Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының құрамын өзгерту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі N 683 Қаулысы

      Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары торабын ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Автомобиль жолының Қарағанды қаласы арқылы өтетін жалпы ұзындығы 33 километр учаскесі М-36 "РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы" республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамынан Қарағанды облысының коммуналдық меншігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қарағанды облысының әкімімен бірлесіп, автомобиль жолының жоғарыда көрсетілген учаскесін қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 655 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады