




      Әрбір Тарап, өз мемлекеттерінің заңдарына сәйкес қаржы-өнеркәсіптік топтарға, бірлескен кәсіпорындарға, жеке кәсіпкерлерге және басқа тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге қолайлы жағдайлар жасауға көмектесетін болады.
                                  5-бап




      Тараптар шаруашылық субъектілеріне іскерлік байланыстар орнатуға, сауда үйлерін құруға, көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруға қажетті көмек көрсетеді, сондай-ақ құқық, кеден, шекара және миграция мәселелері жөнінде ақпарат беруге жәрдемдесетін болады.
                                  6-бап




      Тараптың әрқайсысы екі мемлекеттің шекара маңындағы аумақтары арасында жүктер мен жолаушылар тасымалын жүзеге асыру, сондай-ақ олардың аумақтары арқылы транзиттеу кезінде оның ұлттық ережелерін сақтай отырып, басқа тараптың барлық көлік түрлерінің қызметі үшін өз шекара маңындағы аймақтарының аумақтарында өзара кепілдік принципінде қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге көмектесетін болады.
                                  7-бап




      Тараптар екі жақты және көп жақты келісімдерге сәйкес әрекет ете отырып, қоршаған ортаны сақтау және табиғатты ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, шекара маңындағы облыс аумақтарындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғалардың алдын алу және жою мәселелерінде белсенді ынтымақтастыққа ықпал ету мақсаттарында қажетті шаралар қолданатын болады.
                                  8-бап




      Тараптар Қазақстан мен Ресей азаматтары үшін шекара маңындағы аумақтарда шекара-кеден рәсімдерін жеңілдетуге, тауарларды одан әрі өткізу және қызмет көрсету үшін жағдайларды жақсартуға жәрдемдесетін болады.
                                  9-бап




      Тараптар шекара маңындағы аймақтардағы трансшекаралық құқыққа қарсы әрекетке, ең алдымен есірткі заттар, жүйкеге әсер ететін заттар, прекурсорлар, қару-жарақ, жарылғыш заттар және радиоактивті материалдар, алкогольді және темекі өнімдері контрабандасына, мәдени құндылықтардың заңсыз айналымына қарсы күресте, сондай-ақ әсіресе үшінші бір елден астыртын көші-қонға қарсы әрекетте құзырлы органдардың ынтымақтастықтығын нығайтуға жәрдемдесетін болады.
                                  10-бап




      Тараптар шекаралық аймақтарда тұратын отандастарына олардың арасында білім, мәдениет, ғылым, медициналық қызмет, әлеуметтік қорғауды қоса алғанда, гуманитарлық байланыстың сақталуы мен кеңеюіне қолдау көрсететін болады, сондай-ақ оларды мерзімдік басылымдармен, жергілікті радио және телевизия хабарларының циклімен қамтамасыз етеді.
                                  11-бап




      Тараптар Бағдарламаның орындалуы жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің 
арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның шекара 
маңындағы ынтымақтастық жөніндегі Шағын комиссияға жүктейді.
     Бағдарламаның орындалу барысы Шағын комиссияның отырыстарында оның 
регламентіне сәйкес қаралатын болады.
     
                                  12-бап
     
     Осы ережелерді түсіндіру және қолдану жөнінде дау туындаған жағдайда 
Тараптар оны келіссөздер және консультациялар жолымен шешетін болады.
     
                                  13-бап
     


      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге жеке хаттамамен ресімделетін және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып саналатын өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
                                  14-бап




      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекеттік ішкі рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабар алынғаннан кейін күшіне енеді және 2007 жылғы 31 қыркүйекке дейін күшінде болады.
      Әр Тарап екінші Тарапты жазбаша хабардар ету жолымен осы Келісімнің

күшін тоқтата алады. Мұндай жағдайда осындай хабарламаны алған күннен 
бастап алты айдан кейін ол өзінің күшін тоқтатады.
     Осы Келісімнің қолданылуын тоқтау Бағдарламаға сәйкес жасалып, 
қолданылып жүрген жобаларды жүзеге асыруға кедергі болмайды.
     Астана қаласында 1999 жылғы 24 қыркүйекте әрқайсысы қазақ және орыс 
тілдерінде екі данада жасалды және де екі мәтіннің күші бірдей.
     
     Қазақстан Республикасының                  Ресей Федерациясының
           Үкіметі үшін                             Үкіметі үшін
     
                 Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 
                  1999-2007 жылдарға арналған шекара маңындағы             
                                 ынтымақтастығының 
                                   Бағдарламасы
     
              1. Бағдарламаның мақсаты мен маңызды бағыттары
     


      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 1999-2007 жылдарға арналған шекара маңындағы ынтымақтастығының бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы министрліктерінің, ведомстволарының және шектес аймақтарының ұсыныстарын ескере отырып әзірленді.
      Бағдарлама 1998 жылғы 21 желтоқсандағы (Астана қаласы) шекара маңындағы облыстардың ынтымақтастығы туралы мәселелер бойынша және Ресей Федерациясы аймақтары басшыларының Қазақстан және Ресей Үкіметтерінің делегацияларының кездесуінің Хаттамасына сәйкес дайындалды.
      Бағдарламаның іске асырылуы өндірістің тұрақтануын дамытуға, әрбір аймақтың экономикасының нығаюына жағдай жасау үшін және осының негізінде екі ел тұрғындарының тұрмыс деңгейін көтеруге мүмкіндік туғызуы тиіс.
      Бағдарламада Қазақстан мен Ресей экономикасының түрлі салаларында бірлескен кәсіпорындар құру белгіленеді және екі мемлекеттің аймақтарында электр берудің жаңа желілерінің, мұнай газ құбырларының, автокөлік магистральдарының құрылысы көзделген.
      Бағдарлама шешімдерін көздейтін бірлескен міндеттердің қатарына, сондай-ақ мыналар жатады:
      шекара маңындағы аймақтардың экономикасын құрылымдық қайта құруға қатысты тұжырымдамалық көзқарастарды жақындастыру;
      құрылым құрушы өндірістерді дамыту және оларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету, тікелей өндірістік байланыстардағы үлес қатысудың жолдары мен нысандарын айқындау;
      ақша-кредит саясаты, инвестициялар, қор рыногы, тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері жөніндегі нормативтік-құқық базасын үйлестіру және бір ізге салу;
      шекара маңындағы аймақтарда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекеттік өкімет және жергілікті өзін өзі басқару органдарымен жүргізілетін саяси-экономикалық саясатты жақындастыру;
      бірлескен аймақаралық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру.

                    ІІ. Қазақстан-ресей шекара маңындағы
                           ынтымақтастығының жағдайы

      Бағдарламаны іске асыруға:
      Қазақстан тарапынан - Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
      Ресей тарапынан - Алтай Республикасы, Алтай өлкесі, Астрахань, Волгоград, Қорған, Новосибирск, Орынбор, Омбы, Самар, Саратов, Түмен, Челябинск облыстары қатысады.
      Географиялық жақындық, сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстар, технологиялық өзара байланыстағы және қалыптасқан инфрақұрылымымен өндіріс кәсіпорынның болуы шекара маңындағы аймақтардың ынтымақтастықтығын олардың халқы үшін өмірлік маңызды етеді.
      Сонымен бірге, соңғы жылдары шекаралас аймақтарда тауарлардың экспорты мен импорты, қызмет көрсетулер ұлғаймай отыр, өнімді берудің номеклатурасы мен мөлшері қысқаруда, бірлескен өндірістер ақырын дамуда, шаруашылық субъектілерінің жасасқан шарттары мен өзара келісімдері бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалмауына жол берілуде, қазақстан мен ресей тауарлары екі елдің рыноктарынан үшінші елмен ығыстырылуда, өзара есеп айырысу жүйесі жетілдірілмеген. Делдалдар санының көп болуы сауда-экономикалық қатынастардың дамуына кедергі болуда.

                   ІІІ. Экономикалық ынтымақтастықты дамыту

      Бағдарламамен сыртқы сауда қатынастарын жетілдіру, интеграциялық процестерді тереңдету және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекара маңындағы аймақтарының ынтымақтастығының келісілген тетігін жасау мақсатында шаруашылық субъектілерінің ынтымақтастығы үшін жағдай тудыру жөнінде нақты шаралар қабылдау көзделеді, ең алдымен, шекара маңындағы ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттарын қолдаудың мемлекеттік және аймақтық жүйесін қалыптастыру, еңбек және интеллектуалдық әлеуетті сақтау және дамыту, бар инфрақұрылымдарды нәтижелі және өзара тиімді пайдалану, бірыңғай ақпарат кеңістігін кеңейту және жетілдіру жолдарымен.
      Келісілген құрылымдық саясатты іс жүзінде жүзеге асыру үшін отын-энергетикалық және агроөнеркәсіп кешені, машина жасау, металлургия, транспорт салаларында салааралық ынтымақтастықты бұдан әрі дамыту көзделеді.
      Денсаулық сақтау, дәрілік шөптер және медициналық техника өндіру салаларында, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту, өзара тиімді ынтымақтастық бойынша күш біріктіру белгіленеді.
      Ғылыми әлеуетті және ең жаңа техниканы тиімді пайдалану, сақтау мақсатында ғылыми жобалау, оқыту институттарының әрекетін үйлестіру және мамандармен, ғалымдармен, аспиранттармен және студенттермен алмасу жүзеге асырылатын болады.
      Азаматтарды еңбекпен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек жағдайын жақсарту, жоғары сыныпты мамандар дайындау, статистикалық ақпаратпен алмасу салаларында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі шаралар әзірленді.
      Шекара және кеден органдарының қызметінің тиімділігін арттыру үшін қазақстан-ресей шекарасындағы бақылауды жетілдіру, кедендік құжаттарға бірыңғай талаптарды қалыптастыру, келісілген нормативтік базамен бекітілген шекара арқылы өткізу пункттерін анықтауды жетілдіру жөніндегі үкіметаралық келісімдерге қол қою көзделіп отыр.
      Қазақстан мен Ресей тиісті ведомстволарымен қылмысты ашуға, терроризм актілерінің алдын алуға, қару-жарақ пен есірткінің заңсыз айналымының алдын орауға бағытталған шекара маңындағы құқық сақтау органдарымен өзара әрекеті бойынша шаралар жүзеге асырылатын болады.
      Өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді өзара пайдалы берулер және коммуналдық шаруашылық үшін коммуналдық машина жасау, газбен, сумен, басқа өмірлік мәні бар жүйелермен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекара маңындағы аймақтарында тауарлар және қызмет көрсетулер рыногындағы сұраныс пен ұсыныстарды зерделеу бойынша бірлескен ақпарат жүйесін ұйымдастыру ұйғарылуда.
      Қазақстан мен Ресей шекара маңындағы аймақтарда тұратын халықтың тарихи қалыптасқан шаруашылық байланыстарын, ұлттық салт-дәстүрлерін, рухани құндылықтарын сақтау, қызметтің басқа салаларындағы өзара іс-қимыл жөніндегі шаралар белгіленді.

                   IV. Бағдарламаны жүзеге асыруды басқару

      Бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия Бағдарламаға Іс-шараларды қарайды және бекітеді.
      Осы Бағдарламаны іске асыруды үйлестіруді Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның Шекара маңындағы ынтымақтастық жөніндегі шағын комиссиясы (бұдан әрі - шағын комиссия) жүзеге асыратын болады.
      Шағын комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы министрліктерінің, ведомстволарының шекара маңындағы аймақтарының мемлекеттік биліктің атқарушы органдарының өкілдері кіреді. Шағын комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда бір реттен кем емес, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында кезекпен оның регламентіне сәйкес өткізіледі.
      Шағын комиссия қажет кезде, жұмысты оның жетекшілігімен жүзеге асыратын, жұмыс топтарын құрастыра алады.
      Бағдарламаны жүзеге асыруды басқару мына жолдармен жүзеге асырылатын болады:
      Шағын комиссияның мемлекеттік және аймақтық деңгейлеріндегі ұлттық бөліктердің шектерінде Бағдарламаның орындалуын үйлестіру;
      Шағын комиссияның ағымдағы жылға жұмыс жоспарына сәйкес отырыстың күн тәртібін қалыптастыру және кезекті отырыс басталардан бір ай бұрын қазақстан мен ресей бөліктерінің төрағаларына келісуге беретін ұсыныстары негізінде;

     осы Бағдарламаны орындауды жүзеге асыру мен үйлестіруге байланысты 
мәселелер бойынша үкіметаралық келісімнің жобаларын ұйымдастыру;
     Ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-ресей үкіметаралық комиссиясының 
отырысына шекара маңындағы ынтымақтастықтың жағдайы туралы оны жетілдіру 
жөніндегі қажетті ұсыныстар Шағын комиссияның жыл сайынғы баяндаманы беруі;
     Шағын комиссияның регламентімен белгіленетін өзге де функцияларды 
жүзеге асыру.
     
     
     
     Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.      
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады