"Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәрiздеу" салалық жобасын қаржыландыру үшiн Азия Даму Банкiнiң қарызын тарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 54 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Заңнамада белгіленген тәртiппен "Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәрiздеу" салалық жобасын қаржыландыру үшiн 34600000  (отыз төрт миллион алты жүз мың) АҚШ долларынан аспайтын сомаға Қарыз туралы келiсiмдi жасасу нысанында Азия Даму Банкiнiң (бұдан әрi - Кредит берушi) қарызын тарту жолымен үкiметтiк қарыз алу жүзеге асырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Ерболат Асқарбекұлы Досаевқа Қазақстан Республикасының атынан "Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәрiз салу" жобасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берілсiн.

      3. Жобаны республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру қосылған құн салығын төлеудi қоса алғанда, 14435000 (он төрт миллион төрт жүз отыз бес мың) АҚШ долларынан аспайды деп белгiленсiн.

      4. Ақмола, Солтүстiк Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әр облыстық бюджетiнен жобаны бiрлесiп қаржыландыру 1350000 (бiр миллион үш жүз елу мың) АҚШ долларынан аспайтыны назарға алынсын.

      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражат есебiнен тартылатын қарызға қызмет көрсетудi және оны өтеудi қамтамасыз етсiн.

      6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi тартылатын қарыз қаражатының мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етсін.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады