"Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкiнің арасындағы Қарыз туралы келiсiмдi (Жай операциялар) (Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәрiз салалық жобасы) бекiту туралы" (бұдан әрi - Қарыз туралы келiсiм) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 желтоқсандағы Заңын және "Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәрiздеу" салалық жобасын қаржыландыру үшiн Азия Даму Банкiнiң қарызын тарту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 54 қаулысын (бұдан әрi - жоба) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жобаны республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру қаражатын санаттар бойынша бөлу бекiтілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес құрамда жобаны үйлестiру жөнiндегi комиссия құрылсын.
3. Қарыз туралы келiсiмнiң күшiне ену шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi:
1) заңнамада белгiленген тәртіппен жобаны басқару бойынша қолдау көрсету үшiн консультанттарды тартсын;
2) жобаны басқару жөнiндегі орталық топ құрсын және үш облыстық жобаны басқару топтарын құруға ықпал етсiн.
4. Жобаны үйлестiру жөнiндегi комиссия жобаға қатыстырылған орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ ведомстволар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiредi, жобаны iске асыру үшiн мониторингтi жүзеге асырады және оны Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 10 шілдедегi N 1149 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 маусымдағы N 889 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасымен, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93 қаулысымен бекiтілген 2002 - 2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасымен үйлестірудi қамтамасыз етедi деп белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы министрлiктерi жобалау-сметалық құжаттама орындалғаннан кейiн жобаны iске асыруға енгiзілген ауылдық елдi мекендердiң тiзбесi туралы нормативтiк құқықтық кесiмдi бекiтсiн.
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінің Су ресурстары комитетi қарыз қаражатына алынған тауарлар мен қызметтердi есепке алуды жүргiзсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне:
1) ай сайынғы қаржылық есеп берудi;
2) жобаның iске асырылу барысы туралы тоқсан сайынғы есеп берудi ұсынсын.
7. Ақмола, Солтүстiк Қазақстан және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерiне жобаны iске асыру мақсатында:
1) жобалау жұмыстарының орындалуын;
2) құрылыс сапасын қадағалаудың жүзеге асырылуын;
3) жаңадан салынған және қайта жаңартылған сумен жабдықтау жүйелерiнiң тиiстi пайдаланылуын әрi оларға қызмет көрсетілуiн қамтамасыз ету ұсынылады.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 28 маусымдағы
N 641 қаулысымен
бекiтiлген
"Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәрiз"
салалық жобасын республикалық бюджеттен бiрлесiп
қаржыландыру қаражатын санаттар бойынша бөлу
(АҚШ доллары)
Р/с |
Санат |
АДБ |
Қазақстан |
Барлығы |
|
рес- |
облыстық |
||||
1 |
Құрылыс жұмыстары |
34600000 |
469000 |
35069000 |
|
2 |
Консультациялық |
1835000 |
1835000 |
||
3 |
Институционалдық дамыту бағдарламасы |
600000 |
600000 |
||
4 |
Санитарлық- |
400000 |
400000 |
||
5 |
Алдын-ала жарна, мiндетте- |
2900000 |
2900000 |
||
6 |
Баждар және салықтар |
8231000 |
8231000 |
||
7 |
Егжей-тегжейлi жобалау және |
4050000 |
4050000 |
||
ЖИЫНТЫҒЫ: |
34600000 |
14435000 |
4050000 |
53085000 |
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 28 маусымдағы
N 641 қаулысына
қосымша
"Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәрiз"
салалық жобасын үйлестіру жөнiндегi комиссияның
құрамы
Үмбетов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Серiк Әбiкенұлы шаруашылығы министрi, төраға
Рябцев - Қазақстан Республикасы Ауыл
Анатолий Дмитриевич шаруашылығы министрлiгiнің Су
ресурстары комитетiнiң төрағасы,
төрағаның орынбасары
Атшабаров - Қазақстан Республикасы Ауыл
Нұрлан Бақытжанұлы шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары
комитеті төрағасының орынбасары, хатшы
Өтеғұлов - Қазақстан Республикасы Экономика және
Мәулен Амангелдiұлы бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
Мемлекеттiк қарыз алуды және кредит
берудi жоспарлау департаментiнiң
директоры
Байнақов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Рахмет Ғазизұлы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу
және халықаралық қаржы қатынастары
департаментiнiң директоры
Сайдуақасов - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Мұрат Әшметұлы минералдық ресурстар министрлiгінің
Геология және жер қойнауын пайдалану
комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары
Нефедов - Қазақстан Республикасы Табиғи
Алексей Петрович монополияларды реттеу агенттiгi
төрағасының орынбасары
Аппарбеков - Қазақстан Республикасы Төтенше
Серiк Сейiтұлы жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше
жағдайлар саласындағы мемлекеттiк
бақылау және қадағалау комитетi
төрағасының орынбасары
Асқаров - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Альберт Мұхтарұлы министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау комитетi
төрағасының орынбасары
Брагин - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Александр Геннадьевич қорғау министрлiгi Нормативтiк құқықтық
қамтамасыз ету және халықаралық
ынтымақтастық департаментiнiң директоры
Отаров - Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары
Қадырхан Махмұтұлы
Таласпеков - Қарағанды облысы әкiмiнiң орынбасары
Жомарт Секенұлы
Развин - Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң
Сергей Владимирович орынбасары
Төлебаев - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң
Кенжехан Атақұлұлы орынбасары